3. Азаматтық заңдардың уақытына қарай және кеңістікте қолданылуы АК-ның 4-бабы азаматтық заң актілері олар күшіне енгізілгеннен кейінгі қатынастарға таралады деп көрсетеді. Бұған дейінгі құқықтық қатынастарға олар пайда болған сәтте жасалған актілердің заңдық күші таралады. Егер осы қатынастар шарттың негізінде пайда болса, кейінірек шығарылған заңдар осы түрдің шарттық катынастарына өзгеше міндеттемелік талаптар көздейтініне қарамастан, шарттың талаптары күшін сақтайды (АК-ның 383-бабы).
Азаматтық заңдардың уақытқа қарай қолданылуы туралыережелердің практикалық маңызы мынадай бірнеше принциптерге сұйенеді:
а) егер азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заң актілері жаңа заң бойынша ондай құқықтық қатынастар пайда болғанға дейінгі түрінен езгеше анықталған болса, онда мұндай құқықтық қатынастардың заңдылығы олар пайда болған кезде қолданылған заңдармен бағаланады;
б) заңдардың өзгеруі өздігінен азаматтық-құқықтық қатынастарды өзгерте бермейді, олар заңды түрде пайда болған күйінде сақталады;
в) егер заң бұған дейін тыйым салынбаған әлде бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын болса, онда мұндай әрекеттер токтатылуы тиіс.
Бұл ережелер "заңның кері күші болмайды"деген принциптің мазмұнын құрайды.
Алайда аталған принциптен мынадай кейбір ауыткуларға жол беріледі, оларды заң белгілейді:
-заңға кері күш беру және оны ол қабылданғанға дейінгі қатынастарға тарату. Мысалы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің 1994 ж. 27 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) қолдануға енгізу туралы" Қаулысы АК-ның қолдануға енгізгенге дейін пайда болған коммерциялык заңды тұлғалардың ұйымдық құқықтық нысандары 1998 ж. 1 қаңтарға дейін АК-да көрсетілген нысандарға өзгертілуі тиіс деп көзделген;
-жаңа заң кабылданғанға дейін пайда болған қатынастарды сақтайтын ережелердің нұсқаулары сақталғанымен, олардың мазмұны өзгереді. Мысалы, пәтер ақы, коммуналдық төлемдер мөлшерінің өзгеруі және т.с.с. Жаңа заң кейде құқық түзуші маңызы бар мерзімдерге, мысалы, иелену мерзімдеріне кері күш береді. Керісінше, ҚР Жоғарғы Кеңесінің "ҚР-сының Азаматтық кодексін (Жалпы бөлім) қолдануға енгізу туралы" Қаулысының 5-бабына сәйкес АК-да көзделген талап қою мерзімі АК қолдануға енгізілгеннен кейін пайда болған міндеттемелер негіз болған дауларға қолданылады.