2 Қазақ халық фольклорының ҒҰрыптық лексикасының сипаттамасы наурыз, Ұлыс күніне қатысты бата-тілек сөздер



бет2/10
Дата28.04.2023
өлшемі55,11 Kb.
#87659
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 аза халы фольклорыны рыпты лексикасыны сипаттамасы нау (1)

    Бұл бет үшін навигация:
  • Халық
Ү-ҮІІІ ғасырлардан Ұлыс (ulus, ulys) «страна, область, народ» деген мағынада белгілі. Ұлыс ескі, байырғы деген мағынада. Әулет, ру, нәсіл (уст. Потомство, род, происхождение) [АПС:177].
Қазіргі тува, алтай тілдерінде – Ұлыс «халық» мағынасында қолданылады. Мемлекет, ел, халық, адамдар, династия – монғолша улс дегенді білдіреді. Мәселен, Монголия – Монғол улс. Ұлыс сөзі бұл тіле «ірі, ру, орда» мағынасында да пайдаланылған. Барлық көне түркі ескерткіштерінде халық деген сөдің орнына ұлыс деген сөзі жұмсалғанын байқауға болады. Атақты «Бабур-намада», Орта Азия әдеби тілінде және осы шығармалар жөнінде жазылған сөздіктердің бәрінде ұлыс сөзі «халық» мағынасында қолданылады. Халық сөзін Навоидың парсы тілінде жазылған өлеңдеріне байланысты сөздік жасаушылар ұлыс деп аударады. Яғни, бұл ежелден-ақ түркі-монғол тілдерінде «халық» мағынасында қолданылып келген көне сөз [ҚТҚЭС: 20].
ҮІ-ҮІІІ ғасырларда ежелгі түркілер тілінің терминологиясымен ұқсас элементтері бар екенін ғалым Т.Жанұзақ көрсетеді. Мәселен, ел-др.тюрк. Сонымен қатар, ғалым бұл сөздің қазақ этнонимі мен құрылымы, семантикасы жағынан монғол және түркі тілдерінне туыстас екенін айтады.
Профессор Е.Жанпейісов өз еңбегінде былай дейді: «Ұлыс сөзі Э.К.Пекарскийдің айтуынша, улуу және уус дейтін екі түбірден тұрады, улуу –большой, великий, уус – род» [20].
Әңгіменің түбіне үңілсек, көне түркілік ұлыс сөзінің «ірі ру» мағынасы бертін келе «халық» мағынасына ауысқан. Яғни, Ұлыстың ұлы күні деген тіркес, халықтың ұлы күні дегенді білдіріп тұр. Өйткені, бұл мекереге барлық адамзат ұл қыз деп бөлінбей, толық тойлап қатысатын болған. Наурыз мерекесі өте бір керемет табиғи, әрі діни, салт-дәстүрге толы мереке болғандықтан,кәрі-жасы қалмай тойлатын болған. Бұл мереке жаңару, қыстан аман-есен шығып, жаңа күнді, жаңа жылды қарсы алу деп білген. Міне сондықтан да Наурыз мерекесі «Ұлыстың ұлы күні», «Ұлы мереке» атанған.
Халық арасында осы кезге дейін қалыптасып, қолданылып жүрген Наурыз батасының үлгілері өте көп. Мысалы: Шалдар бата беріскен, «Сақтай гөр» деп терістен. «Кел таза бақ кел десіп», «Ием, тілек бер!» десіп, «Көш, Қайрақан, көш!» десіп, - деп, халық үшін ерекше саналатын бұл мерекені әдеп-ғұрыптармен, сал-дәстүрлерді жаңғырта отырып тойлаған. Осы жердегі «Қайрақан» деген сөзі жаманшылық шақыратын зұлымдықтың иесі деп білген. Бұл сөз бертін келе архаизмге айналып, тілдік қолданыстан шығып қалғанымен, тұрмыс-салт жырларынан кездестіруге болады.
«Қайрақан» атауының қазақ тіліндегі нұсқасы «қайран» одағайымен сәйкестендіруге болады. Түркі халықтарының бір бұтағы тува тілінде «өршээ, хайырахан!» деген тіркес «сақта құдай» дегенді білдіреді.Бұдан көретініміз, ежелгі түркілер табынған бір құдіреттің аты «Қайрақан» болған деп болжалдауға болады. Зерттеулерге сүйенсек, кейінірек ислам дінін қабылдағаннан кейін, дін өкілдері қайрақанды қазақтарға құбыжық қып көрсетсе керек.
В.Радлов өз еңбектерінде: «Қайрақан сөзі Сібір түркілерінде (алтайлықтарда, тувалықтарда, телеуіттерде т.б.) жаратқан иенің қастерлі аты, жебеуші періште» деген мағынаны білдіреді дейді [РСлП: 22]. Л.Будагов та осы анықтаманы береді. Атақты академик Р.Сыздық: «Сөйтіп, тау-тас сияқты табиғат күштерінің «иесінің» атауы ретінде, яғни табынатын, сыйынатын, қорқатын «тәңірлердің» аты қатарында қайрақан/қайраған сөзі ертедегі қазақтардың да, дәлірек айтсақ, қазақтарды құраған ру-тайпалардың да тілінде жұмсалған деген тұжырымға келуге болады», - дейді [21].
Тек қана аңшылықпен айналысқан алтайлықтарды алатын болсақ, олар әр таудың өз иесі, тәңірі бар деп ұғынған. Яғни олар тау иесін ренжітіп, шошытып алмау жағын қарастырған. Олардың түсінігінше тау иесі би билеген, өлең-жыр шығарған, ертегі айтқан аңшыларды сүйген, солардың әңгімелерін тыңдаған деседі. Ал аңшылар болса осындай сәтті пайдаланып, қараусыз қалған құс пен аңды атып ала берген.
«Қайрақан» сөзіне Л.Будагов өзінің сөздігінде мынадай анықтама береді: «монг. Хайрханъ – почтительное название божества горъ и т.п» [10].
М.Әуезов бұл туралы былай дейді: «... Мұнда баяғы заманда, Ұлыстың ұлы күні қалың елдің жаңа тілек тілейтіні көрінеді. Жұп шырақ жағу, кетік аяқ, кетік шөміш сындыру, көріскенде «Таза бақ, кел» деп «Көш, Қайрақан, көш» деп аластау – барлығы да сол заманның тілегі» [11].
Яғни, қазақтың исламға дейінгі пантеонында жаманшылық иесі – Қайрақан болғанын көруге болыд. Тәңірлік сенімге байланысты сөзер Наурыз ,Ұлыс күніне байланысты тілек-баталар көне түркі мифологиясында көптеп кездеседі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет