2 Қазақ халық фольклорының ҒҰрыптық лексикасының сипаттамасы наурыз, Ұлыс күніне қатысты бата-тілек сөздер



бет7/10
Дата12.07.2022
өлшемі51,87 Kb.
#37617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
2 бөлім

    Бұл бет үшін навигация:
  • Бақсы
Бақсы сарындары лексикасы. Қазақтың ескілікті ұғым-нанымынан, салтынан қалған өлеңдердің бір алуаны – бақсылар сарыны. Бақсы сарындары лексикасында демондық тірі жан аттары, сакральды мәні бар бақсы, қамшы, жын, пері, қобыз, Көкаман, Ер Шойлан, Ер Домбай, Сарықыз, Теңгетай, Қарамес, Есдәулет, т.б. атаулар кездеседі.
Біздер бақсы болғалы, Алдымнан мейман кеткен жоқ, Менен бақсы өткен жоқ (Бақсылар сарыны). Көне түркілер де, одан бергі қыпшақ ата-бабаларымыз да бақсыны қам дегені белгілі. Алтай-Саян төңірегіндегі түркі тұқымдары мен сібір татарлары күні бүгінге дейін солай атайды. Қам сөзін гүндер де қолданған, олар өзінің бас бақсысын ата қам деген. Сол дәстүрді бойына сақтаған туыстарымыз тувалар ірі, күшті бақсыларын ұлуг хам дейді. «Бақсы» мағынасындағы кам сөзі ХІ ғасыр жазба деректері Ж.Баласағұнидің «Құтты білігінде» (Кутадгу билик), Махмұт Қашқаридің «Дивани луғат ат-түркінде», ХІҮ ғасырдағы қыпшақ жазбалары «Кодекс Куманикусте» де кездеседі екен.
Бақсы – емші, сәуегей, дәнекер, тылсым дүниемен сұхбатта болатын, медиум, жыршылық, музыкалық, т.б. ерекше қасиеттері бар шамандық наным өкілі. Тұңғыстарда «бақсы» ұғымын беретін саман (шаман, хаман) сөзі мен нивхлардағы чам сөзі түркілердің «қамынан» ауысса керек деген болжам да жоқ емес. Ал біздегі бақсы сөзі қайдан шыққан? Ол жөнінде кезінде Ш.Уәлиханов, Л.Будагов, В.Бартольд, В.Радлов, А.Диваев, Б.Абылқасымов, Е.Тұрсынов т.б. ғалымдар пікір білдірген. Бақсы этимологиясы туралы тағы бір пікір – бақсы түбірін кәдімгі «бағу» (күту, емдеу) сөзімен байланыстырған қазақ бақсылығы жайында қарастырған И.Чеканинский пікірі. Сәл кейін отызыншы жылдары мұндай қорытындыға Қ.Жұбанов та келсе, бергі уақыттағы зерттеушілер оны қайта дәлелдеп шықты. «Шаман» мағынасындағы бақсы сөзі іргелес отырған қырғыз, ұйғыр, өзбек жұртында да қолданылады. Түркмендердегі бахшының мағынасы бөлек (ақын-имповизатор). Олар бақсыны порхан дейді: перімен байланыстырады. Жасалу жолы өзбектегі дуохан (дуагер) сөзі сықылды.
Бақсы қытай тілінде бо ши «үйретуші, білімдар» мағынасында қолданылады [ДТС: 82]. Бұл ойды Қ.Ғабитханұлы да зерттеуінде қостағаны байқалады. Л.З.Будагов: қырғ. دﺎقشي бақшы (изъ монг. бәқши дж. бәхши) емші, шаман, дуалаушы, сиқыршы деген мағына беретінін жазды [БСл І: 234]. Тағы бірде В.В.Радлов: «бақсы – бақшы – қобызда иә асада ойнайтын қазақтардың шаманы...» - дейді [РСл І: 1445, 1446]. Эпос тілін зерттеуші профессор Е.Жұбанов қазақ тіліндегі бақсы, қырғыз тіліндегі бақшы «шаман, тәуіп» мағынасында, түркі тілінде бахшы – әнші, музыкант дегенді білдіретінін жазады. Академик Ә.Қайдар: «Бақсы – бахши, казахский знахарь, когда он, лишившись шаманского духа, бурного, возбужденного настроя, вмиг превращается в жалкое и безобидное существо, апатичное и безразличное ко всему окружающему» дейді [24, 156]. ХІІ ғ. қам термині де, сол қамдаудың өзі де қағаз бетіне түседі. Ендеше Жоңғария мен Алтай түріктерінде қамдау сөзі ҮІІ ғасыр мен ХІІ ғасыр арасында пайда болған деп айтуымыз керек» - дейді. Б.Досымбекұғылы, О.Әлжанов, Р.М.Мұстафина, Н.Өсеров, Ж.Естаев, А.Янушкевич, О.Сүлейменов еңбектерінде де жан-жақты сөз болады. Бұл орайда Н.Уәлиев: «Қарапайым тілде де қамшы сөзі шаман мағынасында жұмсалады. Бұл салыстырулардан бақсы мағынасын білдіретін сөздің бірде қам, бірде қамшы түрінде айтылатынын байқаймыз», - деп жазады [25, 53]. А.Тұрышевтың пікірінше, қам мен бақ шығу тегі бір болуы мүмкін, ал (қам+шы=бақ+сы)>шаман>саман мағыналары синоним сөздер. Бақсы о баста үлкен ұстаз болған. Бұл жерде ғалым Б.Я.Владимирцовтың пікірін қуаттайды [7, 58].
Қарағай қобыз алған соң, Ту астына қарасам, Тоқсан бөлек қол шықты. Қол ішіне қарасам, Сансыз әскер жын шықты (Бақсы сарыны)
Қобыз. Ұлттық музыка аспабының бір түрі. Ол, сондай-ақ, бақсылардың негізгі ритуалды құралы. Қобыз атты музыкалық аспап туыстас түркі және басқа халықтарда да кездеседі және олар түбірі бір бола тұрса да, сыртқы тұлғасы бөлектеу болып келеді: қобыз//қомус//қобыз//қобыж т.б. Бірақ пайымдап қарасақ, бұл атаулардың барлығы бір ғана ортақ гомогенді ілкі түбірден тарағанын көруге болады. Ол ортақ бір буынды түбірлі – қом//құм//қоб//құб тұлғаларда қалыптасқан моносиллаб болып табылады. Музыкалық аспаптың пайда болуы өзінің қалпына байланысты деп қарастырылады. Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде қобы, кейде қовы тұлғалы сөздер қазіргі тіліміздегі «қуыс, бос» мағыналарын берген [ДТС: 451]. Демек аталған ортақ мағынада («қуыс, кеуек») кездесетін, бірақ сырт тұлғасы түркі тілдеріне тән фонетикалық заңдылық бойынша сан құбылып өзгерген: қау [gaw] – қауға, қауыз//құу [guw] – қуыс, қуық//қап [gap] – қабық, қапшық, кеу [key] – кеуек, кеуілжір, қоп [gop] – қобы, қабық, қобыз т.б. Осы түбірлерді негізге ала отырып, түрлі жұрнақтар жәрдемімен сол кездің өзінде іші қуыс ыдыстарға кова (шелек, күбі мағынасында) сияқты атаулар берілген [ДТС: 461]. Ұлттық сипаттағы музыка терминдерін зерттеген Т.Б.Жаубасованың пікірі бойынша, қобыз атауы осы аталған ілкі түбірлердің [w-m-p]– дыбыс алмасуы негізінде қалыптасқан этимологиялық гомогенді нұсқалардың ең соңғы [қоб] тұлғасынан туындаған атау [26, 14]. Бұл атау көне түркі жазба ескерткіштер тілінде әртүрлі нұсқаларда кездеседі. Мысалы gamic «черпак, ковш», gamis «тростник», «камыш»; gapag «покрышка, крышка», gap «оболочка плодного пузыря», gapcug «мешочек», gabucag «дупло», gabag «тыква», gaban «блюдо, поднос», gavug «мочевой пузырь», gobuz «комуз, музыкальный струнный инструмент», gobsa «играть на комузе» [ДТС: 450].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет