2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет14/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Бақылау сұрақтары:
1.Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері
2.Азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілері мен обьектілерінің ерекшеліктері
3.Азаматтық құқықтық қатынастардың басқа құқықтық қатынастардан айырмашылықтары
4.Заңды факт азаматтық құқықтық қатынастың пайда болуының негізі ретінде
5. Азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілерінің құқыққабілеттілігі
6. Азаматтық құқықтық қатынастардың субьектісі ретінде мемлекеттік орган
7. Азаматтық құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық нормалардың түсінігі
4 тақырып. АЗАМАТТАР МЕН ӨЗГЕ ДЕ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ РЕТІНДЕ
1. Жеке тұлғалардың құқық субъектілігі
2. Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті және өлді деп тану
3. Жеке тұлғалардың құқық субъектілігі


1. Жеке тұлғалардың құқық субъектілігі
"Жеке тұлға" ұғымы ҚР АК 12-б. сәйкес ҚР азаматтарын, шетел азаматтарын, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдарды біріктіреді. Азаматтық айналымда толық дәрежеде қатысу үшін жеке тұлға азаматтық құқық субъектілікті, яғни азаматтық құқық қабілеттілікті және әрекет қабілеттілікті иелену керек.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мәмілелерді олардың заңды өкілдерінің келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздерінің табысына стипендиясына өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы обьектілеріне өз бетінше билік етуге сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмілелер жасауға құқылы.
Азаматтық құқық қабілеттілік-бұл азаматтардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді атқару қабілеті (АК 13-б.). Ол барлық азаматтарға бірдей танылады және азаматтың туылғанында пайда болады, қайтыс болуымен тоқтатылады
Азаматтың өз іс-әрекеттерімен азаматтық құқықтарды иелену және жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер туғызып, оларды орындау қабілетілігін оның әрекет қабілеттілігі деп аталады және ол кәмелетке толғанда, яғни 18 жасқа толғанда толық көлемде пайда болады (АК 17-б.). Мәмілелер жасау қабілеті мен деликт қабілеттілік әрекет қабілеттілік ұғымымен қамтылады. Яғни әрекет қабілеттілік ic-әрекеттер жасаудың заңдық қабілеті, оларды басқару және олар үшін жауап беру қабілеті болып табылады.
Жасы он алтыға жеткен кәмелетке толмаған адам егер ол еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін болса немесе оның заңды өкілдерінің келісімімен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін. Заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге турған кезден бастап толық көлемде әрекет қабілеттілікке ие болады (АК 17-б. 2-т).
АК 26-б. сәйкес, жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекетке қабілеттілігі жоқ деп танылуы мүмкін, соған байланысты оған қорғаншылық белгіленеді. Әрекет қабілетсіз деп танылған азамат тұрмыстық ұсақ мәмілелерді қоса алғанда, дербес түрде мәмілелер жасай алмайды және өзінің әрекеттері үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқармайды. Мәмілелерді оның атынан оның қамқоршысы жасайды. Әрекет қабілеттігі жоқ азамат сауыққанда немесе денсаулығы айтарлықтай оңалғанда, ол соттың шешімімен әрекет қабілетті деп танылады , оған белгіленген қамқоршылық алынып тасталады.
Спирт ішімдіктеріне немесе ecipткi заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот шектеуі мүмкін (АК 27-б). Оған қорғаншылық белгіленеді. Әрекет қабілеттілікті шектеу үшін оның отбасының материалдық ауыр жағдайға тап болатыны шешуші рөл атқарады. Әрекет қабілеттілігі шектелген адам тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы. Басқа мәмілелерді жасауға, сондай-ақ жалақы, стипендия, зейнетақы, өзге де кipic түрлерін алуға және оларға билік етуге ол тек қамқоршысының келісімімен жүзеге асыра алады. Азаматтың спирт ішімдіктеріне немесе ecipткi заттарға салынуы тоқтатылған соң соттың шешімімен азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу және оған қамқоршылық белгілеу алынып тасталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет