Өкілдіктің түрлері: 1. Әкімшілік құжатқа негізделген өкілдік, яғни өкіл өкілдік берушінің әкімшілік бұйрығына орай оның атынан әрекет етуге міндеттенеді. Бұл өкілдік түрі өкілдік берушінің еркіне қарамайды. 2. Заңды өкілдік, яғни өкілдік қатынастар заңда тікелей белгіленуіне орай туындайды. Мысалы кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілдері болып олардың ата-аналары саналады. Бұл өкілдік түрі өкілдік берушінің еркіне қарамайды. 3. Шартқа негізделген өкілдік. Ол өкілдік беруші мен өкіл арасында жасалатын шарт (әдетте тапсыру шарты) негізінде пайда болады. Бұл өкілдік өкілдік берушінің еркі бойынша туындайды. 4. Коммерциялық өкілдік, яғни мұндайда кәсіпкерлердің атынан олар шарт жасасқан кезде үнемі және дербес өкілдік етуші тұлға коммерциялық өкіл әрекет жасайды (ерікті өкілдік).
2.Сенімхат
Сенімхат (187 бап) - Бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі.
Мүлікке билік жасауға және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатта, егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе, нотариат куәландыруы тиіс. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көрсетілсе ол 3 жыл бойы, ал егер қолдану көрсетілмесе берілген қүннен бастап бір жыл бойы жарамды болады. Егер сенімхаттың берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз болып танылады.
Сенімхат нысаны (187б):
Жалпы ереже бойынша жай жазбаша нысанда жасалады.
Сенімхаттың нотариалды куәландырылған нысаны ол мүлікке билік етуге немесе нотариалды куәландыруды талап ететін мәмлелер жасауға берілген жағдайда талап етіледі.
Нотариат куәландырылған сенімхаттарға мыналар теңестіріледі:
| Куәландырушы тұлға |
Госпитальдарда, санаторийлер мен басқа әскери-емдеу мекемелерінде емделіп жатқан әскери қызметшілер және өзге адамдар.
|
Госпитальдар, санаторийлер мен басқа да әскери-емдеу мекемесінің бастығы, оның медицина бөлімі жөніндегі орынбасары, аға және кезекші дәрігер.
|
Бас бостандығынан айыру орында-рындағы адамдар.
|
Бас бостандығынан айыру орнының бастығы.
|
Халықты әлеуметтік қорғау мекеме-леріндегі кәмелетке толған әрекет қабілеттігі бар азаматтар.
|
Сол мекеменің немесе тиісті әлеуметтік қорғау органының басшысы.
|
Нотариалдық жоқ әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің және әскери оқу орындары орналасқан мекендердегі әскери қызметшілер сондай-ақ жұмысшылар қызметшілер, олардың отбасы мүшелері, әскери қызметшілердің отбасы мүшелері.
|
Сол бөлімдердің, құрамалардың, мекеме-лердің және әскери оқу орындарының командирлері (бастықтары).
|
Хат-хабар, соның ішінде ақша және сәлемдеме алуға, жалақы және азаматтар мен заңды тұлғалардан өзгеде төлемдер алуға сенімхатты сенім білдіруші тұратын аумақтың жергілікті басқару органдары, ол жұмыс істейтін немесе оқитын ұйым, тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй пайдалану ұйымы, ол емделіп жатқан тұрақты емдеу мекемесінің әкімшілігі куәландыруы мүмкін.
Заңды тұлға атынан сенімхат оның басшысы немесе бұған оның құрылтай құжаттарымен уәкілдік берілген өзгеде адамның қолы қойылып беріледі және сол ұйымның мөрімен бекітіледі. Мемлекеттік органның, коммерциялық ұйым мен коммерциялық ұйым емес атынан ақша және басқа бағалы мүлікті алуға немесе беруге қатысты берілетін сенімхатқа сол ұйымның бас (аға) есепшісі қол қоюға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |