2 дәріс Педагогика адам тәрбиесі туралы ғылым



бет3/6
Дата27.09.2023
өлшемі3,45 Mb.
#110587
1   2   3   4   5   6

20-30жж. ағартушы педагогтар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Жұмабаев және т.б. педагогика мен мектептегі оқытудың дамуына тарихи-мәдени мұра мен қазақ халқының салт-дәстүрлері тұрғысынан өшпес үлес қосты. Білім беруді қолдау негізінде олар келесі оқу пәндерін енгізген: әліппе, ана тілі және әдебиеті, тарих, география, Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі, Қазақтың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекет түрлері негізіндегі еңбек тәрбиесі, бейнелеу өнері, ұлттық ойындар және т.б.

Қазақ ағартушыларының демократиялық ойлары мемлекеттік партия ұйымдарының саяси идеологиялық үкіміне қарсы тұра алмады.

50-60 жылдары педагогика теориясы мен тәжірибесінде жаңа құбылыстар пайда болып тарихи-педагогикалық зерттеулер қарқынды өсіп, педагогика ғылымның іргетасы қаланды.

50-60 жылдары педагогика теориясы мен тәжірибесінде жаңа құбылыстар пайда болып тарихи-педагогикалық зерттеулер қарқынды өсіп, педагогика ғылымның іргетасы қаланды.

80 жылдары бастау алған қазіргі заман педагогикалық білімінің дамуы «педагогикалық серіктестік» деп аталған жаңашыл педагогтардың инновациялық іс-әрекеттерімен сипатталады. Педагогикадағы бұл кезең оқытушы мен оқушылардың қарым-қатынасы саласындағы субъект-объект қатынасына субъект-субъект қатынасына ауысу, оқу-тәрбие үрдісін монологтық формадан диалогтыққа көшу т.б. белгілі. Бұл оқушының оқу іс-әрекетінің психологиясын, оқу үрдісінің механизмі мен технологиясын, «оқытушы-оқушы» жүйесінің тиімді құрылымдануына белсенді жағдай жасауды терең зерттеулер жүргізілді. Осы арқылы психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары анықталып, дидактиканың әртүрлі бағыттарын зерттеу негізгі даму бағытына айналды.


Педагогика ғылым ретінде
Бұл ретте ғылыми пән оның құрылымының жүйе құрушы элементі түрінде педагогиканың өзін-өзі дамытуын зерттеудің өміршеңдігін қарастырады. Ғылымның дамуы ғылыми білімнің саралануы мен кірігуінің өзара байланысты үдерісімен сипатталады. Ғылымдардың байланыс үдерісі, кешенді тәсілді қолдану көптеген жеке ғылымдарға тән, философиялық ұғымдардан ажыратылатын түсініктердің пайда болуына ықпал етті. Бұндай интегративті сипаттағы ғылыми негіздеме бірнеше пәндердің әлеуетін біріктіретін түсініктер педагогикада да кеңінен қолданылады. Осы уақытта зерттеу жүргізу «жүйе», «құрылым», «әрекет», «әлеуметтік», «оңтайлылық», «жағдай», «ұйымдастыру», «болжам», «деңгей» және басқа да жалпы ғылымилық түсініктер орын алады.
Жалпы ғылымилық түсініктерді педагогиканың пәніне қатысты ойластырғанда, педагогиканың терминологиясы «педагогикалық болмыс», «педагогикалық жүйе», «білім беру үдерісі», «педагогикалық өзара әрекеттестік» сияқты сөз тіркестерімен толықтырылады.
Жүйе дегеніміз – бірі өзгеріске ұшыраса, басқалары да өзгеретін өзара байланысты элементтердің тұтас кешені. Зерделенетін нысанға жүйелілік тұғырын қолдануды анықтау есепке алынатын жүйенің ең қажетті сипаттамасы: құрамы (оған енетін элементтер жиынтығы), құрылымы (олардың арасындағы байланыс) және әрбір элементтің қызметі, оның жүйедегі рөлі мен маңызы. Өз кезегінде жүйенің элементі басқа бір кең жүйеге оның бөлігі ретінде енуі мүмкін.
Педагогика кез-келген ғылым сияқты шынайы болмысты бейнелейді. Сондықтан, педагогикалық болмысты педагогикалық әрекетті ғылыми қарастыруға алынған болмыс деп анықтауға болады.
Жүйе және әрекет туралы түсініктер мен «білім беру үдерісі» түсінігі арақатынасын қарастыру керек. Үдеріс – жүйенің хал-ақуалының ауысуы, демек, білім беру үдерісі әрекет ретінде білім беру жүйесінің күй-жайының ауысуы. Сондықтан, педагогикалық әрекет және педагогикалық үдеріс – екеуі бір нәрсе емес. Педагогикалық үдеріс – қозғалыстағы, дамудағы әрекет. Тек оны ойша ғана тоқтатып, педагогикалық әрекеттің бөліктерін талдауға болады.
Енді бір маңызды ұғым – «педагогикалық өзара әрекеттестік», практикалық педагогикалық әрекеттің мәнді белгісі – оның екі жақты сипатын бейнелейді. Бұл қасиет арқылы педагогикада мақсат қоюмен және басшылық етумен байланыстының бәрін сипаттайды. Педагогикалық зерттеулерде іргелес ғылымнан алынған ұғымдарды бөліп көрсетуге болады. Психологиядан («қабылдау», «меңгеру», «ақыл-ойдың дамуы», «еске сақтау», «іскерліктер», «дағдылар»), кибернетикадан («кері байланыс», «динамикалық жүйе») алынған көптеген ұғымдарды педагогикада кеңінен қолданыс табуда.
Объект – осы ғылым зерттейтін шынайы болмыстың саласы. Пәні – объектіні осы ғылым тұрғысынан көре білу тәсілі. Нысан дегеніміз – зерттеушінің танымдық әрекеті бағытталған шынайы болмыс, ал пән дегеніміз – зерттеудің нысанын (объектісін) ғылыми тұрғыдан көру тәсілін бейнелейтін зерттеу субъектісі мен объектісі арасындағы буын.
Педагогика – бұл білім және тәрбие беру әрекетінің түрлі жақтарын зерттейтін басқа ғылымдар қатарындағы білім және тәрбие беру туралы арнайы ғылым. Бұл білім беруді өзінің құрамдас бөліктерімен бірлікте қарастырып зерттейтін, өзінің зерттеу объектісі ретінде санайтын бірден-бір ғылыми пән. Сонымен, педагогика білім және тәрбие беру туралы бірден-бір арнайы, кең ауқымды ғылымдар жүйесінің қатарына кіреді. Педагогика ғылымының саласы құрсақ тәрбиесінен бастау алады (С.Ғабассов).
Педагогиканың негізгі салалары: педагогика тарихы, этнопедагогика, халықтық педагогика, отбасы педагогикасы, әлеуметтік педагогика, жас ерекшелік педагогикасы, мектепке дейінгі тәрбие, тәрбие теориясы мен әдістемесі, мектеп педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, кәсіптік педагогика, қосымша білім беру, басқару педагогикасы, түзелту-еңбек педагогикасы, әскери педагогика, салыстырмалы педагогика, жеке пәндер әдістемесі, арнайы педагогика т.б.
Арнайы педагогиканың өзі адамдардың денсаулықтарының кемістігіне байланысты бірнеше салаға бөлінеді: сурдопедагогика – саңырау, мылқау, керең адамдарға, тифлопедагогика – көру қабілеті нашар, соқыр адамдарға, олигофренопедагогика – ақыл есі кем адамдарға, логопедия – тілінің кемісі бар адамдарға тәрбие және білім берумен айналысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет