Спортқа тән барлық белгілер тұтастай балалар спортын да сақталады. Оны баланың, сабақтан тыс кездегі қызметініңалуан түрлі болып келуі арқылы анықтауға болады. «Балалар спорты» дегеніміз-арнайы дайындық негізінде, алдын-ала үйренген қозғалыс, қимыл мүмкіндіктерін толығынан пайдалану арқылы өз қатарлары арасында өткізілетін жарыстарда өнер көрсету.
«Жасөсперімдер спорты» деген түсінікке жолдау беретін болсақ, оның шекарасы тек бір жас тобымен, яғни жасөспірімдер тобыменен анықталады. Бұл түсінік шартты түрде алынып омыр, оның себебі спортқа қыз балалардың қатысуна байланысты.
«Мектептегі спорт» деген түсінік, қатысушылардың жастарына қарағанда «балалар спортынна» сәйкес. Бұл екі түсініктің айырмашылығы, «балалар спортын» мектептерде және мектептен тыс мекемелер ұйымдастырса, «мектеп спортын» тек мектеп қана ұйымдастырады.
Жоғарыда айтылған спорт белгілері белгеле бір мөлшерде спорттық ойындарда, гимнастикада,саяхатта ада болуы мүмкін. Мысал, маманданушылық кейбір ойындарға яғни спорттық гимнастикаға ене отырып, оларды спорттық жеке түріне айналдырады. Сонымен бірге спортта ойынның жеке белгілері бар және онда ойын әдісі кеңінен қолданылады. Сол себепті, спорт ойын қызметі деп қаралуға тиісті.
Әлеуметтік-экономикалық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамдық басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерінен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың обьективті негізі-дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі-адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.
Құқықтық негіздер. Еліміздегі дене тәрбиесі жүйесі өз жұмысын бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтик актілерге сүйенеді. Бұл құжаттардың әртүрлі заң күші бар (қаулылар, заңдар, жарлықтарр, нұсқаулар). Олардың ішінде ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген.
Жалпы дене тәрбиесі жүйесі ғылыми түрде баяндалады.