2. ДӘріс тезистері


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары)



бет5/31
Дата31.12.2021
өлшемі69,05 Kb.
#23012
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
Әдебиеттану дәрістер

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

1. Өнер түрлеріне тән негізгі ерекшеліктер.

2. Өнердің суреттеу пәні мен амалдары.

3. Өнердің суреттеу құралдары.

4. Өнердің туындысын қабылдаудың сырлары.

5. Сөз өнерінің қоғамдық сананың айрықша бір саласы ретіндегі қызметі.

6. Сөз өнерінің басқа өнер түрлерінен ерекшелігі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Көркемөнердің жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өте жоғары. Негізгі түрлері: мүсін өнері, сурет өнері, сәулет өнері, саз өнері, сөз өнері, театр өнері, би өнері т.б. Бұл қазақ ғалымы А.Байтұрсыновтың көрнек өнерін сәулет өнері, мүсін өнері, саз өнері, сурет өнері, сөз өнері деп беске бөлген жіктемесімен сай. Одан өзге өнер түрлерін тіршілік үшін жұмсалатын тірнек өнері деп білген. «Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2)қиялға, 3) көңілге. Ақыл ісі -аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау, көңіл ісі - түю, талғау. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиял-дың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау».

Әр жанрда жасалғанымен, өнердің барлық түрі дүниені эстетикалық жолмен, әдемілікті сезіну арқылы жасалынады. Дүниені көркемдік жолмен танып білуде түйсік, түсінік, көркемдік ойлау қабілеті ерекше қызмет атқарады. Себебі көркемөнер дегеніміз – адамның екінші өмірі, сезім дүниесінің көркем бейнелер арқылы табиғаттан тыс, ерекше өмір сүруі. Адамзат жаралғаннан бері дүниені көркемдік жолмен тануға ұмтылысын тасқа түсірген таңбаларынан бері қарай жалғастырып келеді.

Көркемөнерге ортақ сипат дүниені , өмір құбылыстарын жинақтап, типтік дәрежеге көтере, нақтылы қалпында бейнелеп көрсету болып табылады.

Көркемөнердің бір саласы әдебиет болса, оның өзге өнер түрлерінен айырмасы да бар.


  1. Сөз өнерінің сурет пен музыка сияқты жалпыға бірдей түсінікті болуына ұлттық тіл ерекшелігі әсер етеді, себебі дыбыс пен бояуға аудармашының қажеті жоқ.

  2. Сөз өнері музыкадан гөрі нақты, театр өнерінен затты, симфониядан гөрі анық. Әдебиет әрі нақты, әрі затты құбылыс.

  3. Әдебиет кез келген шындықты қимыл-қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады, сондықтан сөз өнері «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» Бальзак, яғни «әдебиет – адамтану ғылымы».

Сөз өнерінің бейнелеу құралы – тіл, суреттікі – бояу, мүсіндікі – саз, балшық, т.б.Әдебиет немесе сөз өнері дегеніміз не? А.Байтұрсынов оны былай байыптайды: “Сөз өнері деп асылында нені айтамыз? Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіңдегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз осылай шығарған сөз”. Әдебиет яки сөз өнерінің ғана өмір-болмысты, адамдарды, тіршілік-табиғатты бейнелеуде өре-өрісі кең, шексіз де шетсіз, мүмкіндігі орасан мол. Бұл мүмкіндік әдебиеттің өмірді бейнелеу құралы – сөз екендігіне байланысты. Белинский сөзімен айтқанда “поэзия (бұл жерде күллі әдебиет деген мағынада – С.М.) адамның еркін тілімен берілгендіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар, сөйтіп, ол әрбір өнердегі жеке-жеке тәсілдердің бәрін бірінен-бірін бөлектемей, бірден пайдаланатын сияқты. Поэзия тұтас өнер, соның бүкіл ұйтқысы болып табылады. Және олардың барлық жағын қамти отырып, бүкіл өзгешеліктерін айқын, анық түрде бойына жинақтайды”. “Өнердің алды – сөз өнері” деп саналады. “Өнер алды – қызыл тіл” деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де (яғни басқа өнер түрлерінің – С.М.) қызметін шама қадырынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты, кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп суреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді...”. Бұл ұлттың ұлы тұлғасы, филолог, әдебиетші ғалым А.Байтұрсынұлының тұжырымы. Екі тұжырымда да әдебиеттің сөз өнері ретіндегі барша ерекшелік-қыры анық сипатталған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет