2. ДӘріс тезистері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет7/31
Дата31.12.2021
өлшемі69,05 Kb.
#23012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Сөз өнері жайлы пайымдаулар.

2. Ежелгі үнді, иран сөз өнерінің үлгілері.

3. Антикалық әлем, көне Грекия ойшылдарының ой-толғамдары.

4. Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының ой-пікірлері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Сөз өнері жайлы пайымдаулардың басы біздің заманымызға дейінгі дәуірлерден басталады. Адам баласының көркемдік талғамдары алғашында Ніл, Нигер, Хуанхэ мен Янцзы, Инд мен Ганг, Тигр, Ефрат өзендерінің жағалауларын мекендеген көне халықтардың өнері мен өмірлерінен бастау алады.

Ежелгі вавилондықтардың «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастаны, үнді халқының «Махабхарата», «Рамаяна» сықылды б.э.д. 3-2 мыңыншы жылдардағы сөз өрнектерінің қазіргі көркемдік құны өз биігінде. Он тоғыз кітаптан тұратын «Илиада» мен «Одиссеяны» қосқанда сегіз есе артық «Махабхарата», он кітаптан тұратын «Ригведа» сияқты дастандардағы әсемдік жайлы толғамдар қаншама.

Эллада эстетикасының әлем әдебиетінен алар орны ерекше. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагор-шылардың (б. э.б. 4-ғасыр) дүниедегі зат атаулының түп мәнін саннан іздеген түсініктерінен шығады. Мысалы, музыка сазы үн шығаратын шектің ұзын-қысқалығына байланысты( ұзындық екі есе қысқарса, дыбыс – октаваға, екіден үшке қысқарса – квинтаға, үштен төртке қысқарса – квартаға көтеріледі) деп білген.

Гераклит Эфесский (б.з.б. 460-370 жж.) толғамдарында диалектикалық түсінік бар. Оның ұғымындағы әдемілік – сапа. Әдемілік тек нақты, затты нәрсеге тән. Мысалы. Адам мен маймылды салыстырсақ, адам әдемі, адам мен құдайды салыстырсақ, құдай керемет. К.Маркс «тұңғыш энциклопедиялық ақыл иесі» атаған Демокрит (б.з.б. 469-399жж.) әр нәрсенің әдемілігі оның мөлшерінде деп білген, мөлшерден артық, кем кету ұнамаған. Ол адамдар өнер-білімді тірі табиғатқа еліктеуден тапқан деп есептейді: өрмекшіден тоқуды, қарлығаштан үй салуды, бұлбұлдан ән салуды.

Сократ ойларында идеализм басым. Ол әр нәрсенің ажары оның қажетке жарамдылығында, ал ажарсыздығы жарамсыздығында деп түсінген. Сократша «Ақыл-ойды сату сұлулықты сатумен пара-пар». Ол софистерге, сөзді ақылы түрде үйретушілерге қарсы пікірде болған.

Сократтың шәкірті Платон (б.з.б. 427-347 жж.) «Үлкен Иппий» диалогында: «жарамды нәрсе – пайдалы нәрсе, пайдалы нәрсені тәуір көресің, тәуір көрсең, қуанасың,.. яғни сұлу нәрсе –сүйкімді нәрсенің көзге көрінер, құлаққа естілер бөлігі» деген.

Аристотельдің (б.з.б. 384-322) «Поэтика» атты еңбегі - өнер туралы тұңғыш философиялық - эстетикалық трактат. Аристотель поэтиканы сөз өнерінің өзі деп түсінген, біздіңше, сөз өнері туралы ғылым не көркем шығармашылық.

Рим ақыны Квинт Гораций Флактың (б.э.б. 65-8 жж.) «Поэзия ғылымы» деген теориялық поэмасының алғашқы нұсқасы «Пизондарға хат» деп аталынған. Пизон деген ақсүйектің екі ұлы болған, үлкені дарынсыз драматург екен. Сондықтан Гораций бұл еңбегін соларға айтқан ақыл түрінде жүйелілікпен жазған. Көркем шығарманың идеясына, композициясына көп көңіл бөледі. – Егер - дейді ол, -суретші адамның басына аттың желкесін жалғап, оның үстіне әлем-жәлем қауырсындар шаншыса немесе денесі жұп-жұмыр әдемі әйелдің кеудесінің жоғары тұсына балықтың басын қондырып қойса, бұған күлмей шыдап тұра алар ма едіңіздер, достар. Пизон әулетінің кітаптары да осындай оспадар суретке ұқсас.т.б. Ол өнер туындысының көркемдік сапасына ерекше назар аударды. «Поэзия - аса нәзік әрі биік зат. Тебе білмейтіндер жұртқа күлкі болмау үшін допқа жуымайды. Жаңа жаза бастағандарға асықпауды, өңдеуді ұсынады.

Демосфен, Цицерон, Квинтиллиан сияқты шешендердің сөз өнеріне қатысты трактаттары.

Ояну дәуірінің ұлы тұлғалары жеткілікті. «Ойлаймын екен, ендеше, тірі екенмін» деген Декарт Рене (1596-1650) өнер туындыларындағы әсемдік олардың бүкіл мазмұн-пішініндегі бірлікте, үйлесімде деп білді. Декартың рационализмін Буало Никола (1636-1711) өзінің эстетикасы мен поэзиясына негіз етіп алды. Мәдени жұртшылық классицизмнің әдеби манифесі ретінде таныған «Поэтикалық өнер» үш бірлікті негіз етті. Дегенмен Буало «шындықтан асқан сұлу жоқ», «сөз аяғын ұйқастырғанның бәрі ақын емес» деген өміршең ойларын да қалдырды. Дени Дидро (1713-1784) сарай аристократиясының сұлулық туралы талғамын сынап, суреткер еңбегіндегі шыншылдықты дәріптеді, эстетикаға реализм ұғымын енгізді. Реализмнің қиялға, ойдан шығарк мен көркем жинақтауға арақатынасын белгіледі. Неміс ағартушысы Готхольд Лессинг «Лаокоон», «Гамбург драматургиясы» еңбектерінде әдебиетті сарай маңынан ажыратып, қалың бұқарамен жақындастыруға күш салды.

Иммануил Канттың (1724-1804) эстетикасы – субъективті –идеалистік эстетика. «Байыптау қабілетіне сын», және «Таза санаға сын» еңбектерінде бүкіл дүниені «өзіндік затқа» және «өзіміздік затқа » бөліп, «өзіндік зат» дегенді тірі пенде біліп болмайды дейді. Әдебиет пен өнерді де «өзіндік затқа » сайып, бұлардың құпия сырын әшейін долбар (апрори) арқылы ғана аздап жобаламаса, кез келген кісі дәл түсіне алмайды деп қорытты. «Сұлулық – жалпы жұрттың ешқандай ұғым-түсініксіз рақатына айналған нәрсе».

Дүниенің түп діңгегі – «абсолюттік идея, абсолюттік рух» деп білген немістің атақты идеалист-философы Георг Фридрих Гегель (1770-1831) эстетика мәселелерін де өзі жүйелеген тезис-антитезис-синтез тұрғысынан байыптады. Ол «Эстетикасында» идея мен құбылысты, яғни мазмұн мен пішіннің арақатысы жайлы талдаған. Бұл арақатынастар диалектикасы өнердің үш сатысына символикалық, классикалық, романтикалық сай келеді. Көне шығыс архитектуралық мұралары, оның пікірінше, «идеал» анық емес, бұлдыр, ал ежелгі Греция мен Римдегі мүсін өнері көне дүние өнерінің классикалық түрі болып табылады, мұнда «идеал» анық, «идея» «құбылысқа», яғни көзбен көріп, қолмен ұстай-тын нақты затқа айналған. Жаңа замандағы кескіндеу өнері, музыка, әдебиет өнердің романтикалық түрі болып табылады, мұндағы рухани «идеал» адамның сыртқы кескіні ғана емес, ішкі мінезіне, жан дүниесіне – сезіміне, көңіл күйіне айналған, сондықтан философияға жуықтаған. Гегельдің түсінігінше, өнердің предметі – әдемілік, ал эстетиканың предметі – өнер. Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель «абсолюттік рухтың» өзіндік дамуындағы , өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түсінеді, «рух» затты, сондықтан өнердің идеялық, рухани өрісі тар. Күллі қасиеті мен мағынасы сөзге көшкен поэзияда киелі «абсолюттік рух» заттылық пен нақтылық шеңберінен шығып, өзінің ең биік қасиетін табады. Зат сөзге өтеді, ал сөз –« идеяның» көрініс, кейпі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет