2. ДӘріс тезистері


Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары мен бағыттары. «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың түпкі нәтижелері – құзіреттіліктер



бет2/13
Дата23.04.2022
өлшемі120,38 Kb.
#31996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қазақ әдебиетін оқытудың жаңа тенденциялары, парадигмалары, қағидалары мен бағыттары. «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың түпкі нәтижелері – құзіреттіліктер.

Дәрістің қысқаша мазмұны:



Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін - өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан - жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.
«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ онда «құзыр» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс - әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас салалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арна тоғысуы деуге болады.
Кәсіби құзырлылықтың қатарына келесі қабілеттер жатады:
• Бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық);
• Мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
• Оқу - танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
• Коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым - қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
• Ақпараттық - технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық объектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
• Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі (әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
• Тұлғалық өзін - өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


Тест:

1.Бағдарлы құзіреттілік

А) Шебер сөйлеуге баулу

В) Көркем шығармаларды оқыту арқылы оқушылардың әдеби туындыны жан-жақты түсіну

С) Жазушы стилі,тілі жайында мәлімет беру

D)Азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу,

Е) елжандылық, Азаматтық белсенділік,

F) Қоғамдық ғылымдармен байланыс

G) Ғылымның өзіне ғана тән заңдылықтарын айқындап беру

H) саяси жүйені түсіну, баға бере білу,


2.Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің өлшемі:

А) инновациялық технологияны меңгеруі

В) жазбаша жұмысты білуі

С) білімінің жан - жақтылығы, ұстаздық шеберлігі,

D) дауыс мәнері

Е) сөйлеу қалпы

F) қаталдығы

G) педагогикалық әдебі

H) оқытудың жаңа әдістерін

3. жаңа білім беру реформасы

А) ұлттық дәстүрлі білімге көшу

В) 12 жылдық білім беруге көшу

С) бастауыштық білімге көшу

D) үш тілде білім беруге көшу

Е) кеңестік білім беруге көшу

F) қазақша, ағылшынша, орысша білім беруге көшу

G) тәуелсіздік кезеңдегі білім беруге көшу

H) қазақи білім беруге көшу


4. Латын тілінен аударғанда құзіреттілік

А) «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі»

В) «құзырлық – өз ісіне жетуге асығу»

С) «құзырлық – тәжірибе алмасу»

D) «құзырлық – педагогикалық жағдаят шешу»

Е) «құзырлық – өз ісінің нағыз білімді, тәжірибелі маманы болу»

F) «құзырлық – өз ісін жетік білмейтін, танымы аз маман»

G) «құзырлық – өз ісін жетік білуге тырыспайтын маман»

H) «құзырлық – өз ісін орташа білетін, тәжірибелі маман»
5. Мәдениеттанымдылық құзіреттілік

А) ұйымдастырушылық қабілеті мол маман

В) ұлттық ерекшеліктерді тани білу,

С) тілді үйренуге бейім маман

D)әлем әдебиетін көп оқу

Е) дүниежүзілік тілді игеру

F) өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру,

G) өз ана тәілін түсінбейтін маман

H) ұлттық ерекшеліктерді тани білу, саралай білу қабілеті жоғары маман
6. Оқу - танымдық құзіреттілік

А) экономикалық заңдылықтарды білуге қабілетті

В) ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу

С) педагогикалық зерттеуге жақын

D)өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білуге бағыттау

Е) әдістеме ғылымына

F) психологиялық жас ерекшелікті ескермеу

G) ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасау қабілетінің жоғары болуы

H) сабақтың жоспарлы өтуіне бағынбау
7. Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі

А) ұйымдастырушылық қабілеті мол маман

В) ұлттық ерекшеліктерді тани білу,

С) әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу,

D) түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті

Е) дүниежүзілік тілді игеру

F) өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру,

G) өз ана тәілін түсінбейтін маман

H) ұлттық ерекшеліктерді тани білу, саралай білу қабілеті жоғары маман
8.Тұлғалық өзін - өзі дамыту құзіреттілігі

А) отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілетін дамытпау

В) отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілетіне жетпеу

С) отбасылық еңбек, саяси білімі мен экономика саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті

D)отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілетінің аздығы

Е) отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілетінің болмауы

F) сыртқы және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті

G) отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеттерінің дамымауы

H) экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті
9. Құзіреттілік түрлері

А) пәндік құзіреттілік, кәсіби, танымдық құзіреттілік, құзіреттілік.

В) үйренушілік, ұйымдастырушылық құзірет

С) әлеуметтік-тұлғалық, қатысымдық құзіреттілік,

D)мәнерлеп оқу, көркем сөйлеу құзіреті

Е) проблемалардың шешімін табу құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілік,

F) сыныптан тысқұзіреттілік

G) ата-аналармен жұмыстағы құзіреттілік

H) ұжымдағы еңбек ету құзіреттілігі
10.Коммуникативтік құзіреттілік

А) мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде қатынас дағдылары болуы

В) адамдармен өзара қарым - қатынас тәсілдерін білмеу

С) халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы

D)адамдармен өзара қарым - қатынас тәсілдерін білуге құмартпау,

Е) адамдармен өзара қарым - қатынас тәсілдерін білудан бас тарту,

F) тілді меңгеруі жоғары бірақ қатынас дағдысы аздау

G) адамдармен өзара қарым - қатынас тәсілдерін білу,

H) адамдармен өзара қарым - қатынас тәсілдерін білуге дәрежесі жете алмау
Сұрақтар:

1.Құзірет және құзіреттілік ұғымдары

2.Педагогтың кәсіби құзыреттілігі –

3.Кәсіби құзіреттілік түрлері: арнайы кәсіптік, дара, жеке, әлеуметтік.

4.Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің компоненттері

5.Кәсіби құзіреттілік аспектілері: Мәндік. Проблемалық-практикалық, коммуникативтік

6.Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін дамыту жұмыстары

7.Қазақ әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзіреттілікгі




1

№ 3-4

дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет