2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері


Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану



бет15/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

2. Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану
Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы бip жыл бойы деректер болмаса, мүдделі адамдардың өтініші бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін (АК 28-б. 1-т.). Егер азаматтың тұрғылықты жерінде ол туралы 3 жыл бойы деректер болмаса, ал егер өлім қатері төнген немесе жаза-тайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын жағдайларда 6 ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кетсе, мүдделі адамдардың өтініші бойынша сот оны өлді деп жариялауы мүмкін (АК 31-б. 1-т.).
Соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметшілерді және өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін өлді деп жариялануы мүмкін (АК 31-б.).
Адамды өлді деп жариялау оны алдын ала хабар-ошарсыз кетті деп тануды талап етпейді.
Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді. Қамқоршы хабар-ошарсыз кеткен адам асырауға міндетті жандарға осы мүлік есебінен қаражат бөлуді, сондай-ак, оның салықтар мен басқа да міндеттемелер бойынша берешектерін өтеуді қамтамасыз етуі тиіс.
Азаматты өлді деп жариялау оның мүлкіне мұрагерлікті ашады, азаматтық хал актілерін жазу кітабына оның өлімі туралы жазылады да, тиісті куәлік беріледі.
Хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе өлді деп жарияланған азамат өзінің тұрғылықты жерінде пайда болса немесе оның тұратын жері анықталса сот азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялау туралы өз шешімінің күшін жояды (АК 30 және 32-б. 1-т.). Хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы шешім бұзылған адамның мүлкіне қамқоршылық жасау тоқтатылады. Бірақ қамқоршылардың соттың осындай шешімі шыққанға дейін жасаған мәмілелері өз күшін сақтайды.
Өлді деп жарияланған азамат өзінің тipі оралу уақытына қарамастан, кез келген адамнан оған тегін өткен, өзінің сақталған мүлкін қайтаруды талап ете алады. Өлді деп жарияланған азаматтың мүлкін ақылы мәміле арқылы алған адамдар, егер мүлікті алған кезде олар өлді деп жарияланған азаматтың тірі екендігі білгені дәлелденсе бұл мүлікті қайтаруға міндетті, ал ол жоқ болатын жағдайда
- шығынның орнын толтыруға міндетті. Мұнда өлді деп жарияланған азаматтың тірі екенін білген адам мүлікті алушымен бірге оны қайтару немесе құнын өтеу жөнінде ортақ міндет атқарады.
Сызба1

ҚР АЗАМАТТАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ







ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР



ӘКІМШІЛІК АУМАҚТЫҚ БӨЛІНІСТЕР




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет