Практикалық тапсырмалар
№ 2.Экологиялық тәрбие беру міндеттерді шешуге бағытталған тәрбиелік іс-шара жоспарды құрастырыңыз
Үлгі:
Тақырыбы:
Мақсаты:
Өткізу әдісі:
Құрал-жабдықтар:
Тәрбиелік іс-шараның барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
II.Негізгі бөлім
III.Қорытынды бөлім
№ 3 1) Әдістердің қызметтері мен олардың сипаттамаларын сәйкестендірініз:
1. Жаттығу
|
А.Түрлі сипаттары бар: сырқаттанғандарға баруға, оқуда оларға көмек көрсетуге, мектепке дейінгі балалар үшін ойыншықтар дайындау. Егжей-тегжейлі түсініктер талап етпейді, орындалу сапасы бағалаумен аякталады.
|
2. Жазалау
|
Б.Тәрбие әдісі, мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай тәрбиешінің әр түрлі іс әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасау.
|
3.Әңгіме
|
В. Балаға қоғамдық талап қою, оны мінез-құлқында байқалатын келеңсіз мінездері үшін ұялтады, теріс қылықтарын тежейді.
|
4. Тапсырма беру
|
Г. Балалардың санасын қалыптастырады, этикалық, саяси, эстетикалық мәселелерді талдауға ,тиісті қорытынды шығаруға жетелейді.
|
Жауап: 1._____________, 2.______________, 3.______________, 4.______________.
№5. Басқарудағы психологиялық əсер ету əдістерінің механизімін толықтырыңыз
әдіс
|
анықтама
|
әдіс
|
анықтама
|
Сендіру әдісі
|
|
Еліктеу
|
|
Ықпал ету
|
|
Мәжбүрлеу
|
|
Талап қою
|
|
Тыйым салу
|
|
Өтініш
|
|
Бұйрық
|
|
Мақтау
|
|
Кеңес
|
|
№ 6. Айгүл көбіне ашуланшақ. Сабақ үстінде мен айтамын деп үнемі қолын көтеріп отырады. Егер мұғалім қатал сөз айтса, соған ызаланып, біраз уақыт сабақты тыңдамай қояды. Айгүлдің сурет салуға, музыкаға қабілеті мол.
Осы ерекшеліктеріне қарап, Айгүлді жоғары нерв қызметінің қандай типіне және темпераменттің қандай түріне жатқызуға болады?
№7. Техникалық бақылау бөлімінде екі тексеруші жұмыс істейді. Біреуі жұмысты жаңадан бастаған, екіншісі тәжірибелі. Жас тексеруші бөлшектерін бір-бірден алып, тексеріп тұрса, тәжірибелісі қолына екеуін алып тексеруде.
Сұрақ: Екеуінің бір-бірінен зейін айырмашылығы неде?
№22. 6 жасар Ермек күндізгі ұйқы кезінде басқаларға маза бермейді. Өзі де ұйықтамайды. Тәрбиеші бірнеше рет оған ескерту жасады, бірақ ол тыңдамады. Барлық бала орнынан тұрып, киініп жатқан кезде тәрбиеші Ермектің тұруына рұқсат бермеді. «Сенің басқа балалармен бірдей демалғың келмеді, тәртіп бұздың, енді балалар ойнайды, сен басқалардай демалған жоқсың ғой, сондықтан жалғыз өзің ұйықтауыңа тура келеді». Ермек орнынан жылап тұрып киінуге рұқсат сұрады. Тәрбиеші рұқсат бермеді. Ол бір сағаттай тыныш жатты. Осыдан кейін ол демалыс сәтінде тәрьіп бұзбайтын болды.
Сұрақ: Ермектің мінез-құлқында болған өзгерістерді талдаңыз. Тәрбиешнің оны тәртіпке көндіруі неліктен сәтті болды?
Достарыңызбен бөлісу: |