2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет38/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

Зорлық-зомбылық жасау адамды оның өзі үшін тиімсіз мәміле жасауға мәжбүрлеу құралы ретінде оған күш көрсетуден (ұрып-соғу, жақын адамдарымен қатынас мүмкіншілігінен айыру, бостандығын шектеу және т.с.с.) тұрады. Зорлық-зомбылық көрсету мәміле жасасатын адамға ғана емес, сондай-ақ оның жақын адамдарына да қолданылуы мүмкін. Қорқыту дегеніміз қорқытушы адам мүдделі болып отырған мәмілені жасау үшін психикалық ықпал ету шарасы. Мүлікті бүлдіру, мәміле жасасатын азаматты, оның жақындарын қаралайтын мәлiмeттepдi жария етуге және т.с.с. бағытталған қорқыту жағдайлары.
АК 159-б. 9-т/да сондай-ақ басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда адам өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәмілені (кіріптарлық мәміле-кабальная сделка) сот жәбірленушінің талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін деп көрсетілген.
Бір мезгілде бірнеше мән-жай қатар кездесетін реттерде кіріптарлық мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін: а) мәміленің шарттары тараптардың бipeyi үшін өте тиімсіз болуы; б) тарап ауыр мән-жайлардың қысымымен ғана мәміле жасауы (мысалы, аштық, тез арада қымбат тұратын ем қабылдау қажеттілігі); в) осындай мән-жайларды біле тұра, басқа тарап оны пайдаланатын жағдайда.
Бір тарап өкілінің екінші тараппен зұлымдық ниетте келісу нәтижесінде жасалған мәлені сот жәбірленуші тараптың талап етуі бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК 159-б. 10-т.). Мысалы, басқа қалаға кетіп бара жатқан азамат танысына өзінің үйін сатуды тапсырады, яғни оған өкілдік береді (АК-ның 163-бабы). Өкіл үй үшін 190 мың теңге төлеуге даяр сатып алушыны табады да, одан 170 мың теңге алатын болып, ал шарттың, мәтінінде 150 мың теңгені көрсетуге уағдаласады. Сөйтіп, сатып алушы да, екінші де сатушының есебінен 20 мың теңгеден пайда табады.
Мұнда өкіл езіне өкілдік берген адам үшін неғұрлым тиімді жағдайларда мәміле жасау мүмкіндігіне ие бола тұра өзінің зұлым ниетімен өкілдік берушінің мүдделеріне нұқсан келтіретін жағдайларды таңдап алатын ретте келісім зұлымдық ниетпен жасалған деп танылуы мүмкін.
АК 44-бабына сәйкес заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді, бұған АК 159-б. 11-т/да көзделген жағдайлар қосылмайды.
АК 159-б. 11-т/да заңды тұлғаның осы кодексте, өзге де заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп жасаған, не оның органының жарғылық құзіретін бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мәміледегі басқа тараптың мұндай жолсыздықтар туралы білгені немесе күні бұрын білуге тиіс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның ғана емес, сондай-ақ мүлік иесінің қуынымы бойынша, яғни егер заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын болса, онда уәкілетті мемлекеттік органның талап eтyi бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін. Мәміле жарамсыз деп танылатындықтан, аталған жағдайларда заңды тұлға өз органының өкілеттік шегінен шығып кететін ic-әрекеттері үшін мәміленің басқа қатысушылары алдында жауап бермейді.
АК 160 - б. сәйкес заңдық салдар ниетін көздемей, тек көз алдау үшін жасалған жалған мәміле жарамсыз болады. Егер мәміле екінші бір мәмілені (қулықпен) бүркемелеу ниетімен жасалса, тараптар шын мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты ережелер қолданылады.
АК-ның 157-бабының 2-тармағы мәміле жарамсыздығының негіздемелері, сондай-ақ оны жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы бар адамдардың тізбесі осы Кодексте не өзге де заң құжаттарында белгіленеді деп керсетеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет