2. 3-тақырып. Зерттеу қызметі: теориялық, эксперименттік зерттеу қызметі. Дәрістің мақсаты



Дата31.12.2021
өлшемі20,9 Kb.
#21628
түріДиплом
Байланысты:
Дәріс 2.3



2.3-тақырып. Зерттеу қызметі: теориялық, эксперименттік зерттеу қызметі.

Дәрістің мақсаты: ғылыми - педагогикалық зерттеу әдіснамасы, зерттеу кезеңдерімен таныстыру.

Негізгі ұғымдар: ғылыми, зерттеу, әдіснама, шығармашылық, объектив, субъектив, қабілеттілік.

Дәріс жоспары:

5. Студенттердің ғылыми – зерттеу жұмыстары – курстық және дипломдық жұмыс.


Дәрістің қысқаша мазмұны
Курстық жұмыс – ғылыми зерттеу жұмысының элементі бар студенттің өзіндік оқу еңбегінің бір түрі. Курстық жұмысты орындау студенттердің теориялық білімін тереңдете түсуіне, ғылыми зерттеу жұмысына қызығушылықты арттыруына, түсінуіне, берілген облысындағы алғашқы дағды мен біліктерін, меншікті позициясын тудыруға септігін тигізеді. Курстық жұмыста студент талдау жасауға, ғылыми машықтық материалдар арқылы педагогикалық – психологиялық зерттеу жұмысын жүргізуге, қорытындылар мен талдаулар жасауға үйренеді.

Зерттеу іскерлік технологиясының негізі болып, ізденушілік негізгі саты бойынша зерттеу логикасы болып табылады.



  1. Тақырып таңдау – анықтаушы негізінен тақырып көкейкестігі студенттің ізденушілік жұмысына қызығушылығы негізінде уақыттағы ғылыми жұмыс тақырыбы белгіленеді. Көкейкестілігі күнделікті мәселеге сай болуы керек.

  2. Зерттудің мақсаттарын анықтайды.

  3. Міндеттерін айқындайды.

  4. Психологиялық – педагогикалық зерттеу.

Дипломдық жұым бітірушілердің болашақ мамандығына және теоиялық, практикалық міндеттерді шешуге даярлығын көрсетеді. Дипломдық жұмыстың мақсаты:

  • таңдаған мамандығы бойынша теориялық және практикалық білімдерін жүйелеу және тереңдету, оларды нақты практикалық міндеттерді шешуге қолдану;

  • өздігінен жұмыс істеу дағдысын;

  • зерттеу әдістемелерін меңгеру;

Студент дипломдық жұмысында келесі мәселелерге мән беруі керек:

  • таңдаған тақырыбы бойынша берік теориялық білімге және теориялық материалды тұрғыда баяндауға;

  • әдебиет деректерін зерттеу және жалпылау іскерлігіне, практикалық міндеттерді шешу, шешімдер мен ұсыныстар жасай білуге;

  • талдау жасау дағдысы, эксперимент жүргізе білу және қазірге есептеу техникасын меңгере білуге;

  • зерттеу әдістерін тиімді қолдана білу іскерлігіне.

Дипломдық жұмыс орындауға қойылатын жалпы талаптар:

  • мақсатқа бағыттылық;

  • құрылымының анық болуы;

  • материалды – логикалық бірізділікпен баяндау;

  • зерттеу тереңділігі және сұрақтардың жан – жақты қарастырылуы;

  • аргумент және фактілердің сенімділігі:

  • ойдың ашық және нақты жүргізілуі;

  • жұмыс нәтижесін жеткізудің нақтылығы.

Дипломдық жұмыстың тақырыптарын бітірушілерді даярлайтын кафедра әзірлейді. Дипломдық жұмыстын тақырыптары студенттердің болашақтағы мамандығына сәйкес болуы және көкейкесті, бүгінгі күн талабына сай болуы керек. Студенттердің дипломдық жұмыстың тақырыптарын еркін таңдауға құқылары бар. Көпшілік жағдайда дипломдық жұмыстардың тақырыптары курстық және басқа да ғылыми зерттеу жұмыстарының жалғасы болып табылады.

Студент тақырыпты таңдаған соң, оны жазу үшін рұқсат алуға өзін даярлап отырған кафедра меңгерушісінің атына өтініш жазады. Дипломдық жұмысының тақырыбы, ғылыми жетекшісі және кеңес берушіні бекіту кафедра сұранысы бойынша факультет деканының бұйрығымен жүзеге асырылады. Тақырыпты бекіткен соң, студент ғылыми жетекшімен бірге отырып, оны орындау жоспарын қарастырады. Оған ғылыми жетекшісі және студент өз қолдарын қояды, соңында кафедра меңгерушісі бекітеді.

Тапсырма екі данамен даярланады: біреуі студенттің қолына беріледі, ал екіншісі кафедрада сақталады.

Дипломдық жұмыс тақырып бойынша ғылыми деректерді және әдебиеттерді терең зерттеу негізінде орындалады. Арнайы әдебиеттер тақырып бойынша сұрақтарды негіздеу және нақтылау үшін қолданылады.

Эксперимент жүргізілетін мекеменің практикалық материалдарын міндетті түрде қолдану керек.


Дипломдық жұмысының құрылымдық элементіне мыналар жатады:

  1. сыртқы беті;

  2. дипломдық жұмысты орындауға тапсырма;

  3. мазмұны;

  4. кіріспе;

  5. негізгі бөлім;

  6. қорытынды;

  7. пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  8. қосымшалар;

  9. графикалық материалдар.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Ғылыми жұмыстың мақсаты қандай?

2. Курстық жұмыстың мәні?

3. Дипломдық жұмыс дегеніміз не, оның құрылымы, мақсаты?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Асанов. Ж. Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері [Текст] : оқу құралы / Ж. Асанов , Н. Әбдіхалықов. - Астана: Фолиант, 2015. - 120 б.

2. Мастобаев, Ю. А. Основы научных исследований [Текст]: учебное пособие для студ.вузов / Ю. А. Мастобаев. - Алматы: Эпиграф, 2017. - 84 с.

3. Таубаева, Ш. Педагогика әдіснамасы [Мәтін] : оқу құралы / Ш. Таубаева. - Алматы : Қарасай, 2013. - 432 б.



4. Педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістері [Текст]: оқу құралы / Ж. Асанов, Н. Әбдіхалықов. - Астана: Фолиант, 2015. - 120 б.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет