Бақылау сұрақтары: 1. Мəмiленiң ұғымы мен мəнi‚ олардың заң фактiлерi жүйесiндегi орны
2. Мəмiлелердiң түрi
3. Мəмiлелердiң жарамдылығының алғы шарттары
4. Мəмiле жарамсыздығының ұғымы мен түрлерi
5. Мəмiлелер жарамсыздығының салдары
6.Мəмiлелердi жарамсыз деп тану жəне мəмiлелер жарамсыздығының салдарын қолдану кезiндегi талап қою мерзiмi
7. Біржақты мәміле ұғымы
8. Жазбаша нысанда жасалған мәмілеге теңеседі
9. Заңмен талап етілген мәміленің жай жазбаша түрін сақтамаудың салдары
10. Консенсуалды мәміле ұғымы
9 тақырып. Өкілдік. Сенімхат 1.Өкілдік ұғымы мен түрлері 2.Сенімхат
1.Өкілдік ұғымы мен түрлері Өкілдік (163-бап) Өкілдік берушінің атынан өкілдің сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасалған мәмілесі өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызып, өзгертеді және тоқтатады.Сонымен бірге өкілдік сипаты осы бапта анықталғаннан да кеңірек. Мәмілелерді жасасудан тыс өкіл өзге де заңи іс-қимылдарды жасай алады.
Өкілдік субъектілері: 1)Өкілдік беруші 2) Өкіл 3)Үшінші тұлға, яғни бұл тұлғамен өкілдік берушіде өкілдің әрекеттері арқылы құқықтық байланыс орнайды.
Өкілдік беруші-өзінің атынан және өзінің мүддесінде мәмілелерді жасасатын тұлға. Азаматтық құқықтың кез келген субьектілері құқыққабілеттілігі бар немесе жоқ адам заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады.
Өкіл-өкілдік берушінің атынан және соның мүддесінде әрекет ететін тұлға. Азаматтық әрекетқабілеттілігі бар кез келген тұлға кейбір жағдайларды қоспағанда, өкіл бола алады.
Үшінші жақ-өкілдік берушінің атынан және соның мүддесінде өкілдің мәміле жасасатын тұлғасы, азамат немесе заңды тұлға. Кез келген құқыққабілеттілігі және әрекетқабілеттілігі бар азамат үшінші тарап бола алады.
Заңда кейбір мәмілелердің өкіл арқылы жасалмайтындағы көрсетілген өзінің сипатына қарай міндетті түрде азаматтың өзі жеке орындауы тиіс. Мысалы өсиет қалдыру.
Өкілдік институты азаматтық айналымды кең таралған. Оның қажеттілігі өкілдік берушінің өзі заң күшіне орай (мысалы, әрекет қабілеттілігінің жоқтығы) немесе нақты өмірлік жағдайларға байланысты (мыс, ауырып қалуына, іс сапарға кетуіне, қолының тимеуіне және т.с.с.) туындайды. Сипаты жөнінен тек жеке өзі ғана жасауға болатын мәмілені, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген реттердегі басқа да мәмілелерді өкіл арқылы жасауға жол берілмейді.(165 бап). Мысалы, өсиеттерді құруды, сенімхатты беруді, өмір бойы асырауда ұстау шартын жасауды және т.б. тұлғаның жеке өзі жүзеге асыруы қажет.
Өкілдік кезінде құқықтық байланыстардың құрылымы күрделі және келесі үш қатынастардан құралады:
1) өкілдік беруші мен өкіл арасында;
2) өкіл мен үшінші тұлға арасында;
3) өкілдік беруші мен үшінші тұлға арасында. Бұл қатынастардың алдыңғы екеуі өкілдіктің ішкі және сыртқы жақтарын құрайды. Өкілдік беруші мен үшінші тұлға арасындағы қатынас өкілдікті жүзеге асырудың нәтижесі болып табылады.
Өкіл тек қана құқықтарды ғана емес сонымен бірге міндеттерді де иеленеді. Ол жасалатын мәміленің сипаты жөніндегі өкілдік берушінің нұсқауларын қатаң сақтауға тиіс. Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген адамның басқа адам атынан немесе өкілеттілігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады өзгертеді және тоқтатады. Егер ол кейіннен ондай мәмілені мақұлдамаса онда оның жағымсыз салдарлары өкілетсіз әрекет еткені үшін өкілдің өзіне жүктеледі.
Өкілдік беруші ретінде азаматтық құқықтың кез – келген субъектісі- заңды тұлға немесе азамат (әрекет қабілеттілік жағдайына байланыссыз) бола алады. Өкіл ретінде бола алатын тұлғалар біршама шектелген. Біріншіден, өкіл ретінде болатын азаматтар әдетте толық әрекет қабілеттілігіне ие болуы қажет. Екіншіден, заңды тұлғалар, егер бұл олардың құрылтай құжаттарында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге қайшы келмесе, өздеріне өкілдердің функцияларын қабылдай алады. Үшіншіден, заңнама азаматтық құқықтың кейбір субъектілерінің өкілдік функцияларын орындауға қатысты тікелей тыйым салуларды белгілейді. Мысалы, АІЖК 60-бабына cәйкеc судьялар, тергеушілер, прокурорлар мен өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың уәкілеттік берілген адамдары немесе заңды өкілдері ретінде қатысу жағдайынан басқа жағдайда сотта өкіл бола алмайды.
Онымен өкілдік беруші өкілдің көмегімен азаматтық – құқықтық мәміле немесе өзге заңды әрекет жасайтын үшінші тұлға ретінде азаматтық құқықтың кез – келген субъектісі болуы мүмкін.
Заң өкілге өкілдік берушінің атынан жеке өзіне қатысты, сонымен бірге өзі өкіл болып табылатын басқа адамға қатысты мәмілелер жасауға тыйым салады (АК 163 б. 3-т) Мысалы, өкіл оған өкілдік беруші сатуды тапсырған мүлікті өзі сатып ала алмайды.