13-апта бойынша орындалатын тапсырмалар
Мінез ұғымы, анықтамасы.
Мінез – әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мiнез өмiр барысында түзелетiн, қалыптасатын психикалық қасиет болып табылады. Бұл мiнез бала туылғаннан кейiн қалыптасатынын бiлдiредi. Адам мiнезiнiң қайнар көзiн және оның ең алғашқы белгiлерiнiң көрiнуiн өмiрдiң алғашқы кездерiнен iздеу керек.
Жалпы жеке адамның мiнезiнiң қалыптасуына, дамуына оның қоршаған ортамен,әсiресе адамдармен қарым-қатынасы өте үлкен әсер етедi және оның ролi өте маңызды. Әсiресе, кiшкентай бала мiнезiнiң дамуында өз туған-туыстары, жақындары, оларға ұқсауға тырысулары мен елiктеулерi байқалады. Олар елiктеу арқылы үлкендердiң мiнез-құлқын үйренедi. Яғни бала мiнезiнiң қалыптасуы мен дамуына қоршаған адамдармен көп және белсендi қарым-қатынас жасау да ықпал етедi. Үлкен адамдар балалар сенiмiне кiрiп, оған сөзбен, iс-әрекетпен әсер ете алса,бала мiнез-құлқының белгiлi бiр түрiнiң қалыптасуы мүмкiн.Үлкендердiң бiр бiрiмен қарым-қатынасы, қарым-қатынас жасау ерекшелiктерi бала мiнез-құлқының қалыптасуына әсер етедi. Сонымен адам мiнезi еңбекке, жұмысқа, басқа адамдарға деген қатынаста,өз iсiне деген қатынасында пайда болады. Мiнез қалыптасуында сензитивтi кезең екi-үш жастан тоғыз-он жасқа дейiнгi кезең болып табылады, себебi осы кезде бала өз құрбы-құрдастарымен, үлкендермен белсендi қатынасқа түседi. Осы кезеңде балаға әсер етуге болады, олар оны жақсы қабылдайды, елiктейдi. Осы уақытта үлкен адамдар баланың сенiмiне кiре отырып, мiнез-құлықтың керектi формаларының қалыптасуына сөзбен, әрекеттерiмен әсер ете алу мүмкiншiлiгi жоғары.
Мінезді диагностикалауға арналған әдістемелер.
Мінезді диагностикалауға арналған әдістеме ретінде мектеп жағдайында жоғары сынып оқушылары болсын төменгі бастауыш сынып оқушылары болсын, қарапайым сабақ жағдайында оқушыны бақылау болып табылады. Оқушының белгілі бір сұрақтарға қалай жауап беріп, қандай мінез көрсетіп, жағдаяттық тапсырмаларға қалай атсалысатынын анықтау керек. Біз де педагог ретінде оқушылардың жасырынған мінездерін анықтап, олардың қабілеттеріне байлансты, потенциалдарын ашуымыз керек.
Мінездің типологиясы, олардың сипаттамасы.
Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет – мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.
Мінездің тұрақтылығының, ауытқымалығы мен беімделгіштігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп, мінезінің күшін аңғартады.
Мінез бен темпераменттің өзара байланысы олардың физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс-әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. Мысалы, сангвиник адам басқалармен қарым-қатынаста әңгімені бірініші болып бастайды, ал флегматик мұндайда өзі-өзі тежеп, әңгімені тыңдауға ықыласты болады. Сангвиниктер бөтен адамдармен әңгімелесіп, тез танысып кетеді де, бұрынғы таныстарын тез ұмытады. Ал флегматик адам мұңдайда өте баяу болады. Адам мінезіндегі осындай көріністер оның динамикалық ерекшелігі немесе қозғалғыштық қасиеті деп аталады. Мұндай ерекшеліктер темперамент қасиеттеріне негізделеді
Мінез акцентуациясы, оны зерттеуге арналған әдістемелер.
Мінездің акцентуациясы дегеніміз адам бойындағы бірнеше басым мінездер жиынтығы. Яғни, біз бір адамды көретін болсақ, оның белгілі бір басымдық көрсететін мінезі бірден есімізге түседі. Және адамды сипаттау кезінде де бірден сол мінез ерекшелігімен сипаттауға тырысамыз.
Мінез акцентуациясын зертетуге арналған әдістердің бірі ретінде тестті қолдансақ болады. Қазіргі таңда өте басымдыққа және танымалдылыққа ие болып жатқан тесттің бірі «Gall-up» тестін қолдансақ болады. Тестте тапсырушы бірнеше мінезге байланысты, қабілет-қарымына байланысты, жағдаяттық сұрақтарға да байланысты сұрақтарға жауап береді, және берген жауабына байланысты баллдық жүйемен қорытынды шығарылады. Қорытынды жауап оқушының мінез ерекшелігін көрсетіп қана қоймай, оның мінезінің ең басым көрсететін 5 қабілетін ерекше ашып көрсетіп, анықтама береді.
Достарыңызбен бөлісу: |