2 Билет Жасуша


сурак .Қақпа венасы: Қақпалық



бет11/13
Дата20.02.2023
өлшемі49,78 Kb.
#69453
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
3 сурак .Қақпа венасы: Қақпалық вена (vena portae, лат. — қақпа) - (ас) қорыту мүшелері мен көкбауырдан вена қанын жинайтын көктамыр (вена). Қақпалық вена бауыр қақпасы арқылы бауырға еніп, онда қылтамырларға тарамдалып, бауырдың көктамырлық "ғажап торын" түзеді. Ғажап тордан қан бөлікшелераралық веналарға, одан бауыр венасына жиналып, артқы (адамда — төменгі) қуыс венаға құйылады.


26-билет"
1)Ұйқы безі (лат. pancreas) — сыртқы және ішкі секреция безі. Сыртқы секреция безі ретінде ол ас қорыту ферменттеріне бай ұйқы безі сөлін бөледі. Сонымен қатар, ұйқы безі арақашықтарының жасушалары инсулин гормонын қанға бөледі. Сыртқы секреция без бөлігі құрылысы жағынан көпіршікше-түтікше бездерге жатады.
Ұйқы безі іш қуысында орналасқан (шамамен бірінші және екінші бел омыртқаларының деңгейі). Орган асқазанның артында орналасқан және оған және он екі елі ішекке тығыз орналасқан.
2)Өкпе (pulmones, лат. pulmo – өкпе) — адам мен жануарлардың тыныс алу мүшесі. Пішіні жартылай конус тәрізді, оның төменгі жағы немесе негізі ойыстау біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап (плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары (бронх), өкпе артериясы келеді де, одан екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және төменгі) тұрады.
3)Жоғарғы қуыс вена жүйесі дененің жоғарғы бөлігінен (бастан, мойыннан, қол мен көкірек клеткасынан) вена қанын жинаса, төменгі қуыс вена жүйесі дененің төменгі (аяқтан, жамбас және құрсақ) бөлігінен жинайды. Қақпа венасының жүйесі қанды ішек қарыннан, көкбауырдан жинап бауырға әкеледі. Бауырда улы заттарынан усыздандырылған қан бауыр веналары арқылы төменгі қуысты венаға ашылады.
Билет 28
1 Асқазан. Латынша атауы, орналасуы, құрылысы.
2 Көмей. Латынша атауы, орналысуы. Көмей шеміршектері. Көмей қуысы.
3 Аталық без, қосымшасы. Латынша атауы, бөліктері, құрылысы.
1. Асқазан, ventriculus. Асқазан қуысты мүше. Ол құрсақ қуысының жоғарғы қабатында асимметриялы орналасқан;
Құрылысы;
Қарын қабырғасы 3 қабаттан тұрады:
1)күшті дамыған, шырысастылық негізі, бар шырысты қабықша 2)бұлшық етті қабықша 3) серозды қабықша.
2. көмей (лат. larynx ) — тыныс алу түтікше мүшелерінің бастама бөлігі және мойынның алдыңғы жағында орналасқан іші қуысшеміршекті мүше. Көмей шеміршектері: тақ және жұп шеміршектерден, сыртқы пішіні әртүрлі, құрылысы бойынша гиалинді және эластикалық шеміршектерден тұрады. Бұл шеміршектердің негізгі қызметі – көмей скелетін құру.
3. Атабез — orchis, қосалқысы — epididymis
Құрылысы
Атабез оның қосалқысы, шәует шығаратын түтік, простата безі, қуық, несепағар, тік ішек, шәует көпіршіктері, аталық жыныс мүшесі, жыныс безі.
29-Билет
Жуан ішек (Лат- intestinum crassum intestinum)
Жіңішке ішек (Лат- intestinum parvum)
Жуан ішек өз кезегінде үш бөлімнен: бүйеннен, тоқ ішектен және артқы тесік — ануспен аяқталатын тік ішектен құралған. Бұл ішектерде аш ішектен келген азық одан әрі қорытылып, қоректік заттарсу және тұздар сіңіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет