2. Қабілетті анықтауға арналған әдістемелер Г.Вицлаг. «Мектептегі оқуға қабілетін зерттеу» әдістемесі.
Мақсаты: Баланың ақыл-ой даму деңгейін және оның оқуға
дайындығын анықтау. (5,5-7жастағы балаларға арналған).
Әдістеме 15 субтестен құрылған.
1.Суреттер бойынша әңгімелеу.
2.Түсті айыру.
3.Өлең жаттату.
4.Заттардың атауларын білу.
5.Санау үрдісі.
6.Сандар реті
7. Мөлшерлерді анықтау.
8. Топтастыру.
9. Фигураларды орналастыру.
10. Суретті салыстыру.
11. Көлемді дифференциялау.
12. Ес (өлеңді қайта жаңғырту)
13. Ұқсастық.
14. Суретті көшіріп салу.
15. Суретті әңгімелеу.
1. Суреттер бойынша әңгімелеу /сурет /
2. 12 түрлі-түсті карточкалар: қара, қызыл, көк, жасыл, сары, күлгін, ақ, сұр, қоңыр, көгілдір ж.т.б.
сурет: алма, сәбіз, раушан гүлі, алмұрт, қызғалдақ, капуста, күнбағыс, шие, қалампыр (гвоздика).
4. 3 кәрзеңке (қағаздан жасауға болады).
5. Карточкаға салынған фигуралар: үшбұрыш, шеңбер,
төртбұрыш. Тоғыз геометриялық фигура: шеңбер, төртбұрыш,
үшбұрыш ж.т.б.
6. Төрт жұп салыстыратын суреттер.
7. Аяқталмаған фигуралар бар сурет.
8. Қарама-қарсы сөздер.
9. Ортаншы топқа төртбұрыш, үшбұрыш екі ирек, ал жоғарғы топқа- үшбұрыш, екі ирек /аяқталмаған жазуға ұқсайды /.
Әңгімелеуге ұсынатын сурет.
Кіріспе тапсырма: “Мұнара құрау” сурет пайдаланылады.
Бастапқы жағдай: Тапсырма үш сериядан тұрады. «Мұнара құрау» (1-3 сурет).
Суреттер бойынша ересектер әңігімені өзі құрап айтып береді. (Баламен дұрыс қатынас орнату үшін оның алғашқы тапсырмасы бағаланбайды).
Нұсқау: «Мына суреттерге жақсылап қарашы, олар бізге болған бір оқиға жайлы айтады». Кішкентай қыз кубиктардан мұнара құрап отыр, ол өте көңілді, өйткені мұнара өте әдемі болып құралып келеді. (1 сурет). Бір кезде ерке бала келіп қасақана аяғымен қаланған мұнараны әдейі бұзып кетеді. (2 сурет). Ал кішкентай қыз не істерін білмей, мұнараның бұзылып қалғанына қатты өкініп жылайды. (3 сурет). Осыдан кейін бүкіл суретті шетке алып қойып . ”Енді маған жаңа тыңдаған әңгімені суретке қарамай, қайталап айтып берші”. Баланың әңгімесін тыңдай отырып, “сен дұрыс айтасың, бір бала келіп мұнараны бұзғаны үшін кішкентай қыз жылап қалды” деп сюжеттің мәнін қалыптастыру керек.
1. Сурет бойынша әңгімелесу. 4-6 сурет пайдаланылады.
Бастапқы жағдай: Баланың алдына қатарымен суреттерді жайып қояды.
“Енді мына суреттерге қара да, қандай оқиға көрсетілгенін маған айтып берші”. (Баланың әңгімесінен кейін барлық суреттерді шетке алып қою керек). Тағы да жаңағы суреттегі баланың не істегенін қысқаша айтып берші.
Бағалау:
7 ұпай - Бала барлық үш сурет бойынша құрап айтқан әңгімесі өте дұрыс, бір-бірімен тығыз байланысты. Оқиғаның мазмұның дұрыс айта алуы негізгі түйінді құрайды.
5 ұпай - Суреттер арасындағы мағыналық байланысын жақсы көрсеткен. Мәнді және тұрлаусыз мүшелерінің өзара байланысы
суреттелген. Оқиға туралы тұрлаусыз мүшелерді қоса алды.
3 ұпай- тек 2-сурет арасындағы ғана мағыналық байланысты дұрыс айта алғанда қойылады. Негізгі түйіні тұрлаусыз
мүшелерді (белгілер) қоса алуына назар аударылады.
2 ұпай- бала суреттердің арасындағы байланысты мағыналығын таба алмаған кезде қойылады. Әңгімені құрастыра алмағанда.
2. «Түсті айыру».
Бастапқы жағдай: Баланың алдына 12 түсті карточкаларды тізіп қояды: қара, қызыл, көк, жасыл, сары, күлгін, ақ, сұр, қоңыр,
көгілдір т.б. Осы түстерді атап берші.
Бағалау: Әрбір тура аталған түске 1 ұпай беріледі.
3. Өлең жаттау.
Нұсқау: 3 бөлімнен тұрады.
Бастапқы жағдай: ”Қазір біз бір жақсы өлең жаттаймыз. Оны
сен есіңде жақсылап сақтауың керек /оны сені үйіңде атаңа,
әжеңе ... айтып бересің /.
Ал енді тыңда:
Ғалым болам – десеңіз,
Білімді жина басынан.
Ғарышқа ұшам – десеңіз,
Шынықтыр дене жасыңнан.
1. Қазір мен өлеңнің бірінші екі жолын оқимын, одан сен оны
қайталайсын:
Ғалым болам – десеңіз,
Білімді жина басынан.
Егер бала қайталауда қате жіберсе “Сен өлеңді жақсы оқыдың, бірақ қателерің бар” деп сөздерді оқып, қателерін түзету керек. Балаға өлеңнің екі жолын қайта қайталау керек. Егер бала қайталағанда қате жіберетін болса, онда 3 рет қайталату керек.
2. Жоғарыдағы өлеңнің екінші екі жолы жатталады:
Ғарышқа ұшам – десеңіз,
Шынықтыр дене жасыңнан.
3. Өлеңнің екі бөлімі жаталған кейін “Өте жақсы, енді өлеңді толығымен қайталайық, мен оқимын сен тыңда, содан кейін толық айтып берерсің ” деп, өлеңнің екі бөлімі де оқылады. Егер бала қайталау кезінде қателессе, өлең бірінші бөлімдегідей
жатталады. Қайта жаттау кезінде жауаптар бланкісіне қате саны және көмек сұраған саны тіркеледі.
Бағалау:
8 ұпай - өлең дұрыс айтылған.
5 ұпай – кей сөздердің орны ауыстырылған, жоқ сөздерді пайдаланған.
3 ұпай - өлеңнің мазмұнын өз сөзімен жеткізген
2 ұпай – жеке мағыналы байланыстар сақталған, бірақ бүтіндей мағыналық байланыс толық сақталмаған кезде.
0 ұпай – мәнсіз сөздің жиынтығы немесе толық бас тару.
4. «Заттардың атауларын білу».
Баланың алдына 9 суретті қояды: алма, сәбіз, раушангүл, алмұрт, қызғалдақ, капуста, күнбағыс, шие, қалампыр. Содан кейін әрбір затты сұраймыз. Жауап барысы, мысалы, «мынау гүл», яғни қандай гүл деп натылау қажет. Егер бала қателесе онда оның қатесін түзеу керек.
Бағалау: әр бір дұрыс айтылған зат атауларына бір ұпай беріледі.
5. »Санау үрдісі».
4-ші тапсырмадағы суреттерді пайдаланамыз. Содан кейін баладан сұрау керек, мына жерде неше зат бар? . Егер бала қате
жауап берсе, онда оның есіне түсуіне көмек көрсету қажет
«Саған оны санауына болады». (Егер қажет болса, онда тағыда санауына рұқсат ету керек).
Бағалау:
5 ұпай- көзбен жүгіртіп санау.
4 ұпай- үнсіз санау /ерін қозғалысы/.
3 ұпай – сыбырлап, басын қозғалтып санау.
2 ұпай – қолымен көрсетіп санау, /тигізбей/.
1 ұпай- саусағымен тигізіп немесе заттардың орнын ауыстырып санау.
0 ұпай – толық бас тарту.
6.»Сандар реті».
5 тапсырманы орындағаннан кейін сандар ретіне көшеміз. «1 ден бастап әрі қарай сана». / егер қиын болса зерттеуші көмек
көрсетеді: «1,2,3,...»/. содан кейін балаға басынан бастап санату қажет . 22-ден кейін санау қажет емес. Бала неше санға дейін санай алды, сол сан бағаланады.
7. «Заттарды жіктеу.»
Төртінші тапсырмадағы суреттерді пайдаланамыз. Бала алдына үш кәрзеңе бейнеленген қағаз беттерін қоямыз.
Нұсқау: « Міне үш кәрзеңке. Мынау – ( көрсетеді) көкіністерге, мынау – жемістерге , мынау – гүлдерге арналған. Ал енді осыған
барлық көкөністерді, жемістерді, гүлдерді жинауын қажет. ( сәйкес кәрзеңкелерге).
Бағалау: әр бір дұрыс жіктелген заттарға бір ұпай беріледі.
8. «Мөлшерді анықтау.»
Екі бөлімнен тұрады:
1.Төртінші тапсырмадағы соңғы материалы алынады. Гүл салынған кәрзеңкенің бетін қағазбен жауып және сұраймыз «ал
енді сен айтшы, мына жерде неше зат бар?». Егер дұрыс жауап болмаса, балаға көмектесу керек.
1-ші көмек: көкөністерді және жемістерді кәрзеңкеден алып көкөністерді ңжәне жемістердің арасын алшақтатып, бір қатарға
тізіп қойамыз да, баладан: «мына жерде неше зат бар?»- деп сұрау керек.
2-ші көмек: жемістерді және көкөністерді бір –бірімен жақындатып баладан сұрау керек: «мына жерде неше зат бар ?».
Егер бала қиналса , заттарды санату қажет болады.
2.Осылай, жоғарыдағыдай үшінші кәрзеңкедегі заттар қатынасының саны саналады.
Бағалау: әр тапсырма бойнша өздігінен берген тура жауаптарға үш үпай беріледі. яғни максималды көрсеткіштің 6 ұпайды
құрайды.Әр көрсетілген көмек болатын болса, онда оны бір ұпайдан кемітіп отырамыз. Егер көмек көп көрсетілсе, ұпай саны
одан – сайын азайып отырады. Тапсырмадан бас тартса, жауап бермесе онда, 0 ұпай беріледі.
9. Фигураларды орналастыру.
Ұшбырыш, шеңбер, төртбұрыш фигуралар салынған үш карточкалар, тоғыз геометриялық фигуралар салынған шеңбер, төртбұрыш, ұшбұрыш және т.б. беріледі.
1. Баладан сұраймыз: «Мына жерде не салынған?». Мәселен, егер бала «төртбұрыштың» орнына «тіктөртбұрыш» деп айтуы
мүмкін. Егер бала фигураның атын білмесе, онда оны атаудың қажеті жоқ. Әр дұрыс аталған фигураға бір ұпай беріледі.
2. Содан кейін баладан сұраймыз : неге «үшбұрыш- ұшбұрыш, төртбұрыш- төртбұрыш, шеңбер –шеңбер – деп атаймыз?».
Дұрыс жауабы: ұшбұрыштың үш бұрышы бар; төртбұрыштың төрт бұрышы бар; шеңбер бұрышсыз. Әрбір дұрыс берген
сипаттамаларына бір ұпайдан беріледі.
3.Баланың алдына тоғыз фигураны тізіп қоямыз және одан үш шеңбер салынған суреттерді беруін сұраймыз. (Квадрат,үшбұрыш).
Нұсқау: «Мына жерде үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер бар. Ал енді осыған барлық фигураларды жинауын қажет. Мәселен: барлық тіктөртбұрыштарды т.с.с.
Бағалау: Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі.
14. «Суретті көшіріп салу».
11-12 суреттер.
Көшіріп салуға естияр тобына-төртбұрыш, үшбұрыш, ал ересектер тобына- үшбұрыш және крест және екі ирек яғни, аяқталмаған жазуға ұқсайтын суреттер ұсынылады.
Нұсқау: “Мына жерде екі фигура /көрсетіп/, екі ирек салынған /көрсетіп/ осыны тура сол сияқты салуға тырысып көр”.
Бағалау: Әрбір суретке жеке-жеке баға қойылады. Үлгінің биіктігі немесе кеңістегі орналасуы өзгерсе онда, оны есепке алынбайды.
6 ұпай-егер сурет ұқсаса.
3 ұпай- егер сурет жалпы үлгіге ұқсас келсе, форманың жетіспаейтін жерлері болса.
2 ұпай- егер сурет жартылай ұқса, басты формалар дұрыс салынбаған, негізгі бөлшектің кейбір бөлшектері өзгерсе.
0 ұпай- егер сурет үлгіге мүлдем ұқсамаса.
15. «Суретті әңгімелеу». 13 сурет пайдаланылады.
Бала суретті қарап отыр. Балаға көрсете отырып сұраймыз: “ ал енді, суретте не салынғанын және ондағы балалар не істеп жатқаны жайлы айтып берші
Бағалау:
А. Сөйлеуі
2 ұпай- өте бір қалыпты сөйлеу.
1 ұпай-едәуір бірқалыпты сөйлеу, үзілмелі.
0 ұпай-өте үзілмелі сөйлеу.
Б. Сөйлемді құрау.
8 ұпай-өте жақсы құрастырылған сөйлем, күрделі сөйлемдер, әртүрлі шылаулар пайдаланылады.
6 ұпай- жай сөйлемдер, бір ғана шылау қолданылған
4 ұпай- тек жай сөйлемдер.
1 ұпай-толық құралмаған сөйлемдер.
0 ұпай- сөйлемнің құрылымы толығымен бұзылған.
В. Артикуляция.
2 ұпай- дыбыстың өте анық айтылуы.
1ұпай- дыбыстың анық еместігі.
1 ұпай беріледі-егер бала суреттегі кейіпкерлердің ойын, оқиғаның не себепті болғанын, соңында не боларын әңгімелеп берсе.
Тапсырманың ең жоғарғы ұпайы-13.
Жалпы ұпайларды қорытындылау.
Барлық суптестердің ұпай сандары шығарылады. (Лидерс кестесі бойынша) Жалпы ұпай көрсеткіші нормативтер сызбасы арқылы пайызға ауыстырылады. Алынған нәтижелер баланың ақыл-ойының дамуын, мектепке интелектуалды дайындығын көрсетеді. Баланың ақыл-ойының дамуының орташа мөлшері, Лидерс мәліметтері бойынша 60 проценттен жоғары. Тест баланың ақыл –ой дамуының өзекті деңгейлерін үш областа диагностикалауға мүмкіндік береді: «оқытушылық», « ойлаудың даму деңгейін», «тілдік қорының даму деңгейін».