2 Дәріс. Тақырып. Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте басы-босану обьектісі



бет4/5
Дата09.06.2023
өлшемі20,31 Kb.
#99945
1   2   3   4   5
Менопауза кезеңі( климакстан кейінгі кезең)-етеккірдің толық тоқталуымен басталып, 70 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.
Қартаю кезеңі( кәрілік, синилдік) 70 жастан басталып өмірінің соңына дейін жүреді. Ол бүкіл ағзалар мен жүйелердің, соның ішінде жыныстық ағзалардың өзгерістерімен сипатталады.
Сүт безі
Сүт безі жок без қабырға тұсында кеуденің үлкен бұлшық етті үстінде кеуде шандырымен оралып тұрады. Даму кезінде тер бездеріне ұқсап дамиды.Бірақ атқаратын қызметі жыныс мүшелеріне байланысты. Оның үлкендігі пішіні әр түрлі болады. Әйелдің жүкті кезінде және бала емізу уақытында оның пішіні өзгеріп тұрады. Бездің ортасы үшкірленіп емізік пайда болады. Емізік айналасы дөңгеленіп терісі бұжырланған қоңыр болады. Бездің осы бөлігі біріңғай салалы бұлшық етпен сезгіш ұштарына бай. Бұлшық еттің жиырылуынан емізік үшкірленеді. Ал бала емгенде емізік ұшындағы жыныс ұштары тітіркенгенде сүт шығады. Сүт безі 15-20 бөлектерден әрбір бөлек безді бөлшектерден тұрады. Бездің бөлшектерінің сүт өзектері бар.Олар емізіктің ұшындағы тесіктерге ашылады. Бөлшектердің аралығында және тері астында май ұлпалары бар. Олардың сыртын дәнекер ұлпалы қабық қаптап тұрады.
Әйел жамбасының құрылымы. Жамбастың сыртқы өлшемдерін,диагональді және акушериялық коньюгатаны анықтау.
Босану жолдарының негізін жамбас куысы құрайды.
Жамбас қуысы-екі жамбас, сегізкөз, құйымшақ сүйектерінен құралған.
Жамбас 4сүйектен тұрады: 1) мықын
2) шат
3)шонданай сүйектері
Үлкен жамбас қуысы. Кіші жамбас қуысымен салыстырғанда кең және көлемді. Оның қуысы 2 жағынан мықын сүйегінің ойыс беттерімен, артқы жағы 5 бел омыртқамен шектеліп жатады.
Кіші жамбас қуысы.Кіші жамбас қуысы айналасы сүйектермен , үсті-кіреберіс,
асты-шыгаберіс жазықтықтармен қоршалған кеңістік. Бұл 4 жазықтықтан тұрады:
· Жамбасқа кіреберіс жазықтық.
· Жамбас қуысының кең бөлігінің жазықтығы.
· Жамбас қуысының тар бөлігінің жазықтығы.
· Жамбас қуысының шығаберіс жазықтығы .
· Жамбас қуысына кіреберіс жазықтық алдынан симфиздің жоғарғы және шат сүйегінің жоғарғы ішкі жиектерімен, бүйірінен мықын сүйегінің доғал сызығымен, артынан-сегізкөз мүйісімен шектеледі. Жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында 3 өлшем бар: тік, көлденең және екі қиғаш өлшемдері.
Тік өлшемі–сегізкөз мүйісінен ішкі бетінің ең шығынқы жеріне дейінгі аралық. Бұл нағыз немесе акушерлік коньюгата, 11 см-ге тең (conjugate vera), тағы анатомиялық коньюгата бар , ол акушерлік коньюгатадан 0,3-0,5см артық.
Көлденең өлшемі-мықын сүйектерінің доғал сызықтарының ең алшақ жатқан нүктелерінің аралығы, шамамен-13-13,5 см.
Оң жақ және сол қиғаш өлшемдері 12-12,5 см. Оң қиғаш өлшем –оң жақ сегізкөз мықын буындасуынан сол жақ мықын-шат төмпешігіне дейінгі аралық. Сол қиғаш өлшем-керісінше.
· Жамбас қуысы кең бөлігінің жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан симфиздің ішкі бетінің ортасымен, бүйірінен ұршық ойығының ортасымен, артынан ІІ-ІІІ сегізкөз омыртқаларының жалғасқан жерімен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет