2. ДӘріс тезистері


Көркем шығарманы оқу, талдау әдістемесі



бет8/13
Дата23.04.2022
өлшемі120,38 Kb.
#31996
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
ДӘРІС

Көркем шығарманы оқу, талдау әдістемесі

Көркем шығарманы оқыту. Эпикалық шығармаларды оқыту әдіс-тәсілдері, ерекшеліктері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің негізгі бағыт-бағдарын айқындайтын "Қазақ әдебиетін оқыту тұжырымдамасында" (Алматы. РБК, 1997) бүгінгі өмір талабына сай, педагогикалық ғылымдағы жетістіктерге негізделген әдебиет пәнінің мақсат-міндеті анық та айқындалып көрсетілген.

Көркем шығарманы талдау - әдебиет сабақтарында жүргізілетін білімдік және тәрбиелік жұмыстың құрамдас бөлігі, ең маңыздысы. Көркем шығарманы талдау шығарманы сабақта оқу(үзінділер), үйден оқуға тапсыру, ауызша, жазбаша мазмұндату, жоспарын жасату, мазмұны мен көркемдігін ұғындыруды көздейді. Әуелі мәтінді оқытып, мазмұнын меңгерту - басты шарт. Шығарманы толық меңгеру талдау мен жинақтау арқылы жүргізіледі. Одан соң мәтінді талдап оқу міндеті тұрады. Бұл тұста кейіпкерлерге мінездеме беру, шығарманың композициясы мен тілін талдау, суреттеу тәсілдерін анықтау, жанрын анықтау, т.б. жұмыстар жүргізіледі. Орта буындадарда 5-8 сынып шығама мәтінін оқуға сыныпта көбірек уақыт берілсе, жоғары сыныптарда көбінесе оқушының өз бетімен оқуы жүргізіледі, алайда талдау барысында кей мәтіндерден үзінді жаттау, мәнерлеп оқу талдау барысында пайдалану күнделікті сабақта іске асырылады. Бұлардың бәрі әдебиетті оқытудың жүйесі деп түсінуіміз керек, бұл жұмыстар негізінен сыныптағы сабақтарда жүргізіліп, оқушылардың әдеби талдау машығы қалыптасады. Талдау жұмыстарында мұғалімнен гөрі оқушының жұмыстары негізгі орынға қойылады. Мұғалім талдауды ұйымдастырып, тек оған бағыт беріп отырады.

Көркем шығарманы талдаудың негізгі педагогикалық талаптары мыналар:

1) Шығарманың идеялық мазмұны мен көркемдік формасын бірлікте тұтас алып талдау

2) Кейіпкер образдарын талдап, оларға түрліше (дара, салыстырмалы, топтастырылған) мінездеме жасату

3) Композициясы мен сюжетін, оның элементтерін ашу, солардың қызметін таныту

4) Суреттемелік тәсілдерді анықтау

5) Шығарманың көркем тілін зерттеу, көркемдігін талдау.

6) Түрлі жанрдың табиғатын танытып, соған сай жұмыс әдістерін қолдану

7) Әдеби меңгерілген ұғымдарды теориямен ұштастырып, бекіту.

Талдау жұмыстары оқушыны шығарманың ішкі мазмұнына жетелейді, жазушының айтпақ ойын түсінуге, оның ой-сезімдеріне ортақтасуына мүмкіндіктерді туғызады. Көркем шығарманы меңгертуде қолданылатын талдау түрлері:

1. Образдарға және композициялық талдау,

2. Тұтас талдау

3. Проблема қойып талдау

Образдарға және композициялық талдау. Образдарға талдау жасау шығарма кейіпкерлеріне мінездеме жасау түрінде болады. Кейіпкерге мінездеме дара, салыстырмалы және топтама мінездеме түрінде жасалады. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бергенде мынадай принциптерді есте ұстау керек:

1) әдеби образды өзі өмір сүрген қоғаммен, әлеуметтік ортамен байланыста алып анықтау;2) кейіпкерлердің өзіндік мінез-құлқын, характерін дәл анықтау (кейіпкер қай жерде қалай көрінеді, детальдарды пайдалану);3) кейіпкердің портреті, сөзі, мінездемесі, т.б.арқылы анықтай түсу.

Дара мінездеме бірден барлық кейіпкерге емес, әуелі бас кейіпкерге беріледі. Оның ең басты сипаттары теріліп алынады. Мінездеменің жоспарын да жасауға болады.

Салыстырмалы және топтама мінездеме. Салыстыру үшін әуелі әрбір кейіпкердің өзіне тән мінездерін белгілеп алып, сол белгілер салыстырылады. Сонда әр кейіпкердің өз табиғаты ашылады. Кейіпкер табиғатының әлеуметтік сырын ашып, сол негізде шығарма идеясын ашамыз. Салыстырмалы мінездеме жасау үшін шығарма кейіпкерлерінің жігін, ұқсастық-айырмашылықтарын анықтап алып, әрбір кейіпкердің басты сипаттарының жоспарын жасаймыз, соған мәтіннен үзінді табу міндеті жүктеледі. Сол бойынша кейіпкерлерге ауызша салыстырмалы мінездеме жасалады.

Топтамалы мінездемеде образдарды әлеуметтік табиғатына сай ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлер тобына бөледі. 5-7 сыныптарда жағымды, жағымсыз кейіпкерлер жайында салыстырмалы мінездеме жасауға дағдыланады. Топтамалы мінездеме жасау үшін ең алдымен салыстырмалы мінездеме нәтижелеріне сүйенеміз. Ал салыстырмалы мінездеме дара мінездеме нәтижелеріне сүйенеді. Топтама мінездемеге көшу үшін сұрау, жауап беру әдістерімен әуелі бас кейіпкердің төңірегіне басқа кейіпкерлерді топтастыру арқылы жіктеу.

Талдау жұмыстары оқушыны шығарманың ішкі мазмұнына жетелейді, жазушының айтпақ ойын түсінуге, оның ой-сезімдеріне ортақтасуына мүмкіндіктерді туғызады. Көркем шығарманы меңгертуде қолданылатын талдау түрлері:

1. Образдарға және композициялық талдау,

2. Тұтас талдау

3. Проблема қойып талдау

Образдарға және композициялық талдау. Образдарға талдау жасау шығарма кейіпкерлеріне мінездеме жасау түрінде болады. Кейіпкерге мінездеме дара, салыстырмалы және топтама мінездеме түрінде жасалады. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме бергенде мынадай принциптерді есте ұстау керек:

1) әдеби образды өзі өмір сүрген қоғаммен, әлеуметтік ортамен байланыста алып анықтау;2) кейіпкерлердің өзіндік мінез-құлқын, характерін дәл анықтау (кейіпкер қай жерде қалай көрінеді, детальдарды пайдалану);3) кейіпкердің портреті, сөзі, мінездемесі, т.б.арқылы анықтай түсу.

Дара мінездеме бірден барлық кейіпкерге емес, әуелі бас кейіпкерге беріледі. Оның ең басты сипаттары теріліп алынады. Мінездеменің жоспарын да жасауға болады.

Салыстырмалы және топтама мінездеме. Салыстыру үшін әуелі әрбір кейіпкердің өзіне тән мінездерін белгілеп алып, сол белгілер салыстырылады. Сонда әр кейіпкердің өз табиғаты ашылады. Кейіпкер табиғатының әлеуметтік сырын ашып, сол негізде шығарма идеясын ашамыз. Салыстырмалы мінездеме жасау үшін шығарма кейіпкерлерінің жігін, ұқсастық-айырмашылықтарын анықтап алып, әрбір кейіпкердің басты сипаттарының жоспарын жасаймыз, соған мәтіннен үзінді табу міндеті жүктеледі. Сол бойынша кейіпкерлерге ауызша салыстырмалы мінездеме жасалады.

Топтамалы мінездемеде образдарды әлеуметтік табиғатына сай ұнамды және ұнамсыз кейіпкерлер тобына бөледі. 5-7 сыныптарда жағымды, жағымсыз кейіпкерлер жайында салыстырмалы мінездеме жасауға дағдыланады. Топтамалы мінездеме жасау үшін ең алдымен салыстырмалы мінездеме нәтижелеріне сүйенеміз. Ал салыстырмалы мінездеме дара мінездеме нәтижелеріне сүйенеді. Топтама мінездемеге көшу үшін сұрау, жауап беру әдістерімен әуелі бас кейіпкердің төңірегіне басқа кейіпкерлерді топтастыру арқылы жіктейміз.

Проблемалық талдау. Проблемалық оқыту ХХ ғасырдың 80 жылдарында мектептерде орын ала бастады. бұл әдістің ғылыми тұжырымын жасаған

И.Я. Лернер. И.Я.Лернердің зерттеуінше проблемалық оқыту мынадай бөліктерден тұрады:

1) материалды проблемалы мазмұндау;

2) проблемалы-ізденіс әрекеті, эвристикалы әдіс;

3) зерттеу әрекеті.

Проблемалық оқыту оқушыларды шығармашылық оқу, іздендіру мақсатындағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы іске асырылады. Бұл талдау көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Ол оқушыларды дамыта оқыту мәселесімен сабақтас шешіліп шығармашылық оқу, іздендіру мақсатындағы сұрақтар мен тапсырмалар арқылы іске асырылып отырылады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.
Тест:

1.Мектепте көркем шығарманы талдаудың теориялық негіздері

A) Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру

B) Шығарманың жанрлық, композициялық тұтастығы

C) Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту

D) Қазақ әдебиеті пәнінің тарихи бастау көздері

E) Көркем туындыны оның негізінде жатқан тарихи шындықтармен салыстыру

F) Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы

G) Әдебиетті сөз өнері ретінде таныту

H) Көркем шығарманы талдау мәселесінің зерттелуі


2.Көркем мәтінмен таныстыру барысында жүргізілетін жұмыс түрі

A) Көркем мәтінді талдауда оқушылардың өз пікірін білу

B) Көркем мәтін айналасында пікірталас өткізу

C) Көркем туындыны тарихи шындықтармен салыстыру

D) Талданған көркем мәтіннің әр түрлі нұсқасын талдау

E) Суреткердің бір шығармасын басқа шығармаларымен салыстыру керек

F) Бірнеше ақын-жазушы шығармаларымен салыстыру

G) Сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру

H) Тарихи-әдебиеттік курсты оқыту
3.Көркем шығарманы талдаудағы жұмыс түрлері

A) Көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу

B) Көркем мәтіндегі жазушы ойы, идеясына көз жүгірту

C) Таңдап оқу.

D) Рөлге бөліп оқу

E) Хормен оқу

F) Көркем мәтіннің композициясын талдау

G) Көркем туындыны оның негізінде жатқан тарихи шындықтармен салыстыру

H) Ұжымдық оқу
4.Көркем мәтінді оқу барысындағы оқушыларды қызықтыратын мәселелер

A) Оқиға желісі

B) Кейіпкерлер тағдыры

C) Аяқталу кезеңі

D) Авторы

E) Автордың өмірбаяны

F) Автордың әлеуметтік жағдайы

G) Оқиғадағы табиғат бейнесі

H) Отбасылық қарым – қатынас
5.Әдебиетті оқытуда сын-зерттеулердің маңызы

А) Көркем туынды туралы оқушылар бірнеше пікір, баға, сын болатынын түсіну

В) Сол туынды туралы ғылыми шындыққа көз жеткізу

С) Оқушылардың ойлау белсенділігін арттыру

D) Өзіндік пікір айта білуге баулу

E) Өз бетімен жұмыс істеуге үйрету

F) Қорытынды жасау дағдыларын жетілдіру

G) Танымын дамыту

H) Білім мазмұнын дамыту
6.Көркем шығарманы талдаудағы мұғалімнің әрекеті

A) Шығарма негізінде жатқан проблеманы қозғау

B) Автордың айтатын ойы

C) Көркем компаненттерне әдеби талдау

D) Оқушылардың көңіл - күйін

E) Оқушылардың тәртібін

F) Ата-ананың көңіл - күйін

G) Оқушылардың отбасылық жағдайы

H) Сыныптың тазалығы
7.Әдебиетті оқыту арқылы тәрбиелеу

A) Әсемдік пен сұлулыққа құштарлық

B) Имандыққа, ибалыққа

C) Адами ізгі қасиеттерді қалыптастыруға

D) Жаттығу жасауға

E) Мәтінді талдауға

F) Ғылыми жинақ шығаруға

G) Диктант жазуға

H) Қыстырма сөздерді пайдалануға
3.Жазушы өмірбаянын оқытуда қамтылатын элементтер

A) Жазушының өміртанымы, көзқарасы

B) Көркем шығарманы талдауы

C) Актерлік шеберлігі

D) Диалогты құруы

E) Мәдени-рухани деңгейі

F) Қаламгерлік қолтаңбасы

G) Музыкалық көркемдеуі

H) Тақырыпты терең меңгеруі
9.Көркем шығарманы талдау неден басталады

A) Шығарманы оқудан

B) Шығарманы түсініп оқудан

C) Сюжетін дұрыс түсініп оқудан

D) Үзінді жаттаудан

E) Мәнерлеп оқудан

F) Ке»іпкерлерін талдаудан

G) Жанрлық ерекшеліктерін білуден

H) Рольге боліп оқудан
10.Көркем мәтінмен таныстыру барысында жүргізілетін жұмыс түрі

A) Көркем мәтінді талдауда оқушылардың өз пікірін білу

B) Көркем мәтін айналасында пікірталас өткізу

C) Көркем туындыны тарихи шындықтармен салыстыру

D) Талданған көркем мәтіннің әр түрлі нұсқасын талдау

E) Суреткердің бір шығармасын басқа шығармаларымен салыстыру керек

F) Бірнеше ақын-жазушы шығармаларымен салыстыру

G) Сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру

H) Тарихи-әдебиеттік курсты оқыту
Сұрақтар:

1. Көркем туындыда көтерген проблемалар.

2. Көркем шығарманы талдай білуге машықтандыру.

3. Көркем мәтінді талдау мәселесі.

4. Оқыту әдістерінің талдау нәтижелерінің мазмұнына қарай берілетіндігі

5. Көркем шығарманы талдаудың педагогикалық талаптары қандай?

6.Көркем шығарманы оқып-танысудың қандай жолдары бар?

7. Көркем мәтін, оның мәні, мәтінді оқытудың маңызы жайлы не айтасыз№

8.Әдеби талдау оның түрлері, мысалдар арқылы дәлеледеу. 9. 9. 9.Мұғалімнің талдауға қолданған әдіс-тәсілдері
1.Шағын жанрды оқыту. Кейiпкерлерге мiнездеме беру жолдары;

2.Орта жанрды оқыту ерекшелiгi, повесть кейiпкерлерiн жүйелеу, мәтiнге жоспар құру;

3.Көлемдi жанрды оқыту. Романды ықшамдап оқыту жолдары.;
Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мектептегі қазақ әдебиетінен білім мазмұнын құрайтын шығармалардың 70%-ы прозалық шығармалар болып келеді. Эпикалық шығармаларда автор жалпы өмірде болған жайлар туралы –адамдар тағдыры, олардың қарым-қатынасы жөнінде әңгімелейді. Оған көркем суреттеу, болған оқиғалар жөніндегі толғаныстар, ой-пікірлер, кейіпкелердің сөзі (диалог, монолог) қосылады. Оқиға туралы суреткер өз ой-пікірін білдіреді, кейіпкерлермен бірге күйініп-сүйінеді, стағдырына ортақ болады. Сонымен бірге кейіпкердің сыртқы күйін-портретін, жүріс-тұрысын, сөйлеу дағдысын, ішкі күйін- толғанысын бейнелейді. Сонда эпика шындықты кең, жан-жақты бейнелеуге мүмкіндігі мол, қолайлы жанр болып келеді. Оның көлемі жазушының ой- мақсатына байланысты үлкен немесе кіші болып келеді. Осы айтылғандардың барлығы прозаның ішкі заңдылығына бағынады. Прозалық шығармалардың осындай күрделі табиғаты оған жан-жақты талдау тұрғысынан келіп, мазмұнын, идеясын, образдар жүйесін көркемдік компоненттерін жете меңгерту міндетін айқындайды. Көркем шығарманың қазығы-мәтін, содан туатын идея, образ т.б. Сондықтан ең алдымен оқушыға мәтінді оқып, талдатудың мәні зор. Мәтін мұғалім мен балаға ортақ обьект. Танымның негізінде материал(мәтін) жататын болса, бірінші жинақтауға мәтінді оқу сатысы жатады. Екінші саты- талдау(бөлшектеу). Бұл тұста оқушылар бірлескен түрде шығарманың формасын(образдарын, композициясын, тілін, т.б.) жеке-жеке талдайды. Талдау жұмыстары оқуды тереңдетеді, бірлесе талдау оқушыларды белсенді әрекетке әкеледі. Талдауға сұрақ-жауап, әңгімелесу әдісі ыңғайлы.образды жіктеуге, ауызша мінездеуге алдымен баланың өзін дағдыландыру керек. Бұл кезде оқушылар шығарманың мазмұнын түйіндеп, тұтас мәтінді оның компоненттері бойынша таниды. Талдау шығарманың идеясын танытады. Талдау сабақтарын тереңдетудің тағы бір жолы- теориялық мәлімет беру. Теориялық мәліметтерді білмесе, оқушы көркем шығарманы өздігінен талдай алмайды. Троп, фигура, жанр, әдіс, көзқарас дегендер талдау тұсында үйретіледі. Сондықтан орта буында әдеби-теориялық мәліметтер әр шығарманың тұсында тақырыпқа қарай беріліп, мәтінмен байланыста ұғындырылады. Үшінші саты- талдау негізінде меңгерілген шығарманың бүкіл болмыс-бітімін жинақтап, шығарма идеясын ашу.

Эпикалық шығармаларды оқыту сабақтарын жүйелі түрде былай жоспарлауға болады: шығарманың жоспарын жасап үйрету, мазмұндау, мінездеме түрлеріне жетілдіру, детальдарды талдау, теория элементтері, шығарма жаздыру,т.б. Прозаны талдауда сұрақ қоя білудің мәні зор. Сұрақтың түсініктілігіне, жинақылығына, мазмұндылығына, логикалық ойға құрылуына мән беру керек. Прозалық шығармаларды көлеміне қарай бір немесе бірнеше сабаққа жоспарлап, әр сабақтың мақсатын айқындап алу керек. Мысалы үш сағатқа жоспарланған әңгіме болса, бірінші сабақта шығарманың басқы бөлігі сыныпта оқытылып, соған ат қойғызып, ауызша мазмұндайды. Афоризмдер мен көркем сөз қолданыстарын дәптерге көшіріп жаттайды, бөлімге жоспар құрады. Үйге тапсырма әңгіменің қалған 2,3,4 бөлімдерін оқу, жоспар құру беріледі. Екінші сабақта үйден оқып келген 2-4 бөлімдерге ат қойып, әр бөлімнің мазмұнын айтады. Төрт бөлімнің аты мен жоспары дәптерге жазылады. Мұны толық мазмұндау, көркемдеп айту дейміз. Мазмұнды дикциямен айтқызып баланың тілін дамытуға жол ашылады. Ол үшін афоризм, мақал-мәтел, көрнекті сөз тіркестерін мәтіннен жаттап алып, мазмұндауда өз сөздерінде келтіреді. Онсыз айту әсерлі болмайды. Үйге тапсырма- әңгімелеуге әзірлену.

Үшінші сабақта кейіпкерлерге мінездеме беріледі. Мінездеме дара, салыстырмалы топтау түрінде жүргізіледі. Шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беру шығарма идеясын ашуда, жазушы көзқарасын, оқиға дамуы мен композициясын айтқызуда маңызды. Қорытынды сабақта шығарма идеясы, тәрбиелік мәні ашылу керек. Бірнеше сағатқа арналған сабақтар сынып жоғарылаған сайын көбейе түседі. Бесінші сыныпта 1-2 сағатқа арналған шағын әңгіме, новелла топтастырылса, 7-8 сыныпта бірнеше сағатқа арналған әңгімелер мен көлемді шығармалардан үзінді беріледі. Эпикалық шығармаларды оқытуда оның мазмұнында көтеріліп отырған проблемалар, образдар жүйесі, сюжеті, жазушы стилі, оқиға желісінің дамуы оқушыларға берілетін тапсырмалар мен сұрақтарда терең қамтылады. Тапсырмаларды орындау, сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін оқушы мәтінді толық оқу барысында шығарманың ерекшелігіне қарай қай жанр екенін ажырата алады. Эпикалық шығармаларды оқытуда проблемалап оқыту, сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндай, эвристикалық әдістер кеңінен қолданылады.

Әдебиет қашаннан өмiр оқулығы деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмiрдi, қоршаған орта мен адамды танып-бiледi, шығармашылықпен жұмыс iстеуге дағды алады. Әңгiме жанры – прозаның шағын түрi. Онда оқиға, кейiпкердiң iс-әрекетi қысқа болады. Әңгiме жанрының осы қасиетi оқушылардың бұл жанрды тез игеруiне жағдай жасайды. Оқушының түсiнiп, нақты сюжеттi, шығарма композициясын ұғып, меңгеруде жоспар үлкен роль атқарады. Жоспарды оқушыларға дайын күйiнде ұсынуға болады, сол арқылы көркем мәтiннiң сюжетiн, ашуға, рет-ретiмен баяндауға жол салуға болады. Немесе мұғалiм мәтiн мазмұнын аша отырып, оқушылармен бiрлесе жоспар құрады. Әңгiме сюжетi бiрте-бiрте өрбидi. Мұндағы iс-әрекет аз ғана мерзiм iшiнде өтедi, композициясы жеңiл болады. Әңгiменiң ең маңызды компонентi – оның идеясы. Сюжет те, кейiпкерлер жүйесi де бiр ғана мақсатқа – оның идеялық мазмұнын ашуға жұмсалады. Әңгiме өзегiн құрайтын – кейiпкерлер. Кейiпкерлерге мiнездеме берудiң бiрнеше түрлерi бар. Олар: дара, салыстырмалы, топтау түрiндегi мiнездеме.Кейiпкерге мiнездеме беру тәсiлдерi түрлiше болады. Кейде кейiпкердiң сырт кескiнi, кейде мiнез-құлқы көрiнедi. Портрет тiкелей адамға бағытталып, сөз арқылы оның бейнесiн жасайды, автордың идеясын ашады. Портрет бiржақты тәсiл емес, ол әлеуметтiк-өмiрбаяндық жағынан толығып, портрет-мiнездеме, портрет-өмiрбаянға айналады.

Орта жанрды оқыту ерекшелiгi, повесть кейiпкерлерiн жүйелеу, мәтiнге жоспар құру

«Төңкерiстен бұрынғы қазақ әдебиетiнде Ш.Уәлихановтың әдеби очеркi мен публицистикасы, Ыбырайдың әңгiмелерi, Абайдың қарасөздерiнен басқа, прозалық шығармалар аз едi. Алайда, прозаның жанрлық элементтерi тұрмыс-салт ертегiлерде, тарихи аңыз-әңгiмелерде байқалды»,- дейді (М.Әуезов). Ал қазіргі кезде әдебиетті оқытуда бағдарламаға талдау жасайтын болсақ прозалық және лирикалық шығармалар басым екенін көреміз. “Повесть” орыстың көне дәуiрден келе жатқан сөзi. Бұл өмiрде болған әр алуан оқиғаларды жылнама беттерiне тiзiп жазу, баяндау дегендi бiлдiредi. Повестiң жанрлық ерекшелiгiн әңгiмемен салыстыра отырып беруге болады. Повесте бiрнеше эпизодтық әрекеттер суреттеледi, сюжет желiсi күрделi болады, кейiпкерлер саны едәуiр көп болады. Повесть ерекшелiгiмен таныстырар кезде С.Сейфуллиннiң “Жер қазғандар” повесiн алуға болады. Ондағы кейiпкерлер жүйесi, портрет, “әңгiме iшiндегi әңгiме”, пейзаж элементтерiн айқындап, мәтiнге жоспар құрылады. Мәтiн композициясының компоненттерi: суреттеу, баяндау, авторлық мiнездеме, портрет, диалог, табиғат суретi. Мұндағы кейiпкер сөздерi тұтас сюжеттi әңгiмеге құрылады. Мәтiн композициясында көңiл аударатын тағы бiр мәселе-авторлық мiнездеме. Бұл жерде мәтiндегi диалогтың да мәнiн ашу керек. Сатай, Қасен, Қалкен, Бұзаубақ, Әзiмханның бiр-бiрiне әңгiме айтқызу үшiн, автор оған себеп болатын детальды диалог арқылы бередi.

Мектеп оқулығында көлемдi шығармаларды оқып-талдау қарастырылған. Бұл ретте әдiскер-ұстаз Қ.Бiтiбаеваның еңбектерiн атауға болады. Жалпы, әдебиеттануда роман жанрына қатысты зерттеу еңбектер жазған М.Атымов, Б.Майтанов, Ж.Дәдебаев секiлдi ғалымдардың еңбектерi белгiлi. Көлемдi эпикалық шығармалар көп ретте тек үстiртiн ғана өтiледi. Оның себебi, 1-ден, шығарманың ауқымдылығы, мазмұнның көпқырлылығы әсер етсе, 2-ден, туындының күрделiлiгi де бар. Көркем мәтiндi игерудегi алғашқы қадам мазмұнды бiлуден басталады. Яғни, сюжеттi әңгiмелеу, жоспар құру, бөлiмдерге бөлу, ат қою-мектеп практикасында бұрыннан бар. Бұдан басқа, шығарманың таңдап алған тұстарын мазмұндау; қысқартып, түйiндеп мазмұндау; жеке эпизодтарды мазмұндау; логикалық тiзбектi мазмұндау түрлерi бар. Мәтiндi ықшамдап оқытуда жоспар жасау, тарауларға ат қою, әр бөлiмдi жинақтап, негiзгi сюжеттi айқындау аияқты жұмыс түрлерiнiң мәнi үлкен. Бұл ретте жоғары сыныпта (11 сынып) өтiлетiн “Абай жолы” романымен жұмыс түрiн ұсынуға болады.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
Тест:

1.Көркем мәтінмен таныстыру барысында жүргізілетін жұмыс түрі

A) Көркем мәтінді талдауда оқушылардың өз пікірін білу

B) Көркем мәтін айналасында пікірталас өткізу

C) Көркем туындыны тарихи шындықтармен салыстыру

D) Талданған көркем мәтіннің әр түрлі нұсқасын талдау

E) Суреткердің бір шығармасын басқа шығармаларымен салыстыру керек

F) Бірнеше ақын-жазушы шығармаларымен салыстыру

G) Сөз өнеріне деген оқушылардың шынайы сезімін, талабын жетілдіру

H) Тарихи-әдебиеттік курсты оқыту


2.Эпикалық шығармаларды талдауда басшылыққа алынатын мәселелері

A) Образдарға әдеби-теориялық ұғым беру

B) Аллитерация, ассонанс, гипербола, литота, тропа, фигура түрлеріне поэтикалық талдау жасау

C) Қанатты сөздерді теріп жазу, оның маңызын анықтау

D) Сөздік жұмысн жүргізу

E) Архаизм, историзм сөздерді тауып, қолдану орны, маңызы, мәнін түсіндіру

F) Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы

G) Көркем образдары, образдар галереясы

H) Автор-көркем туындыны жасаушы
3.Әдебиет тарихының зерттейтін объектісі

А) Көркемсөз өнерінің даму жолы

В) Идеялық бағыт-бағдармен әдеби ағым-тәсілдері

С) Қоғамның әлеуметтік ортамен байланысы

D) Адамгершілік ізгі мұраттарды

E) Рухани құндылықтарды

F) Жазба мәтіндерді

G) Гуманитарлық пәндердің жиынтығын

H) Мәтінді әдеби-қисындық талдау

4.Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың бірі

A) Көркем шығарманы жатқа айту

B) Көркем туындыны қабылдау

C) Көркем туындыдан әсер алу

D) Шығарманы бітім-болмысымен түсіну

E) Мәнерлеп оқу

F) Дауыстап оқу

G) Ой-толғау, эссе жазу

H) Мазмұндама жазу


5.«Әдебиет танытқыш» еңбегінің авторы

A) А.Байтұрсынов

B) Асқар ойдың алыбы

C) «Маса» жинағының авторы

D) М.Жұмабаев

E) «Бақытсыз Жамал» романының авторы

F) М.Дулатов

G) «Оян, қазақ!» жинағының авторы

H) Лирик ақын
6.Абайдың проза жанрында жазылған қысқа ой-тұжырымдары

А) Қара сөз

В) Философиялық ой-толғаулары

С) Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған шығармасы

D) Поэмалары

Е) Өлеңдері

F) Табиғат лирикасы

G) Новеллалары

H) Эсселері
7.Проблемалық оқытудың ерекшелігі

А) Таным белсенділігін арттыру

В) Есте сақтау қабілетін жоғарылату

С) Ойлау қызметін дамыту

D) Өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білу

E) Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуы

F) Жылдам оқи білу қабілетінің дамуы

G) Логикалық ойлау қабілетінің дамуы

H) Сөздік қорының молаюы
8.Жазушы өмірбаянын оқытуда қамтылатын элементтер

A) Жазушының өміртанымы, көзқарасы

B) Көркем шығарманы талдауы

C) Актерлік шеберлігі

D) Диалогты құруы

E) Мәдени-рухани деңгейі

F) Қаламгерлік қолтаңбасы

G) Музыкалық көркемдеуі

H) Тақырыпты терең меңгеруі
9.Әдебиет сабағында көркем шығармаларды өтудегі оқушылардың икем-дағдысына, іскерлігіне қойылатын талаптар

А) Саралап оқу

В) Эпикалық шығармаларды талдай білу

С) Іштей оқу

D) Әңгіме, новелланың ұқсастық, ерекшеліктерін ажырата білу.

Е) Кейіпкерлер бейнесін ашу

F) Жазушылық баяндау

G) Әдеби пікірталастарға белсене қатысу, өз пікірін жеткізу

H) Автор позициясын айқындау.
10.Эпикалық шығарманы оқытуда қойылатын ортақ талап

A) Көркем компоненттеріне талдау

B) Көркем шығармаға талдау

C) Жан - жақты талдау

D) Әдеби - қисынды талдау

E) Образды талдау

F) Теориялық талдау

G) Сюжетті талдау

H) Көркем шығарманы оқу
Сұрақтар:

1.Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері.

2.«Абай жолы» эпопеясын оқыту.

3.Әңгіме жанрын оқыту.

4.Мысал жанрын оқыту.

5.Ертегілерді оқыту.

6.Батырлар жырын оқыту.

7.Проблемалық оқытудың эпикалық шығармаларды меңгертудегі тиімділігі

8.Проблемалық сұрақтардың қызметі.

9.Проблемалық  ситуацияны шешудегі ой белсенділігі

10.Әр түрлі болжамдарды ғылыми негізде саралау

11.Көркем мәтінмен жүргізілетін кіріспе жұмыстар





2

№ 11-12

дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет