2. ДӘріс тезистері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет9/31
Дата31.12.2021
өлшемі69,05 Kb.
#23012
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31
Байланысты:
Әдебиеттану дәрістер

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

  1. Батыс Еуропа әдебиетінің орыстың пәлсапалық, эстетикалық көзқарастарының қалыптасуына жасаған ықпалы.

  2. Орыс ойшылдарының өнерді материалистік тұрғыда пайымдауының басты себептері. В.Г.Белинскиидің,

Н.Г Чернышевскийдің, Н.Добролюбовтың сөз өнері

туралы толғамдары.



  1. Қазақстандық әдеби-эстетикалық ойдың даму тарихы.

  2. Қазақстандағы діни-ағартушылық көзқарас.

  3. А.Байтұрсынов және қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа сапаға көтерілуі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Ресей топырағындағы ауыз әдебиетінің ең құнды үлгісі – «Игорь полкі туралы сөз» болып табылатыны аян. Одан кейінгі түрлі діни дұғалықтар, әңгіме, аңыз, баяндар риторикалар мен пиитикаларға дейін жалғасты. Риторика –шешендік өнер заңдылықтарын арнайы қарастыратын ғылым болып табылады. Әрбір сөйленген сөздің эмоциялық әсеріне қарай ол өнерге жақындайды, логикалық тұжырымдарына қарай ғылыммен туыстасады. Оның инвенция, диспозиция, элокуция, меморио, акцио деген міндетті бес түрлі сатысы бар. Алғашқы дәйекті сөз Ломоносовтың «Шешен сөйлеуге арналған қысқаша нұсқаулық» сияқты риторикалық еңбегінен басталады.

Белгілі сыншы В.Г.Белинский «Әдеби арманнан» бастап «Александр Сергеевич Пушкин шығармаларына», «Гогольге хатқа» дейін әрбір шығарманы орыс өмірі үшін қажет мәніне қарай бағалады. Ол сөз өнерінің халықтық қасиетін, қоғамдық-өзгертушілік әсерін жоғары қойды. Ол нағыз көркем шығармашылық әдебиеттің халықтығынан ажырай алмайды деп есептеп, әдебиеттің халықтығы туралы түсінікті қалыптастырды, әдебиет ,оның ойынша, «халық санасы», «халықтың рухы».

Ғалым-сыншы, философ Н.Г. Чернышевский (1828-1889) «Өнердің болмысқа эстетикалық қарым-қатынасы» атты дисс. еңбегінде көркем әдебиеттің өмірдегі орны мен мақсат- міндеттерін белгіледі. Шындықты адамдарға ғылым қандай дәрежеде түсіндіріп танытса, өнер де солай етуі керек. Өнер «өмірдің оқулығы» болуы шарт, ол үшін кез келгенді тізе бермей, жинақтау тәсілін қолдану шарт. Оның эстетикасы бойынша, жазушының көркемдік әдісі – реализм. Ал өмірді шыншылдықпен суреттеу - әдемілікке барар жол. «Әдемілік –адам, адамдағы әдемілік - өмір, адамның бақыты, адам өмірінің рақаты не болса, соның бәрі адам үшін әдемі».

Сыншы Н.А. Добролюбов ((1836-1861) әдебиет пен өнердің халықтығы мәселесіне баса назар аударды. «Әдебиет – қоғамның қозғаушы күші» екендігін дәлелдей келіп, шын халық ақыны болу үшін «халық рухына бөленуге, халықпен бірге өмір сүруге, халықпен бірге адымдап, бірге тыныстауға» шақырды.

Сыншы Д.И.Писарев (1840-1868) «ХІХ ғасырдың схоластикасы», «Реалистер», «Генрих Гейне» еңбектерінде көркем шығарманы эстетикалық талдаудың үлгісін көрсетті. Одан өзге «орыс өмірінің айнасы» атанған Л.Н.Толстойдың «Менің геройларым кейде мен қаламаған әрекеттер жасайды. Олар жалпы менің қалауымды емес, кәдімгі өмірде қандай әрекеттер жасау керек болса, сондай әрекеттер жасайды». «Өнердің екі жағы бар: пішіні –техника да, мазмұны - ой».

Орта ғасырлық түркі әлемінде сөз өнері туралы жазылған арнайы ғылыми еңбек Әл-Фараби бабамызда бар, дегенмен көрнекті тұлғалар мен ғалым, ақындардың еңбектерінде ой-пікірлер кездеседі. Махмұт Қашқари болсын, Жүсіп Баласағұн және Ахмет Жүйнекидің шығармаларында сөз өнерінің қасиеті туралы нақылдар молынан ұшырасады.

Әлемнің екінші ұстазы, философ, ғалым, музыкант, дәрігер, әдебиетші, математик Әл-Фараби «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатында» өлең құрылысы туралы айта келіп, ақындарды да үшке бөлген. Ол Аристотельдің «Поэтикасын» аударып, көне латын мәдениетімен көпшілікті таныстырып отырған.

Қазақ әдебиетінің ХІХ ғасырдағы алып тұлғалары Шоқан Уәлихановтың, Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің әдебиет ғылымына қатысты ойлары қазіргі күні де өз күшін жойған жоқ.

Кеңес өкіметі орнаған соң, Сталиннің ойлап тапқан «социалистік реализмі» әдебиетті саясаттың шоқпарына айналдыруға бейімдеді. Реализм мен романтизм әдісімен кеңестік өмір шындығын асыра дәріптеу ісі өрістеді. Ұраншылдық, үгіт-насихат, белгілі бір қалыпқа салу сияқты шаралар басым болғанымен, шынайы суреткерлер өзіндік ерекшеліктерін сақтап, құнды мұралардың тұсауын кесіп жатты.

ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеттауы ғылымының негізін көрнекті ғалымымыз А.Б.Байтұрсынов салды. Оның «Әдебиеттанытқыш» еңбегі өзінің ғылымилығымен әдебиет теориясының негізін құраса, «Тіл -құралы» қазақ тіл білімінің қайнар көзі болды. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары әдебиеттің халықтығы, ғылымилығы туралы газет-журналдарда таласты пікірлерде болса, ана тілінің мемлекеттік тіл болуы керек деген мәселеде ауыз бірлік танытты (С.Сейфуллин мен М.Дулатовтың мақалалары).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет