2 Дәріс. Тақырып. Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте басы-босану обьектісі



бет2/5
Дата09.06.2023
өлшемі20,31 Kb.
#99945
1   2   3   4   5
Қынап сағасы-алдыңғы жағынан шүртімен, артқы және төменгі жағынан үлкен жыныс ернеулерімен қоршалған кеңістік, қынап сағасының түбін қыздық құрайды.
Аралық-тері, шандыр және бұлшық еттен тұрады, ол үлкен жыныс ернеуінің артқы жабысқан жері мен құйымшақ арасында. Аралықтың шандыры мен бұлшық еттері жамбас түбін құрайды.
Акушерлік тәжірибеде алдыңғы аралықтың маңызы зор, босану кезеңінде бұлшықеттер созылып, жыртылуы мүмкін.
Ішкі жыныс мүшелері:
Қынап-ұзындығы 7-10 см бұлшық етті түтік. Оның кіреберісіндегі түтігін сыртқы шетінен қыздық перде жауып тұрады. Жоғары жағынан - жатыр мойнымен, төменгі жағынан- кіші жыныс ернеулердің арасындағы қынап кіреберісімен шектелген. Қынап қабырғасы мен жатыр мойын арасында күмбездер бар. Күмбездер:алдынғы-артқы, оң және сол болып бөлінеді. Артқы күмбез алдыңғыға қарағанда тереңірек. Қынап қабырғасы 3 қабаттан тұрады: 1. Ішкі -шырышты
Ортаңғы -бұлшық етті
• Сыртқы -дәнекер ұлпалы
Ішкі шырышты қабатында көлденең қатпарлары бар. Шырышты қабат пен бұлшық етті қабаты серпімді созылғыш келеді. Сол себепті әйел босанғанда қынап кеңейеді, бала өтеді .Кейін қайта орнына қалыптасады. Қынап дәнекерлі қабаты арқылы
айналасындағы мүшелерге бекиді.
Жатыр-алмұрт тәрізді,қозғалмалы мүше, салмағы 50г, ұзындығы 8см, ені 5 см, қабырғасының қалыңдығы 1-2см. Жамбастың кіші астауында қуық пен тік ішектің арасында орналасқан. Денесі, түбі және мойны бар. Жатырдың алды қуыққа ,арты тік ішекке қараған. Жатыр қабырғасы 3 қабаттан тұрады.
• Ішкі қабаты-эндометрий
Ортаңғы қабаты-миометрий
• Сыртқы қабаты-периметрий.
Жатырдың шырышты қабаты түтік бездерге бай. Жыныстық жетілген жатырдың шырышты қабатында жұмыртқа жасушаның жетілуіне овуляция процесіне байланысты әр 28 күнде өзгерістер өтеді. Оны 3 сатыға бөледі.
• Етеккір сатысы-бұл кезде шырышты қабатының қан тамырлары жарылып түлейді. Жарылған қан тамырлар аққан қанмен түлейтін шырышты қабат сыртқа шығып 3-5 күнге созылады. Қалыпты жағдайда 30-50 мл қан кетеді.
• Етеккірден кейінгі саты-12-14 күнге созылады. Бұл аралықта жатырдың шырышты қабаты орнына келеді.
• Етеккір алды сатысы-10-12 күнге созылады. Бұл аралықта жатырдың шырышты қабаты қалыңдайды. Жасушада гликогендер, липидтер, витаминдер, микроэлементтер жиналып ұрықтанған аналық жасушасын қабылдауға дайындалады. Егер ұрықтану болмаса етеккір сатысы қайталанады. Сыртқы қабаты жатырды жан-жақтан жауып қаптап тұрады. Жатыр мойнының 2 бүйірінен периметр қабатымен қаптап тұрады.
Жатырды бекітіп тұратын 3 жалғамасы бар:жалпақ жалғама, дөңгелек жалғама, тік ішек жалғама.
Жатыр түтігі-ұзындығы 10-12 см, жатырдың 2 бүйірінде кіші жамбас астауында жалпақ байламының үстінде орналасқан. Жатыр түтігінің негізгі атқаратын қызметі ұрықтанған клетканы жатырға өткізеді.Жатыр бөлігі жіңішкеріп жатыр қайта ашылып құйғыш тәрізді кеңейіп ұшында шашақтары пайда болады.
Жатыр түтігінің 2 түрі бар. 1.Жатыр қуысына
2.Аналық қуысына


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет