2. ДӘріс тезистері


Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері



бет7/13
Дата23.04.2022
өлшемі120,38 Kb.
#31996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Әдебиет сабақтарында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Кіріспе жұмыстары мазмұнына қарай 3 салаға бөлінеді:

1) Заман, қоғам жайындағы тарихи түсінік;

2) Жазушының өмірбаяны жайындағы түсінік;

3) Мәтінге байланысты тақырыптық түсінік .

Бұл үш кіріспе түсініктің әр қайсысы әр жерде қажеттілігіне қарай қолданылады. Кейде қабаттастырыла қолданылуы да мүмкін. 5-8 сыныптарда өмірбаянға көп уақыт кетіріп, бөгде материалды көбейтудің қажеті жоқ. Автор туралы қысқаша түсінік жеткілікті. Ал оқылатын материалға, ондағы өмір суретіне байланысты тақырыптық түсінік оқу-талдау мақсатына жақын келеді .

Кіріспе жұмыстар – мәтінді өтуге балалардың дайындығының, белсенді қатысып отыруының шарты. Бұл дайындықты екі түрлі тәсілмен жасауға болады:

1) Өмір көріністерінен, қоғамдық күндегі практикадан мысал келтіру арқылы дайындау;


  1. Тарихи-өмірбаяндық түсініктен бастау.

Жаңа білімді меңгерту көркем мәтінмен жұмыс түрлері. Кіріспе әңгімеден кейін мұғалім мәтінмен жұмыс жасауды бастайды. Мәтінді оқу-әдебиет сабағының басты буыны. Оқушылар мәтінді оқиды, оқиғаны ауызша мазмұндайды, бөлімдерге бөліп ат қояды. Мұнан соң мұғалім сұрақ-жауап әдісі бойынша шығарманың проблемалары мен тақырыбын анықтайды. Бұл өте жүйелі жаттығуды талап етеді. Оқу сабағы немесе жаңа сабақты түсіндіру кезінде жасалатын жұмыс түрлері өте көп. Жедел оқу, көркем оқу, сөйлету, таным – осының бәрі мәтінмен байланысты. Прозалық шығарманы мұғалімнің оқуы үш түрлі болуы мүмкін:

а) кітаптан оқу,

б) мазмұнын көркемдеп әңгімелеу,

в)монтаждап оқу

Бұлардың аса тиімдісі –кітаптан оқу. Мәтінді оқушылар сыныпта, үйде оқып, мазмұндайды. Мәтінді толық оқып болмайынша, талдауды бастауға болмайды. Шығарма мазмұнымен толық танысқаннан кейін мазмұнға байланысты сұрақтар бір бөлек, талдауға байланысты сұрақтар бір бөлек, қорытуға байланысты сұрақтар бір бөлек беріледі.

Алғашқы оқу тұтас оқу болса, екінші оқу шығарма бөлімдерін теріп, талдап оқу, кейінгі оқу жаттықтыру, жинақтау мақсатын көздеп оқыту болады. Оқушы көркем шығарманы көп оқуы керек. Оларды дауыстап та, іштей де оқуға болады. Педагог Я.А.Коменскийдің үш оқу қағидасы осыны білдіреді. Педагогтің айтуынша білімнің негізіне әуелі зат (пән), көркем мәтін, содан соң талдау, соңында қорыту тұрады. Әсіресе сыныпта оқуға көп көңіл бөлу керек. Мұғалім жыл бойы оқылатын шығармалардың тізімін беріп, оны оқуын қадағалап сұрап отыру керек. Сыныпта өтілген мәтінді үйде толық оқуын назардан тыс қалдырмау керек.

Әдеби оқу жүйесінде оқылған мәтінге жоспар жасатып үйрету елеулі орын алады. Жоспар жасай білу – оқылған шығарманың мазмұнын жүйелі әңгімелеуге, мазмұны мен тақырыбын, құрылысын, образдарын, оның ішкі ерекшелігін, идеясын танып, талдап оқудың құралы. Сонымен бірге ол- оқушының сабаққа саналы, белсенді қатысуын күшейтіп, ойы мен тілін дамытудың құралы. Көркем мәтінді мазмұндау жоспарлы болу керек. Жоспар құрылысына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай жоспарды 5 сыныптан бастап жасап үйретіледі. 7 сыныпта жоспар жасау дағдыға айналуы керек. 8 сыныптан бастап оқушы жоспардың қай түрінде еркін меңгеруі тиіс. Жай жоспар оқылған шығарманың оқиғалық-мағыналық негізгі буындарын тауып, соған ат қою мақсатын көздейді. Олар мазмұндық жоспар немесе сюжеттік, мінездемелік болып бөлінеді. Жай жоспарға оқиғасы қысқа, сюжетті мәтіндер алынады. Ал күрделі жоспар жасалатын мәтіннің оқиғасы да, құрылысы да күрделі болады. Күрделі жоспар оқиғаның негізгі бөлімдерін табумен бірге, әрбір бөлімнің ішкі мазмұнына еніп, соның кішігірім бөлшектерін де қамтиды. Күрделі жоспар, дәлірек, толығырақ жоспар. Күрделі жоспарды 6 сыныптан бастап үйрете бастаған дұрыс. Жоспар жасата білу үшін мұғалім шығарма композициясын, көркем элементтерін, тақырыбы мен идеясын білумен бірге, жоспар мақсаты мен жасап алу жолын да білуі тиіс. Жоспар жасауда мәтіннің өзін тұтас оқып, оның бөлшектерін табудан бастаймыз. Мұны мәтінді мүшелдеу дейміз. Күрделі жоспар жасағанда оқиғаны ретімен толығырақ тізіп, үлкен топқа бөліп, сол топтарға ат қойғызып, қалғанын жіктестіріп бөлуге болады. Жоспар жасау біріншіден, шығарманың құрылысын, тақырыбы мен мазмұнын түсінуге керек болса, екіншіден, оқушыға ойды ретімен, логикалық байланыста айтып үйрену үшін керек. Ол шығарманың мазмұнын айтқызғанда, мазмұндама, шығарма жазғызғанда өте тиімді болмақ.

Қорыту сабақтары. Әдеби мәтінді толық талдап, мазмұнын игергеннен кейін оны қорыту, жинақтау жұмысы атқарылады. Қорыту сабақтары оқушылардың түсінігін, дағдысын орнықтырып, талдау нәтижесін есте қалдырып жинақтауды, білімді бекітіп, бағалауды көздейді. Мұғалімнің қорытынды сөзі нақты, қызықты, мәтін табиғатына сай болуы керек.

Қорыту сабақтары кезінде оқушының бағдарламаға сай игерген әдеби білімінің көздеріне мыналар жатады:


  1. Шығарма мазмұнын біліп, өз сөзімен әңгімелей білу;

  2. Кейіпкерге мінездеме бере білу;

  3. Жазушы өмірбаянын меңгеру;

  4. Әдеби-теориялық ұғымдарды меңгеру;

  5. Жаттауға берілген материалды есте сақтау;

  6. Мәтінді дұрыс және көркем оқу;

  7. Шығарма жоспарын жасап, композициясына талдау;

  8. Суреттеу тәсілдерін, түрін, қызметін түсіну;

  9. Мазмұндаудың барлық түрін меңгеру;

  10. 8-сыныптан бастап автор көзқарасы мен шығарманың идеясын талдай білу;

  11. Шығарма, мазмұндама жаза білу.

Қорыту сабақтарында мұғалімнің айтқан қосымша материалдарын, теория элементтерін жазып отыратын оқушылардың әдебиет дәптері болуы тиіс. Оған күнделікті сабақтың, оқу мен талдаудың бәрі жүйелі түсіріледі. Кейбір қорыту сабақтары әдеби ойынға, жарысқа, тест түріне, жазбаша эссе, ойтолғау түріне жүргізіледі. Ол мұғалімнің шығармашылық, әдістемелік жұмысына байланысты.

Бағалау. Бағалау-күнделікті сабақтың бір элементі. Кіріспе сөзде, өмірбаянды өткенде, мәтін оқылып, талданғанда бағалап отыру керек. Бұл күнделікті сабақтық бағалау. Бағалаудың тақырыптық, тоқсандық, жылдық түрлері бар. Осылардың ішінде қорытушы-тақырыптық бағалаудың орны ерекше. Бұл оқушылардың жалпы дағдысын, жинақтаған білімін бағалау. Білімді бағалау сұрақтар қою арқылы анықталады. Олар:



  1. Жаппай сұрау.(фронтальдық) Сұрау үйге берілген тапсырманы тексеру мақсатында қойылады.

  2. Даралап сұрау. Жаттау, мазмұндау, ауызша мінездеу, теориялық білімге құрылады.

  3. Қиысқан сұрау. Аралас сұраулар кезектесіп келуі.

Жалпы мұғалім сұрақты дәл, нақты және анық қоюы керек. Сұрақ сұралмақ мәселеге байланысты нақты және жауап та анық болуы керек. Американ ғалымы Бенжамин Блум сұрақтарды былай жіктейді (Б.Блумның «Сұрақ қою өлшемі»(таксоманиясы):

  1. Ақпаратты еске түсіру сұрақтары.( не істеді? Қайтті?). Бұлар ең төменгі деңгейдегі сұрақтар.

  2. Түсіндіру сұрақтары (неге өйтті? Неге бүйтті?)- негізгі идеяны түсіну, қабылдау, арақатынасын анықтауға арналған сұрақтар.

  3. Аударма сұрақтар –әдеби мәтінді басқа формаға айналдыруға болады(эссе, өлең жазу).

  4. Қолданыс сұрақтары – бір мәселені шешуге, практикалық дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар.

  5. Талдау сұрақтары –зерттеуге бағыттайтын сұрақтар.

  6. Жинақтау сұрақтары – қарастырылатын мәселелерді топтап, біріктіріп, шығармашылықпен жинақтау, нәтижеге келу сұрақтары (синтез).

  7. Бағалау сұрақтары- өз көзқарасын білдіруге, баға беруге бағытталған сұрақтар.

Бұл сұрақтар жүйесі бірте-бірте күрделене түсетін сұрақтардан тұрады. Оларды мұғалім балалардың жас ерекшелігі мен қабілеттеріне қарай қойып отырады.

Шолу тақырыптары ІХ-ХІ сыныптар бойынша беріледі. Шолу сабақтары жоғары сыныптарда бағдарламада берілетін сағат санының аздығына байланысты болады. Шолу тақырыптарының ауқымдылығы, маңызы оны оқытудың күрделілігін көрсетеді. Шолуларда ең алдымен тарихи-саяси мәселелер, қоғам дамуының сипаты, ары қарай мәдениет, әдебиет, өнерге олардың әсері сөз етіледі. Сол кезеңдегі әдебиеттегі бағыттар, жанрлар, ағымдар, сол кезеңде өмір сүрген ақын-жазушылар олардың шығармашылығы, жетістіктері, кемшіліктері әңгімеленеді.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест:

1.Шолу тақырыптарын өтуге қажетті маңызды тарихи - әдеби материалдар

А) Шолу тақырыптарының түрлері

В) Шолу тақырыптары бойынша жүргізілетін жұмыс формасы

С) Шолу тақырыбын өтуде әдебиетті оқыту әдістерінің тиімді жолдары

D) Қазақ әдеби шығармаларының үздік үлгілеріне шолу

Е) Қазақ әдебиетінің ақын - жазушылары туралы мағлұматқа шолу

F) Қазақ әдебиетіне деген оқырман қызығушылығын қалыптастыру

G) Әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары

H) Жобалап оқыту үрдістерін пайдалану


2.Кіріспе сабақтарында көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қатысты ескерілетін мәселелер

А) Жазушы өмірі мен шығармашылығы

В) Шолу тақырыптар

С) Монографиялық еңбектерді өтуге қатысты кіріспе сабақ

D) Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі

Е) Талдау тақырыптары

F) Қорытынды сабақ

G) Тіл дамыту жұмыстары

H) Жазба жұмыстары
3.Әдебиет сабағында көркем шығармамен жұмыс істеу кезеңдері

А) Кіріспе сабақ

В) Көркем мәтінмен жұмыс кезеңі

С) Қорытынды сабақ

D) Жазушы өмірі мен шығармашылығына шолу

Е) Монографиялық тақырыптарды өту

F) Жобалап оқыту

G) Компьютерлік оқу

H) Ақпараттандыру
4.Жазушы өмірбаянын оқытуда қамтылатын элементтер

A) Жазушының өміртанымы, көзқарасы

B) Көркем шығарманы талдауы

C) Актерлік шеберлігі

D) Диалогты құруы

E) Мәдени-рухани деңгейі

F) Қаламгерлік қолтаңбасы

G) Музыкалық көркемдеуі

H) Тақырыпты терең меңгеруі
5.Шолу тақырыптарын оқитын сыныптар

А) 6


В) 8

С) 9


D) 10

E) 5-6


F) 7

G) 11


H) 5
6.Әдебиетті оқытуда сын-зерттеулердің маңызы

А) Көркем туынды туралы оқушылар бірнеше пікір, баға, сын болатынын түсіну

В) Сол туынды туралы ғылыми шындыққа көз жеткізу

С) Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру

D) Өзіндік пікір айта білуге баулу

E) Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету

F) Қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру

G) Танымын дамыту

H) Білім мазмұнын дамыту
7.Сабақ құрылымының кезеңдері

A) Пәнаралық байланыс

B) Жаңа сабақты қорыту

C) Жаңа сабакты бекіту

D) Үйге тапсырма беру

E) Мәнерлеп оқу

F) Дауыстап оқу

G) Ой-толғау, эссе жазу

H) Мазмұндама жазу
8.Сабақ түрiн ажырат

A) Лекция

B) Әдiс

C) Құран


D) Тәсiл

E) Сөйлесу

F) Қорытынды сабақ

G) Кіріспе сабақ

H) Үйірме
9.Әдебиеттану ғылымының зерттейтін объектісі

А) Көркем әдебиет

В) Әдебиеттің түп төркіні

С) Әдебиеттің даму үрдісі

D) Әдеби шығармашылық

E) Рухани құндылық

F) Көкейкесті мәселелер

G) Көркемөнер түрлері

H) Әдіс-тәсілдер
10.Әдебиет теориясының зерттейтін объектісі

А) Әдеби-шығармашылықтың болмысы, қызметі

В) Қоғамдық міндеттері

С) Көркем мәтінді талдаудың әдістемесі

D) Көркем өнердің түрлері

E) Инновациялық технологиялар

F) Көркем шығарманың табиғаты

G) Әлеуметтік байланыстар

H) Рухани құндылықтар
Сұрақ:

1.Кіріспе жұмыстары.

2.Көркем туындыны оқыту.

3.Көркем мәтінді талдау.

4.Көркем шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне қатысты мәселелер

5.Кіріспе әңгіме арқылы көркем туындыға жете назар аудартудың жолдары

6.Шығарманың тақырыбы мен мазмұны

7.Тарихи фактілердің кіріспе сабақтарда кіріспе сабақтарда  жан-жақты қарастырылуы

8.Әдеби материалдарды ұтымды сұрыптау

9.Үлгі-мысалдарды жазушы шығармашылығында суреттелген кезеңмен байланыстыра қамту

10.Суреткердің әдебиеттен алатын орнын, тарихи тұлғасын таныту.


1

№ 9-10

дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет