35 билет 1) Ұйқы безі -(лат. pancreas) бозғылдау, қызғылт түсті, ұзындығы 15-22 см. Құрсақ қуысының сол жағында, асқазанның астына таман орналасқан.
2) Өкпе ( Pulmones , лат . pulmo - өкпе адам мен жануарлардың тыныс алу органы . Пішіні жартылай конус тәрізді , оның төменгі жағы немесе негiзi ойыстау біткен , кеуде куысын іш қуысынан белiп тұратын көк етке кіріп жатады . Жоғарғы жағы сүйір , бұғана сүйегінен 2 - 3 см - дей шығып , мойынның төменгі бөлігіне еніп жатады .
3)Сүйек қосылыстары артрология ( arthrologia ) немесе синдесмология ( syndesmologia ). Сүйек қосылыстары 3 улкен топқа жіктеледі : 1)Синартроз - үздiксiз косылыстар 2) Гемиартроз - жартылай буын , үздiксiз қосылыстан уздiктiге өтпелі қосылыс 3) Диартроз - үздiктi немесе буындар. Синартроздар - берік , серпімді , қимылы шектеулі қосылыстар.
Синдесмоз - сүйектердiң бiр - бiрiмен талшықты дәнекер ұлпасының комегiмен байланысы .
Синхондроз - synchondroses , сүйектердің шеміршек улпасы арқылы байланысуы .
Синостоз - сүйектердің бір - бiрiмен сүйек ұлпасы арқылы байланысы . Егер дәнекер ұлпа сүйек ұлпасына, сосын барып суйекке ауысса, синостоз пайда болады .
Гемиартроз немесе жартылай буын . Олар шеміршек улпамен тікелей қосылады . Курылысы бойынша нагыз буын куысына уксамайды , ортасында жiнiшке санылау болады .
Буын деп сүйектердің қозғалмалы байланысатын жерін айтады. Адам денесінде 230 - дан астам буын бар .
Буын (articulatio) құрылысына байланысты карапайым және күрделі болып екiге бөлінеді . Қарапайым буынды тек екі сүйектің буын бастары құрайды . Олардың аралығында бір буын қуысы болады . Күрделі буындарды түзетін негізгі сүйектердің буын бастары аралығында бір немесе бірнеше қатарда орналасқан майда сүйектер , болмаса шеміршектер болады.
Жік ( sutura ) аралықтарындағы тым жұқа дәнекер ұлпалық аралықтар арқылы сүйектердің байланысы. Егер аралық дәнекер ұлпа жұқа кабықша сипатына ие болса , бул жерлерде жiктер пайда болады . Жіктер тек бас сүйектерінің аралығында болады . Өзара қосылатын сүйек жиектерiнiң пiшiнiне қарай жiктердi былайша бөледi :
1) Тiстi жiк (sutura serrata) - бiр сүйектің тiстеленген жиектерi екiншi сүйектің тістерінің арасына кiрiп тұрады .
2) Қабыршақты жік ( sutura sguamosa )-бiр сүйектің жиегі екінші сүйектің жиегiмен бастырылады .
3) Тегiс жiк ( sutura plana )- екi сүйектің тегіс жиектерi бiр - бiрiне сәйкес қосылып тұрады