2 Қазақ халық фольклорының ҒҰрыптық лексикасының сипаттамасы наурыз, Ұлыс күніне қатысты бата-тілек сөздер


Арбау өлеңдерінің, бақсы сарындары лексикасы



бет6/10
Дата28.04.2023
өлшемі55,11 Kb.
#87659
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 аза халы фольклорыны рыпты лексикасыны сипаттамасы нау (1)

Арбау өлеңдерінің, бақсы сарындары лексикасы
Кең жазық құмды далада я таулы, тасты мекендерде алты ай жаз көшіп-қонып жүрген қазақтардың ерекше қорқып, сескенетіні – улы жәндіктер екен. Қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан дала адамының, әсіресе бесікте жатқан баланың өлімі көбіне жылан, шаян, қарақұрт, бүйі сияқты жәндіктерден болған. Міне, сондай қас күштердің: жылан мен шаянның, қарақұрт пен бүйінің шаққан уынан құтқарып, арашалап алатын адамды қазақ арбаушы дейді. Арбаушы сиқырлы сөздің күш-қуатымен інінде жатқан жылан, шаян, бәленгі, ұлу, қарақұрттың құтын қашырып, уын қайтарады. Шағылған адам мен малды жазады.
Арбау мәтінінде сөздік магия анағұрлым айқын көрінеді, себебі нәтижеге қол жеткізу (жылан, қарақұрт және т.б. шаққан кезде денеден уды шығару және науқас адамды айықтыру) көп жағдайда оқуға, байлау сөздерге, тақпақ өлеңдерге, яғни сөздің магиялық әсеріне байланысты болды [23, 62]. Сондықтан жұмыста халықтың мифологиялық-діни дүниетанымынан хабар беретін арбаушы, мары, Шаһмаран, пайғамбар, Сүлеймен пайғамбар, Дәуіт пайғамбар, осылар әспетті тағы біраз этнолексемаларға талдау жасадық.
Арбау – дүние жүзіндегі халықтардың бәрінде бар десе де болады. Арбау өлеңдерінің көлемі қысқа. Өйткені бұл алуандас өлеңдердің сөзі көбіне түсініксіз, мағынасыз, әйтеуір ұйқас үшін тұрған әртүрлі жанды-жансыз заттың атаулары. Қорыта келгенде, арбау өлеңдері арғы ата-бабаларымыздың көне замандағы емшілік көзқарасын, табиғат құбылыстарының, жасырын сырларын танып-білуге ұмтылған алғашқы қадамын көрсетеді. Фольклорды зерттеуші Б.Уахатов Мары, мары, мары жылан, Ұзын, ұзын, ұзын жылан. Ұзын шашты келте жылан Марқары, сарқары, - дегендегі мары сөзі бүкіл Шығыс елдеріне белгілі болған жылан патшасы Шах-Маран емес пе екен деген ой тастайды. Осылайша бақсының жындарын шақыруы, аруақтар рухын жылан образында бейнелеуі, жыланға байланысты тотемдік сенімнің шамандық дінмен араласып ғұрыптық фольклордан көрінуі. Яғни тотемдік нанымдар көнергенде оны бақсылар пайдаланған. С.Сефуллиннің бақсылардың осы арбау өлеңдерін ескілікті дін салтынан туған өлеңдерге қосатыны сол. Ғаламның мифтік моделіне, бейнесіне қатысы бар жыландар есімдеріне С.Қондыбай мынадай түсінік береді: Шаямардан деген патша есімі – «Шаямардан патша», ал Шахимардан деген баланың есімі – «Жылан қабықты жігіт» ертегілерінде кездеседі. Шах сөзі парсы тілінде «патша, хан» дегенді білдірсе, мар, мары, мардан сөзі «жылан» деген мағына береді, яғни Омар ата мен Шахмардан (Шахимардан, Шаямардан, Шаймерден) есімдері «жылан баба», «жылан патша» дегенді білдіреді. Қазақ ертегілеріндегі Мараата, Шахимардан, Шаямардан есімді кейіпкерлердің іс-әрекеті мен тұрпаты Жылан баба хан, Жылан Бапыхан, Жылан баб деп аталған басқа кейіпкерлерге ұқсап жатады, есімдердің әртүрлілігіне қарамастан, олардың барлығының да бір мифтік бейненің ертегілік туынды нұсқалары екендігін аңғаруға болады [22, ІІІ: 335]. «Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде»: Мар Қытай қазақтарының тілінде «жылан» дегенді білдіреді. Мысалы, Ысқырған аяз, қар болам, Ақ аждаһа, мар болам. Б.Қыдырбекұлының пікірінше, Мараата – қой малына сыпыра жылан тиюде болатын ылаң. Мара жылан атасы делінеді. Сондықтан да қазақта малға жылан тию көбейгенде Мараатаға мал сояды.
Сонымен, мары – парсы тіліндегі «жылан» деген сөз. ﻣﺎﺮ мар, мары. Жылан [ПҚТС: 245]. Дауысты дыбыстарға толы түсініксіз сөз араласқан, сондықтан да естір құлаққа әсерлі, сазды «Мары, мары, мары жылан» тіркесі қазақ тілінде «Жылан, жылан, жылан, жылан» болып қана шығар еді. Сондықтан бұл жерде халықтың түсініксіз, жұмбақ сөздерді неғұрлым көп қолданса, соғұрлым жыланның есін тез алуға болады деген сенімі жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет