2 Қазақ халық фольклорының ҒҰрыптық лексикасының сипаттамасы наурыз, Ұлыс күніне қатысты бата-тілек сөздер


Жарапазан (жарамазан) өлеңдерінің лексикасы



бет3/10
Дата28.04.2023
өлшемі55,11 Kb.
#87659
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 аза халы фольклорыны рыпты лексикасыны сипаттамасы нау (1)

Жарапазан (жарамазан) өлеңдерінің лексикасы.
Жарапазан – маусымдық әдет-ғұрыптарға байланысты туған өлең-жырлардың бірі. Ішінде ниеттестік, мақтау, кейде әзіл, күлкі кездесетін бұл жарапазан өлеңдері халық поэзиясы дәстүрінде жасалған. «Тәңірі» сөзі бақсылық сарынында басым болса, жарапазанда «алла», «құдай», «пайғамбар» дейтін сөздер үстем болып келеді. Бұл Жарапазан айтылған соң үй егесі жарапазан айтушыларға сый-сыйапат беретін болған, ал жаңағы жарапазан айтқан адамдар үй егесіне бата бберетін болған. Жарапазанның арнай баталары да болған. Атақты ғалым Ә.Қоңыратбаев: «Жарапазанның басы мақтау, хикаялау, аяғы алғыс, бата болып келеді»,-дейді [12].
Бұл жобада ауыз ашар, үмбет, жарамазан, намаз, екінді, ораза, сәлде сынды сөздерге де тілдік талдаулар жасалады.
Жарамазан мен жарамазанның батасы мұсылмандардың ораза айтымен байланысты туған өлеңдер болып келеді. Бұл өлеңнің мазмұны негізінен ислам және шаман діндерінің бір-бірімен үйлесіп, үндесуін білдіреді. Жарамазанның батасында халық аруақ пен тәңірден өзге мұсылмндардың алласына, пайғамбары мен әулие-әнбиесіне сыйынады.
Соңғы уақытқа дейін қазақ ауылдарында жарапазан ырымы – қасиетті рамазан айында жырлау кең тараған. Ауыз ашар кезінде балалар ораза ұстағандардың үйінің босағасының жанында арнайы өлең жолдарын айтып, сауаптарына сый-сыапат көрсететін болған. Ораза кезінде айтылатын бұл өлең былай сыйпатталады: кешкісін балар мен жасөспірімдер үйге кірмей көшеде Жарапазан әндерін шырқайды. Ораза ұстағандар өнерпаздарға тәттілер, кептірілген жемістер, сүзбе, көйлек-көншек т.б. заттар береді. Бұрынғы заманның білгірлері рамазан айында кем дегенде жеті үйге жарапазан айту керектігін айтады.
Неігінде діни мереклерде үй-үйді аралау дәстүрі көптеген елдерде болған. Мысалы, Рождетство қарсаңында жастар үй-үйді аралап, славяндардың салттық әндерін шырқаған. Сондай-ақ, Хэллоуин мерекесінде балалар костюмдерін киіп, «Бұдан ба әлде ем?» деген сұрақпен тәттілер сұрады. «Айла» демекші, үй иесі балаларға мейірім бермесе, оған зиян тигіземін деп ойын түрінде қорқытатын болған. Тарихшылардың пайымдауынша, Жарапазан ертеде мұсылмандық ораза кезінде ауылдарды аралап, байлардың киіз үйлерінің алдында ән айтып қайыр сұрайтын кедейлердің әні түрінде болған. Бертін келе бұл салт мерекелік әндерге айналды.
Айтпақшы, мұсылмандардың оразасының құрметіне ән айту рәсімі Орталық Азияның көптеген халықтарында жиі болған. Ташкентте оразаның алғашқы күндерінде дервиштер, әулие ақымақтар, 8-12 жас аралығындағы ұл-балалар, көрші-қолаң, дос-жаран, ағайын-туыстарды аралап, Рамазан айы үшін өлең шумақтарын айтатын болған. Түркімендер арасында 12 жасқа дейінгі балалар Рамазан айының құрметіне ән шырқап, тәтті сыйлықтар алған. Олардың көпшілігі мұны ойын-сауық түрі ретінде қабылдады. Мұсылман елдерінің салт-дәстүр жырлары атауларының өзі үлкен ұқсастықты аңғартады. Мысалы, өзбектер – Ерамазан, түркімендер – Ярамазан, ал қазақтар – Жарапазан деп айтады.
Жарапазан жырларының басым бөлігі Алланы, Пайғамбарымызды мадақтаумен басталып, үй иелеріне жақсылық, бақыт, байлық тілеумен, батамен аяқталатынын айта кету керек. Өкінішке орай, қазіргі уақытта жарапазан әндері өте сирек орындалады және бұл ырым іс жүзінде жоғалып та бара жатқан сияқты. Ата салты әлі күнге дейін сақталып келе жатқан шалғай ауылдарда ғана Жарапазан орындалып жүр.
Жарамазанға қатысты айтылатын қазақ фольклорында бата беру сипатындағы өлең жолдары мынадай болып кледі:
«...Бағаналы таудай бол,
Шағалалы көлдей бол,
Бәйшешектей нұрлы бол,
Бәтеректей бүрлі бол.
Ай жағына қарасаң,
Алтыннан терек орнасын,
Айында келген мейманың,
Оған атын байласын.
Күн жағына қарасаң,
Күмістен терек орнасын,
Күнінде келген мейманың
Оған атын байласын», - деген өлең жолдарын сол жерде-ақ шығарып айта берген [13] .
Міне, осы өлең жолында айтылған екі терек, екі ағаштың мифтік ғалам ағашының бір нұсқасы екендігінде күмәніміз жоқ. «Ригведадан» ежелгі үнді мұрағатынан да осыған ұқсас жұмбақты кездестіруге болады. Осындай мысалдарға қарап, бұрынғы қазақтарда басында екі қақпа – екі бағандық қосақ түсінігінің болғандығы жөнінде айтуға болады. Алғашқы босаға – екі алтын бағаннан тұрса, кейінгі босаға – екі күміс бағаннан тұрған. Яғни, «жазды шығаратын» немесе қысқы қаңтардағы қақпалар, босағалар болуы тиіс. Кейі уақыт өте келе бұл ұғым ұмытылып, оларды бір-біріне қабаттасып кеткен жартысы алтын, жартысы күміс жалғыз босаға ретінде ертегілер мен аңыздарда жәй ған деталь ретінде сақтап қалған деуге болады. Дәл осы детальдарды қазақтың Сыңсу дәстүрінен кездестіруге боалды. Мсыалы:
«Алтын да менің босағам,
Аттап бір шығам деп пе едім.
Күміс те менің босағам,
Күңіреніп шығам деп пе едім» [12].
Осы екі босаға, екі терек немесе екі баған ұғымдары қазақтардың мифтік танымы бойынша күндіз бен түн, кеш пен таң, жыл мезгілдері бойынша қыс пен жаз, көктем мен күз сияқты антонимдік теңеулерді бейнелейді. Сондықтан да осы ұғымдардың идиоэтникалық семантикасын аспани-күнтізбелік түсініктермен түсіндіруге болады. Яғни, жарамазан өлеңдерінің мазмұны ислам діні мен шаман дініне ортақ лексиканы қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет