2. ДӘріс тезистері



бет4/13
Дата23.04.2022
өлшемі120,38 Kb.
#31996
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Сұрақтар:

1.Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің педагогика,

психология және басқа ғылым салаларымен байланысы.

2.Мектептегі әдеби білімнің оқушының жас ерекшелігіне сәйкес белгіленетіндігі

3.Жас ерекшеліктің психологиялық негіздері, ғалымдар пікірлері.

4.Көркем шығарманы оқытуда жас ерекшеліктеріне байланысты топтастыру

5.Кіші жастағы жасөспірімдер (5-7 сыныптар, 10-12 жас).

6.Ересек жастағы жасөспірімдер (8-9 сыныптар, 13-14 жас). 7.Үлкен жастағы жастар (10-11 сыныптар, 15-17 жас).



2

№ 5

дәріс


Қазақ әдебиетін оқытудың инновациялық технологиялары

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңында білім беру жүйесінің міндетінің бірі ретінде оқытудың жаңа технологияларын ендіру туралы айтылған. Осыған байланысты соңғы жылдары жаңа мектеп құруда, мектептің даму үрдісін зерделеуде білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновация дамуы. «Инновация» деген сөз латынның «novus» - жаңалық және «in» - енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы – «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.

Ғылыми әдебиеттерде инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі.

Модификациялық инновация – бұл қолда барды дамытумен айналысу.

Комбинаторлық инновация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған қазіргі кездегі тіл және әдебиетті оқытудың әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандартты енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Мектептердің қазіргі даму барысында инновациялық ізденістерін саралау төмендегідей бағыттарда жүріп жатыр: білім берудің мазмұнын қалыптастыру, жеке тұлғаны дамытуға арналған жаңа әдіс; жүйе; педагогикалық технология құру және оны жүзеге асырып үйрену; жаңа үлгідегі оқу мекемелерін жасау; кез келген инновациялық үрдістің нысаны – оқушы екендігі, оның инновациялық технология қолданудағы білім жолы.

Білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологиясының түрлері:

Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амоношвили, мақсаты:баланың жеке қасиетін аша отырып азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ояту,танымдық күшін дамыту),

Саралап оқыту :мақсаты:оқу үрдісіне мұғалім мен оқушы білімдерін есепке ала отырып жұмыс істеуі, когнитивтік ерекшеліктерін есепке алу мақсатында әр түрлі мектеп пен сыныптар , топтар үшін оқыту жағдайын жасау.

Ұжымдық оқыту :әр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу, ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастықта тәрбиелеу.

Тәрбиелеуді ізгілендіру жүйесі (В.Т.Кабуш, мақсаты:оқушының бойында өзінөзі жетілдіру, қабілет, қызығушылығын дамыту, өзін өзі тану қажеттіліктерін қалыптастыру) Оқыту технологиясының түрлері мен білім сапасын арттырудағы жетекші ролі.

Деңгейлік(Монахов, Қараев),

модульдік оқыту(М.Жампейісова),

дамыта оқыту идеясы(Давыдов, Зенков),

сыни тұрғыдан дамыта оқыту технологиясы(демократиялық ашық кеңістік орталығы). Құрылымы, мазмұны,түрі,сабақ позициялары, американдық оқу стратегиялары-Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыда дамыта оқыту, нәтижелері.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар.
Тест:

1.1990-2000 жылдардағы еліміздегі жалпы және орта білім беру жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер

A) Білім беру жүйесіндегі реформалар

B) Әдеби білім тұжырымдамасы

C) ҚР орта білім мемлекеттік стандарты

D) Қазақ халқының рухани құндылықтары

E) Қоғамтану құралдары

F) Әдістеменің даму тарихы

G) Пәндік олимпиадалар

H) Кеңестік білім жүйесінің ерекшеліктері


2.Әдеби білім берудегі жаңа жүйе

A) Модульдік жүйе

B) Кіріспе, сұхбат, қорытынды бөлімнен тұратын жүйе

C) Жоқ дегенде міндетті деңгейді меңгеретін жүйе

D) Миға шабуыл жасайтын жүйе

E) Деңгейлік тапсырмалар арқылы жүзеге асатын жүйе

F) Педагогикалық жүйе

G) Әдеби – қисынды талдауды меңгеретін

H) Әдеби – теориялық ұғымды қалыптастыратын
3.Проблемалық оқытудың ерекшелігі

А) Таным белсенділігін арттыру

В) Есте сақтау қабілетін жоғарылату

С) Ойлау қызметін дамыту

D) Өз бетінше қорытынды, тұжырым жасата білу

E) Оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуы

F) Жылдам оқи білу қабілетінің дамуы

G) Логикалық ойлау қабілетінің дамуы

H) Сөздік қорының молаюы
4.Әдіс-тәсілдерді үйлестіре қолданудың ерекшелігі

А) Оқушылар жалықпайды

В) Оқушыларға ауыр тиеді

С) Ойлауын тежейді

D) Көркем тілінің дамуына кедергі болады

E) Кітаппен жұмыс жасаға мүмкіндік болмайды

F) Пәнге қызығушылығы артады

G) Тақтамен жұмыс азаяды

H) Оқушының белсенділігі артады
5.Білім берудегі проблемалы оқытудың кезеңдері

А) Білімді проблемалы бақылау

В) Жазба жұмыстарын жүргізу

С) Білімді баяндаудың кейбір кезеңдерінде оқушыны ішінара қатыстыра отырып баяндау

D) Оқытуды зерттеу әдісімен ұштастыру

E) Материалды проблемаға құра білу, проблемалық ситуация туғызу

F) Білімді проблемалы баяндау

G) Шығармашылық ізденіске бағыттау

H) Проблеманы шешудің жорамалын жасай білу
6.Әдебиетті тереңдетіп оқытудың көкейкесті мәселесі

А) Қызығушылығын ояту

В) Өтілетін пән аясында өту

С) Жалпы ақын жазушылар шығармаларын толық қарастыру

D) Көркем сөз иесінің әлемін тұтастай қарастыру

Е) Көркем туындыларға жай талдау жасау

F) Оқылатын шығармаларының көптігі

G) Көркем шығармаларға кеңінен оқуға жол ашу

H) Тілдерін жаттықтыру
7.Әдебиет пәнінде қолданылатын сызбалы көрнекіліктің түрлері

А) Кестелер

В) Қима қағаз

С) Семантикалық карта

D) Аудиотаспа

Е) Хранологиялық кесте

F) Теледидар

G) Үлестірмелі қағаз

H) Карта
8.Оқытуды ң жалпы немесе құрылымдық формалары

A) жұптық

B) Қызығушылықты ояту

C) Топтық

D) Баяндау

E) сұрақ - жауап

F) ұжымдық

G) тақырыптық

H) Ой – қозғау
9.Қазақ әдебиеті пәнінен берілген тапсырманы тү рлендіру бағытындағы жұмыс түрі

A) Пікір


B) Сөйлеу мәдениеті

C) Шағын әңгіме

D) Дәлелдеу

E) Мотив


F) Ә ңгімелесу

G) Шығарма

H) Шығармашылық жұмыс
10.ЛогикалыҚ ойлауды дамытатын ойын тү рі

A) Көкпар

B) Сөзжұмбақ

C) Көксерек

D) құрастырмалы ойындар

E) Ребус


F) Қыз Қуу

G) Алтыбақан

H)Ақ сү йек
Сұрақтар:

1.Білімнің жаңа бағыты ретінде педагогикалық инновацияның мазмұны

2.Инновациялық ізденістердің бағыттары

3.Жаңа технологияны игерудегі ерекшеліктер

4.«Инновация» сөзінің шығу төркіні

5.«Технология» термині

6.Педагогикалық тәжірибеде «технология» ұғымының тарихы

7.Жаңа технология бойынша жұмыс жүргізу бағыттары

8.Модификациялық инновация

9.Комбинаторлық инновация

10.Радикалдық инновация



1

№ 6-7

дәріс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет