2. Білім беру заңын меңгеру


Мектеп күніне орай қысқаша есеп



бет18/19
Дата05.05.2023
өлшемі305,26 Kb.
#90494
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Ильяр реферат

21.Мектеп күніне орай қысқаша есеп.
Оқушыларға арналған ЕРЕЖЕЛЕР

Осы Ереженің мақсаты: Қазақстан Республикасы жас азаматының жоғары адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу және дамыту,оқушыларға мектепте білім алуға қолайлы жағдай туғызу және мектеп маңайында оқушылардың жүріп тұруына қауіпсіздік жасау.

ОҚУШЫЛАР: мектеп Жарғысын орындауға, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін , мектеп ауласындағы тазалық пен тәртіпті сақтауға және ұстаздар мен басқа жұмыскерлердің еңбегіне құрметпен қарап мектепішілік Ережені сақтауға міндетті.

Оқушылардың сыртқы келбеті.

Бекітілген үлгідегі мектеп формасын киюге: (киім үлгілері мектеп сайтында бар)

Мектепте, тазалықты сақтау мақсатында барлық оқушылар, екінші жеңіл аяқ киім киіп жүруі керек.

Спорттық киімді дене шынықтыру сабағында ғана кию керек, басқа сабақта кию орынсыз.

Мектепте себепсіз сыртқы киіммен жүруге болмайды.

Салтанатты жиналыстарға және жалпымектептік шараларға оқушылар мерекелік киім киіп келуге тиіс.

Мерекелік кештерге, концерт және дискотекаларға оқушылар қалаған киімдерін киіп келеді.

Жалпы тәртіп ережелері.

Оқушылар мектепке мектеп формасын киіп, таза күйінде сабақ басталар алдында 10минут қалғанда кешікпей келулері керек.

Мектепке кіргеннен кейін оқушылар сыртқы киімдерін және аяқ киімдерін шешіп екінші аяқ киімдерін киеді, шаштарын әдемілеп, киімдерін дұрыстап, сыныпқа кіріп оқу құралдарын дайындап мұғалімді күтіп отырады.

Өрт қауіпсіздігі, Жол ережелерін оқып, біліп және сол Ережелерді сақтауға міндетті.
Оқушылар бір- бірімен достық, әдептілік, қайырымдылық қарым- қатынаста болу керек. Жаман әдеттерден аулақ болуы тиіс.
Оқушылар, үлкен адамдарды сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге оларға керек болғанда көмектесуге, мектептің, өзінің және басқаның мүлкін сақтап, ұқыптылықпен қарауға, мұғалімдердің және мектептің басқа жұмыскерлердің талаптарын орындауға міндетті.
Оқушылар бір-бірін атымен атап, үлкен адамдардың тегін атап «сіз» деп және бөтен адамдарға да «сіз» деп сөйлеседі.
Оқушылар үлкен адамдарға жол беріп; кішкентай оқушыларды алдымен жіберуге және де ұлдар қыздарға жол берулері керек.
Бір-бірімен сөйлескенде бұзақы, бейбастақ сөздерді қолданбай, тіл мәдениетін сақтап сөйлесуі керек. Күш қолдану адамның ар-намысын қорлайды, сондықтан мектепте төбелесуге қатаң түрде тыйым салынады.
Оқушыларға: сабақ кезінде мұғалімнің немесе оқу меңгерушісінің рұқсатынсыз мектептен және оның маңайынан, өз бетінше спорттық, мәдени және сыныптан тыс шаралардан кетуге болмайды; мектепте және оның маңайына жарылғыш, жанғыш, сұйық заттарды, пиротехникалық бұйымдарды, газ баллондарын, шылым мен спирттік ішімдіктерді, есеңгірететін және уландыратын заттарды әкеліп пайдалануға қатаң тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет