2 дәріс Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым


Ғылымды кең мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады



бет2/6
Дата27.09.2023
өлшемі3,45 Mb.
#110587
1   2   3   4   5   6

Ғылымды кең мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады.

  • Ғылымды кең мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады.
  • Ғылым – ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін нысандары туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі.
  • Ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған және белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: модельдеу, болжам жасау, эксперимент жүргізу және т.б.

Педагогика – адамтану саласы
XX-XXI ғасырлар тоғысында кез-келген елдің тұрақты өркендеуін қамтамасыз ететін ең басты фактор – адам. Өркениетте адам рөлінің атуы, адами капиталдың қоғам дамуының негізгі ресурсына айналуы адам туралы ғылымдардың ішінде алдымен білім беру туралы арнайы ғылым педагогиканың маңызын арттырды.
Ғылым – қоғамдық сананың бір түрі және сол ғылымда жинақталған білімнен, өмірлік тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді.

Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы

Қазақстан қоғамындағы өзгерістерге байланысты педагогика ғылымы: социалистік, коммунистік, демократиялық, гуманистік сипатта дамыған. Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы ұлы ойшылдардың (Әл-Фараби, Ж.Баласағүн, М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин. А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов және т.б.) еңбектерімен байланысты. Олардың еңбектері мен беделі, тарихи кезеңдерде қазақ халқын оқыту мен тәрбиелеуде қозғаушы күш болды.

20-30жж. ағартушы педагогтар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Жұмабаев және т.б. педагогика мен мектептегі оқытудың дамуына тарихи-мәдени мұра мен қазақ халқының салт-дәстүрлері тұрғысынан өшпес үлес қосты. Білім беруді қолдау негізінде олар келесі оқу пәндерін енгізген: әліппе, ана тілі және әдебиеті, тарих, география, Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі, Қазақтың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекет түрлері негізіндегі еңбек тәрбиесі, бейнелеу өнері, ұлттық ойындар және т.б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет