Ғылымды кең мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады.
Ғылымды кең мағынада шындық өмір туралы объективті білімдерді жасау және теориялық жинақтау іске асатын адами әрекеттің бір саласы деп қарастырады.
Ғылым – ғылымның құралдары мен әдістері пайдаланылатын және зерттелетін нысандары туралы білімдердің қалыптасуымен аяқталатын объектіні жүйелі және мақсатқа бағытталған түрде зерделейтін таным үдерісінің ерекше түрі.
Ғылыми мәселелерді шешуге бағытталған және белгілі бір олқылықтардың орнын толтырады. Зерттеу барысында танымның арнайы құралдары қолданылады: модельдеу, болжам жасау, эксперимент жүргізу және т.б.
Педагогика – адамтану саласы XX-XXI ғасырлар тоғысында кез-келген елдің тұрақты өркендеуін қамтамасыз ететін ең басты фактор – адам. Өркениетте адам рөлінің атуы, адами капиталдың қоғам дамуының негізгі ресурсына айналуы адам туралы ғылымдардың ішінде алдымен білім беру туралы арнайы ғылым педагогиканың маңызын арттырды.
Ғылым – қоғамдық сананың бір түрі және сол ғылымда жинақталған білімнен, өмірлік тәжірибеден алынған ақпаратқа сүйенеді.
Қазақстандағы педагогика ғылымының дамуы
Қазақстан қоғамындағы өзгерістерге байланысты педагогика ғылымы: социалистік, коммунистік, демократиялық, гуманистік сипатта дамыған. Қазақстандағы педагогикалық ойлардың дамуы ұлы ойшылдардың (Әл-Фараби, Ж.Баласағүн, М.Қашқари, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин. А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов және т.б.) еңбектерімен байланысты. Олардың еңбектері мен беделі, тарихи кезеңдерде қазақ халқын оқыту мен тәрбиелеуде қозғаушы күш болды.
20-30жж. ағартушы педагогтар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Жұмабаев және т.б. педагогика мен мектептегі оқытудың дамуына тарихи-мәдени мұра мен қазақ халқының салт-дәстүрлері тұрғысынан өшпес үлес қосты. Білім беруді қолдау негізінде олар келесі оқу пәндерін енгізген: әліппе, ана тілі және әдебиеті, тарих, география, Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар әлемі, Қазақтың дәстүрлі шаруашылық іс-әрекет түрлері негізіндегі еңбек тәрбиесі, бейнелеу өнері, ұлттық ойындар және т.б.