2 Дәріс. Тақырып. Әйел жыныс ағзаларының анатомиясы мен физиологиясы. Әйел жамбасы. Нәресте басы-босану обьектісі


Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар



бет5/5
Дата09.06.2023
өлшемі20,31 Kb.
#99945
1   2   3   4   5
Байланысты:
2-әйел жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физиологиясы

Жамбастың бұл бөлігінің тік және көлденең өлшемдері бар.
Тік өлшемі-сегізкөздің ІІ, ІІІ омыртқаларының қосылған жерінен симфиздің ішкі бетінің ортасына дейін, ол 12,5 см.
Көлденең өлшемі-ұршық ойыстарының арасы, 12,5 см-ге тең.
3. Жамбас қуысы тар бөлігінің жазықтығы алдынан-симфиздің төменгі жиегімен, бүйірінен-шонданай сүйектерінің қырларымен, ал артынан-сегізкөз-құйымшақ буындасымен шектелген.
Тік өлшемі-сегізкөз –құйымшақ буындасынан симфиздің төменгі жиегіне дейінгі аралықта орналасқан 11-11,5 см тең.
Көлденең өлшемі-шонданай сүйектері қырының ара-қашықтығымен өлшенеді, ол 10,5см.
Жамбастың шығаберіс жазықтығы төмендегідей шектелген: алдынан-симфиздің төменгі жиегі, бүйірінен шонданай төмпешіктері, артынан құйымшақ ұшы, бұл жерде тік және көлденең өлшемдер бар.
Тік өлшемі-құйымшақ ұшынан, симфиздің төменгі жиегіне дейін. Ол 9,5 см тең. Нәресте кіші жамбас арқылы шыққан кезде құйымшақ артқа қарай 1,5-2 см жылжиды. Осының нәтижесінде тік өлшем 11,5 см ұлғаяды.
Көлденең өлшемі-шонданай төмпешіктерінің ішкі бетінің аралықтарымен өлшейді-11 см.
Жамбас өлшемдерін өлшеу
Жамбас өлшемдерін анықтау үшін, жүкті әйел қатты тақта үстінде екі аяғын созып, шалқасынан жатады.
Үлкен жамбастың төрт өлшемі бар, үш көлденең және бір тік өлшем:
• Distantia spinarum – мықын сүйектерінің алдыңғы-жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін осы өсінділердің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-26 см.
• Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралығы
(28-29см). Ол үшін өлшеуіштің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.
• Distantia trochanterica – ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31-32 см-ге тең.
• Conjugata externa – сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созуы керек. Өлшеуіштердің бір түймесін шаттың сыртқы –жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын-сегізкөзүсті ойығына орналастырады. Сыртқы конъюгата қалыпты жағдайда 20-21 см.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет