2. Білім беру заңын меңгеру


Мектеп күніне орай практика туралы әсері. \эссе\



бет17/19
Дата05.05.2023
өлшемі305,26 Kb.
#90494
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ильяр реферат

21.Мектеп күніне орай практика туралы әсері. \эссе\
Оқу практикасының есебі
Педагогикалық практикадан өту «Ы.Алтынсарин атындағы №1 орта мектеп»КММ мектебіндегі «А» сыныбы маған берілді. Сыныпта негізінен 24 оқушы, оның ішінде 12ұл, 12қыз оқиды. Жетекшісі Сералиева А . Сыныпта математика пәндерін тереңдетіп оқытады. Практика барысында сыныпқа дене шынытыру пәнінен практиканы атқардым.
Педагогикалық практиканың негізгі міндеті жас педагог студенттерді болашаққа даярлап, оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты сезіндіре білу және жас мамандар даярлау болып табылады.
Оқу практикасына шықпас бұрын студенттерге конференциялар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, zoom платформасы арқылы практикадан өту барысында практика бағдармаласында көзделген тапсырмаларды толық орындау, практика күнделігін жүргізу; практикадан өтетін ұйымда ішкі еңбек тәртібінің ережелерін орындау; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария ережелерін оқып, қатаң сақтау; педагогикалық практика бағдарламасында қарастырылған барлық жұмыс түрлерін уақытылы орындау; практика кезінде ол тәртіпті, ұйымшылдықты, әлеуметтік белсенділікті, педагогикалық мамандыққа терең қызығушылық пен балаларға деген сүйіспеншілікті көрсетуі, педагогикалық әдептілікті сақтау керек екендігі тұралы айтылып, ескертілді.
Практиканың алғашқы күнінде мен жалпы практика бойынша құрылған жоспар бойынша жалпы мектеппен және өзімнің жетекшіммен таныстыру өткізілді. Бұл күні маған ең бірінші мектепте өзіңді қалай ұстау керек және мектептің ішкі тәртібі туралы түсіндіріліп өтілді. Сонымен қатар мектептің қауіпсіздік техникасы мен санитария ережелерін оқып шықтым. Одан кейін мені осы практика бойы қадағалап, бағыт бағдар беріп жүретін жекетшіммен таныстырды. Сондай-ақ, мені мектептің директоры және оның оқу ісі жөніндегі орынбасарымен таныстым. Таныстырып болғаннан кейін мені өзіме тапсырылған сыныппен таныстырды. Маған бірінші аусымның 4-сынып оқушылары тапсырылды. Мен өзіме тапсырылған сынып оқушыларымен жақын танысып, тез тіл табысып кету үшін танысу жұмыстарын ұйымдастырдым. Және де мен өз мақсатыма жете алдым, мен оқушылармен тез тіл-табысып араласып кеттім.
Бұдан кейін мен өзімнің жетекшіммен жеке қалып маған сабақтың тақырыптарын таныстырып, сабақтың өткізілу барысын түсіндіріп, сондай-ақ оқу бағдарламасын көрсетіп шықты. Менің жетекшім маған мектеп ішінде кішігірім экскурсия жасады, мені басқа да сыныптармен, мектеп кітапханасымен, психолог кабинетімен, спорт залмен, акт залмен және мединициналық кабинетпен таныстырып өтті.
Осылайша менің практикамның бірінші аптасы жоспарланған жұмыс бойынша орындалды. Бірінші күннен бастап мен мектептің директорымен және оның тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен әңгімелесуден бастап, өз оқушыларымен таныстырылып, мектеп бойынша экскурсия жасалып, мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайымен таныстым. Мен бұл аптада болашақ мұғалім мамандығы туралы түсінікті меңгердім деген ойдамын.
Менің практикамның екінші аптасы жоспар бойынша сабаққа қатысу, мектепің нормативтік құжаттарымен танысу және сынып жетекшінің тапсырмасын орындауға тапсырылды. Мен бұл аптанын бірінші күнін маған тапсырылған 4-сыныпқа өткізілген саббаққа қатыстым. Біз өтетін тақырып балаларға қызықты әрі түсінікті өткізілуі үшін алдын ала жоспар құрып, тақырыпқа байланысты бірнеше ойындар ұйымдастырып, үй тапсырмаларын дайындап қойдық.Сөйтіп мен ең алғашқы дене шынықтыру сабағын өттім.Сабақ мақсатына жетті деген ойдамын.Себебі жоспарланған кезеңдер өте жоғарғы деңгейде өтіліп, балалар шапшаңдықпен, алғырлықпен,қызығушылықпен ойындарға қатысты.Уақытты тиімді пайдаландым.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет