2 дәріс Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым


Білім беру үдерісінің заңдылықтарын анықтау



бет4/6
Дата27.09.2023
өлшемі3,45 Mb.
#110587
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ДӘРІС 2 Педагогикалық зерттеу

Білім беру үдерісінің заңдылықтарын анықтау педагогиканың тағы да бір міндетімен – қазіргі педагогикалық жүйелерді негіздеумен байланысты. Бұл істе педагогиканың ғылыми теориялық қызметі оның құрастырушылық-техникалық қызметіне қарағанда басым және жүйе құрушылық бағытта болады. Оқыту мен тәрбиенің ғылыми негізделген жүйесін құру, жаңа әдістер мен оқу материалдарын жасау теориялық зерттеулер барысындағы педагогикалық құбылыстардың мәнін табу негізінде ғана мүмкін болады.
Педагогика ғылымының тағы бір міндеті жаңа білім мазмұнын және оған сәйкес оқытудың, тәрбиелеудің, білім беруді басқарудың мазмұнын, формаларын, жүйелерін жасау болып табылады. Әуелі білім мазмұны және оқыту мән тәрбиелеудің әдістері жасалады, сонан соң ғана практикада тұжырымдамалық нұсқауларды іске асыру құралдары даярланады. Қазіргі уақытта біздің еліміздегі білім беру жүйесі оны жаңартудың жүйе құрушылық түсінігін талап ететін жаңару кезеңіне енді.
Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдар
Педагогикалық ғылымдарда пәнаралық ұғымдар тұлға, іс-әрекет, қарым-қатынас, дамыту, әлеуметтену, қалыптастыру т.б. ұғымдары бір-бірімен тығыз байланыста болады.
«Тұлға» ұғымы қазіргі заманауи педагогика мен психологияда кеңінен қолданылады. Адамның ішкі болмысына терең бойлап ену үшін бұл ұғымның үлкен маңыздылығы бар екені даусыз нәрсе. Дегенмен, ғылыми-технологиялық әдебиеттердегі адам тұлғасы мәселенің зерделенуі оның, яғни тұлғаны түсінудің ғылыми қауымдастықта мақұлданған түсініктемесі әзірге жоқ екенін дәлелдеді. Бұл, әрине, адам тұлғасының ғылыми зерделеу пәні ретінде өте күрделі екендігінің айғағы.
Жеке тұлға – адамның анатомиялық-физиологиялық пісіп-жетілуі, оның жүйке және психикалық жүйесінің жетілуі, сонымен бірге танымдық және шығармашылық іс-әрекетті, дүниетанымдық, қоғамдық-саяси көзқарастарды, наным-сенімдерді байытудағы сандық және сапалық өзгерістердің өзара байланысу үдерісі.
Даму дегеніміз, ең алдымен адам ағзасындағы физиологиялық және психологиялық сапалық өзгерістер. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді. Әлеуметтендіру – адамның өмір бойы айналадағы ортамен әрекеттесу үдерісіндегі әлеуметтік қалыптар мен мәдени құндылықтарды жасауы арқылы өз бетінше дамуы және мүмкіндіктерін өз бетінше қоғамда жүзеге асыруы.
Үдеріс – жүйенің күй-жайының ауысуы, демек, білім беру үдерісі – әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй-жайының ауысуы. Сондықтан педагогикалық әрекет және педагогикалық үдеріс – екеуі бір нәрсе емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет