Жатыр түтікшесі 4 бөлімнен тұрады: интерстициалды, қылта бөлігі, салпыншақ бөлігі, оймыш бөлігі.
ЖТ қабырғасы: ішкі -шырышты, ортанғы- бұлшық етті, сыртқы-дәнекер шырышты қабаттары бар. Ұрықтану кезінде аналық және аталық жыныс клеткалары осы жатыр түтігінде кездеседі.
Аналық без-әйел жыныс безі, жұп ағза, ішкі секрекция бездерідеп аталады (эстроген, прогестерон гормондары түзіледі). Аналық бездің пішіні овоид тәрізді, ұзындығы 3 см, ені 2 см, қалыңдығы 1 см, салмағы 5-8 г. Аналық без жамбастың екі жақ бүйірінде жатырдың жалпақ байламының артында орналасқан. АБ түсі ақшыл-қызғылт, 2 беттен тұрады: медиалды беті- жамбас қуысына бағытталған, латералды- жамбас қабырғасына орналасқан. АБ ойығы бар, бұл жерден артерия мен нерв енеді,вена мен лимфа тамырлары шығады. АБ жоғарғы бөлігі-жатыр түтікшелеріне қарай бағытталған, төменгі-жатырлық бөлігі, жатыр мен аналық бездің байламы арқылы қосылған.Бұл бездің топографиясы жатырдың көлемі мен орналасу бағытына байланысты, аналық без жамбас қуысындағы ең жылжымалы мүше.
Әйел жыныс ағзаларының жасқа байланысты анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
Әр әйелдің өмірінде мынадай жас кезеңдері болады:эмбриондық, балалық шақ, жыныстық пісіп жетілу, жыныстық жетілу, климактериялық кезең, менопауза, кәрілік кезең. Әрқайсысының өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар.
Құрсақ ішілік кезең 2-ге бөлінеді:эмбриондық және нәрестелік.
Эмбриондық(антенеталдық) кезең- ұрықтанудан нәрестенің туылып шығуына дейінгі кезең.
Балалық шақ(пубертат алды кезең) туыла салысымен 10 жасқа дейін созылады. Бұл кезеңдегі өзгерістер жыныс мүшелерінде айқын емес.
Жыныстық жетілу кезеңі(пубертаттық кезең) 10 жастан 16 дейін созылады. Ол балалық шақтан сексуалдық жетілудің өтпелі сатысы деп аталады.
Жыныстық жетілген кезеңі (репродуктивті кезең) 16 жастан 49 жасқа дейін. Бұл кезеңде әйел ағзалары функционалдық жетіліп, өзінің жыныстық репродуктивтік қызметтерін толық іске асырады.
Климактериялық кезең(климакс). Қалыпты жағдайда 45-50 жастан басталып 2-3 жылға созылады. Бұл кезеңде етеккір қызметінің физиологиялық тоқтауы орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |