2 Қазақ халық фольклорының ҒҰрыптық лексикасының сипаттамасы наурыз, Ұлыс күніне қатысты бата-тілек сөздер



бет9/10
Дата28.04.2023
өлшемі55,11 Kb.
#87659
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 аза халы фольклорыны рыпты лексикасыны сипаттамасы нау (1)

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде, этномәдени лексиканың қайнар көзі – халықтың бай ауызша әдебиеті, оның ішінде ғұрыптық фольклор үлгілері. Оларда кездесетін көнерген сөздер, негізінен, осы халықтың тарихымен, өмір салтымен, салт-дәстүрімен байланысты. Ғұрыптық фольклор үлгілерінен алынған тілдік деректер негізінде сол заманда өмір сүрген ата-бабамыздың көне мен бүгінді жаңғыртушы, өмір тәжірибесінде өзекті орны бар этностың мәңгілік құндылықтарының бірі рухани мәдениетін және тұрмыс ерекшелігі, ежелгі кәсібі мен еңбегі, киімі мен тағамы, қару-жарағы, ер-тұрманы, әртүрлі әдет-ғұрып пен салт-дәстүрге байланысты қолданған заттары т.б. арқылы материалдық мәдени мұраларын көреміз. Сол тілдік деректерге идиоэтникалық, этнолингвистикалық, этимологиялық ізденістер жүргізу тілдің кумулятивтік қызметімен байланысты екенін көрсетеді.


Талдауға түскен тұлғалардың тілдік құрамынан басқа мағыналық жағынан қоса жүретіні, мысалы кейбір сөздерді талдауда басқа түркі елінің көне этникалық мәдениетінен де сыр беретіні анықталды. Фольклор туындыларында ескірген әдет-ғұрыптардың, наным-сенімдердің, тарихи аңыздардың, кейбір тілдік жергілікті ерекшеліктердің, әртүрлі тұрмыстық, этнографиялық, діни ұғымдарға қатысты ескірген терминдер мен атаулардың т.б. о бастағы бейнесінің көптеген қалдықтары «тұнып қалады». Көне тамырлы этнолексика – халықтың этномәдени тарихы және тілдік процестері мен тілдік шығармашылығы туралы баға жетпес ақпарат көзі. Сөйтіп зерттеу нәтижелері бойынша мынадай қорытындылар жасалды:
1. Тіл мен руханият адамның бірбірінен ажырағысыз халықтық та, ұлттық та тіні;
2. Этнолингвистикалық зерттеуде тілді тек синхрондық тұрғыдан емес, диахрондық та тұрғыдан алып зерттеу ономастика, этногенез мәселелеріне баруға кең жол ашады;
3. Тұтас қазақ тілінің идиоэтникалық семантикасын неғұрлым толық, терең танып білуде әсіресе ғұрыптық фольклор лексикасының орны айрықша;
4. Отбасылық ғұрыптар фольклорының лексикасы – әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты этнографиялық лексиканың бай дерек көзі болып табылады. Біз зерттеу барысында оның құрамында халқымыздың байырғы тұрмыстық қалпын көрсететін бай тілдік материалы бар екеніне көз жеткіздік;
5. Маусымдық ғұрыптар фольклоры да солай мағыналары көмескіленген, ел ескілігімен байланысты лексиканың көне қабатының бір дерек көзі болып табылады. Бұл әсіресе ислам діні мен шаман дініне ортақ лексиканы көбірек қамтиды;
6. Тіліміздің ғұрыптық фольклор лексикасын этнолингистикалық тұрғыдан алып зерттеу оның ең көне қабаты мифологиялық және әртүрлі діни наныммен, ежелгі дүниетанымдық ерекшелігімен байланысты сөзқолданыстар екенін көрсетті.
Сонымен, тарихи-лингвистикалық, этнолингвистикалық, этимологиялық зерттеулер нәтижесінде біз тіліміздің танымдық, этномәдени көздерінің негізгі бастау арналары – халықтың бай ауыз әдебиеті, соның ішінде ғұрыптық фольклор үлгілері екеніне көз жеткіздік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет