2. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi және заңды тұлғаны дараландыру құралдыры Заңды тұлғалардың құқық қабiлеттiлiгi мен әрекет қабiлеттiлiгi олар мемлекеттiк тiркеуден өткен сәттен бастап бip мезгiлде пайда болады. (АК 42-б. 3-т.). Заңды тұлғалар құқық қабiлеттiлiгiнiң жалпы және арнайы түрлерi бар.
Арнайы құқық қабiлеттiлiк жағдайында заңды тұлға құрылтай құжаттарында көзделген, оның қызмет мақсаттарына сәйкес келетiн азаматтық құқықтарды иеленедi және осы қызметпен байланысты мiндеттер атқарады. Ол коммерциялық емес заңды тұлғаларда және мемлекеттiк кәсiпорындарда болады. Жалпы құқық қабiлеттiлiк жағдайында заңмен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құқықтары иелену және мiндеттердi атқару мүмкiндiгi болады. Ол негiзiнен шаруашылық серiктестiктерде және өндiрiстiк кооперативтерде болады. Заңды тұлғалардың кәсiпкерлiк саласындағы құқық қабiлеттiлiгi белгiлi бiр қызмет түрлерiн лицензиялау жүйесiмен шектелуi мүмкiн.
Заңды тұлғаның органдарыоның атынан әрекет етуге уәкiлеттi дара адамдар (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық құрылым (жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесi және т.с.с) түрiнде болады.
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкiлдiктерi заңды тұлғаның тұрған жерiнен тыс орналасқан мүлiктiк және аумақтық оқшау бөлiмшелерi болып табылады. Олар есептiк мемлекеттiк тiркеуден өтуi тиiс. Филиал мен өкілдік заңды тұлға болып табылмайды және салық құқығының субьектісі емес. Өз кызметін орталықтың ережесіне сәйкес атқарады.
Заңды тұлғаны дараландыру құралдары -бұл нақты бiр заңды тұлғаны өзгелерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн құралдар. Мұндай құралдарға:
- заңды тұлғаның атауы(38 бап);
- заңды тұлғаның орналасқан жерi(39-б.);
- заңды тұлға тауарларын қызметтерiн дараландыру құралдары: тауарлық белгi, қызмет көрсету белгiсi, тауардың шығарылған жерiнiң атауы.
3. Заңды тұлғанаң пайда болуы және тоқтатылуы Занды тұлғаныц пайда болуының өкiмдiк, рұқсат ету және нормативтiк әдiстерi бар.
Заңды тұлға мiндеттi түрде әдiлет органдарында тiркелуге тиiс. Тiркеу тәртiбi арнайы нормативтік актілермен реттеледі.
Қайта тiркеу заңды тұлғаны қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкестендiрудi бiлдiредi. АК 42-б. 6-т. сәйкес заңды тұлға мынадай жағдайларда қайта тiркелуге тиiс:
1) жарғылық капиталының мөлшерi азайғанда;
2) заңды тұлғаның атауы өзгергенде;
3)шаруашылық серiктестiктегi және акционерлiк қоғамдағы құрылтайшылардың құрамы өзгергенде
Заңды тұлға қызметiнiң тоқтатылу түрлерi: