Мүліктік құқықтарға - заттық құқықтар (мысалы, жерді тұрақты пайдалану құқығы), сондай-ақ міндеттемелік құқықтар (мысалы, құқықты беру кезінде несие берушінің борышқордан берешегін алу құқығы) жатады. Интеллектуалдық меншік құқығы да мүліктік құқықтардың қатарына жатады.
Мүліктік кешендер. Көптеген жағдайларда мүлік, мүліктік кешен ретінде көрінеді. Капитал, кәсіпкерлік іс, кәсіпорын осындай мүліктік кешендердің қатарына жатады.
Заң бойынша, капиталдың көптеген түрлері бар. Мәселен, "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисап туралы" 1995 ж. 26 желтоқсандағы ҚР Заңында меншікті капитал туралы сөз болады, ол субъектінің міндеттемелерін шегеруден кейін қалған оның активтерін білдіреді. АК шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталы туралы норманы қамтиды. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық интеллектуалдық қызмет нәтижесіне құқығын қоса алғанда және өзге де мүлік шаруашылық серіктесттіктің жарғылық капиталына салынатын салым бола алады (АК 59-б. 1-т.). Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталы шығарылатын болып жарияланған барлық акциялардың атаулы жиынтық құнынан тұрады (АК 88-б. 1-т.).
Жеке кәсіпкердің кәсіпкерлік ici заңда көзделген мүліктік кешеннің бip түрі болып табылады. Кәсіпкерлік іс, мүліктік құқықты қоса алғанда, жеке кесіпкер соның негізінде және сол арқылы өз қызметін жүзеге асыратын мүліктің жиынтығы ретінде анықталады ("Жеке кәсіпкерлік туралы" 19.07.97 ж. заңның 14-б. 1-т.).
Кәсіпорын ерекше мүліктік кешен болып табылады. Занда және тәжірибеде кәсіпорын көбіне құқық субъектісі ретінде көрінеді. Құқық объектісі - кәсіпорын - бұл кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын мүліктік кешен. Ол өзінің кәсіпорын ретінде өмір сүруіне қажетті мүліктің барлық түрлерін, оның ішінде үй-жайларды, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, саймандарды, шикізатты, өнімді, жер учаскесіне құқықты, талап ету құқығын, борыштарды, сондай-ақ оның кызметін дараландыратын белгілерге құқықты (фирмалық атаулар, тауарлық белгілер жене т.с.с.), басқа да интеллектуалдық меншікті қамтиды.
Мүліктік кешен - кәсіпорынға жылжитын мүлік те кіретініне қарамастан, кәсіпорын тұтас алғанда, жылжымайтын мүлік ретінде танылады.