2. Азаматтық құқықтың басқа құқық салаларынан айырмашылығы Азаматтық құқық принциптері



бет35/90
Дата21.06.2023
өлшемі0,93 Mb.
#102796
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90
Байланысты:
Азаматтық құқық (Жалпы бөлім)

3. Жарамсыз мәмілелер
АК 157-бабы мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін деп көрсетеді.
Сонымен, егер мәміле мынадай талаптарды бұзатын болса, мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін: а) оның шарттарының заңдылығы туралы, яғни оның мазмұнының заңдылығы туралы; б) мәмілеге қатысушылардың мәміле жасасу қабілеттілігі туралы; в) олардың ерік білдірушінің бостандығы туралы.
Мәміле мазмұнының заңдылығы туралы талаптардың бұзылуы. Бұл мәміленің қылмыстық жасалуын, заңның бұйрық ережелерін орындаудан жалтаруды, айналымнан алынған заттарды жеке адамдарға сатуды және т.с.с. көздейтін жағдайлар болуы мүмкін.
Алайда, заңда белгілі бip мәмілені жасауға рұқсат ететін норманың болмауы оны жарамсыз ете алмайды. Мазмұны заңда тыйым салынған қағидаларды бұзатын мәміле жарамсыз деп танылуға тиіс.
Көпе-көрінеу құқықтық тәртібінің негіздері мен адамгершілікке қарсы бағытталған мәмілелер заңға қайшы мәмілелерге теңестіріледі. Мысалы, баланы сату туралы мәмілені айтуға болады. Келесі мысал. Салық төлеуге жататын кірістерді қолдан азайту мақсатында еншілес акционерлік қоғам өзі еңгізетін шешімді негізгі қоғамға қасақана -төмендетілген бағамен сатады.
Осы негіз бойынша мәміленің жарамсыздығын тануда айрықша абай болуды қажет етеді және мұндағы негіз айтарлықтай дәлелді болуға тиіс. Мәмілеге қатысушылардың оның заңға қайшы немесе моральға қарсы бағыттылығын жақсы түсінудің дәлелдемесі қажет болады.
АК 158-б. 2-тармағы заңның ұйғарымдарын, заңды тұлғаның жарғысын не оның органдарының құзіретін бұзатын, мәмілені қасақана жасаған адам, егер мұндай талап пайдакүнемдік мақсаттармен немесе жауапкершіліктен жалтару ниетімен жасалатын болса, мәмілені жарамсыз деп тануды талап етуге құқығы болмайтынын көздейді.
Мәміле жасау кезінде заңды саналы түрде бұзған, одан соң өзінің осы құқық бұзушылығына сүйеніп, мәмілені жарамсыз деп тануды талап ететін жеке және заңды тұлғаның талаптарын қанағаттандыруға аталған себептер бойынша жол берімейді.
Жария мүддеге ықпал ететін құқық бұзушылық жария мүдделерді білдіретін тұлғалар мен органдардың (лицензиялық орган, салық органы, прокуратура) талап етуі бойынша мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болуы мүмкін.
АК 158-б. 3-тармағына сәйкес мәміле тұлғаның міндеттемелерді орындаудан жалтаруы мақсатында не үшінші жақтың немесе мемлекеттің алдындағы жауапкершіліктен жалтару мақсатында жасалса, ол жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Мүлікті сату, сыйға тарту немесе оны иеліктен шығарудың басқа да түрлері осыған мысал болады, өйткені меншік иесі күдіктенетіндей, ол борыш үшін өтем, тәркілеу нысанасы болуы мүмкін. Банкроттық туралы ic қозғалатынын күтуге байланысты не жалған банкроттық істеу мақсатында АК-ның 158-бабының 3-тармағында көрсетілгендей мәміле жасау жағдайлары да кездеседі. Мәміленің екінші қатысушысының (мүлік алушының) лайықсыз әрекеттері осы норманы қолданудың қажетті шарты болып табылады. Сондықтан мұндай қатысушы мүлікті иеліктен шығарушының ниеті туралы білмейтін және істің мән-жайы бойынша білуге тиіс те емес жағдайда мәміле жарамсыз деп танылмауы тиіс, өйткені бұл иеліктен шығарылған мүлікті алушының заңды мүдделерін бұзған болар еді.
Аталған себептер бойынша мәмілені жарамсыз деп тануға бағытталған талапты көп ретте рим заңгерінің атымен Паулиан талабы деп атайды.
АК 159-б. 1-т. қажетті лицензия алмай не лицензияның қолданылу күшінің мерзімі бекіткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады деп көрсетеді. Лицензия берілген мерзім аяқталғанда, лицензия мерзімінен бұрын қайтарып алынғанда, тұлғалардың қызметі аяқталғанда немесе жарамсыз деп танылатын жағдайларда жасалған мәміле де осындай құқықбұзушылық деп танылуға тиіс (Лицензиялау туралы Жарлықтың 21, 22-баптары). Лицензиялау шарттарын бұзатын мәміле жарамсыз болып табылады. Мәміленің екінші қатысушысы лицензияның жоқтығы, қолданылу мерзімінің аяқталғаны, мерзімінен бұрын қайтарып алынғаны, жарамсыз деп танылғаны жөнінде білмейтін және істің мән - жайы бойынша біле алмайтын жағдайлар белгілі бip қиындықтар туғызады. Мұндай жағдайларда мәмілеге қатысушыны жазалау орынсыз болар еді.
АК 159-б. 2-тармағы тepic пиғылды бәсеке мақсатын көздейтін немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзатын мәміле жарамсыз болады деп таниды. Мұнда АК-ның 11-бабына сай келмейтін мәміле туралы сөз болып отыр. Мұндай істер бойынша мәміле жасау нәтижесінде мүдделері бұзылған тұлғалар ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік монополияға қарсы органдар да талапкер болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет