Н дин < Нст
Сұйық бағасына қысымынан биіктігі өзгермелі деңгейге дейін түп қысымына тең:
Р туп = Н дин ρg
Тұрақты және қысымынан биіктігі өзгермелі деңгейге дейін түп қысымына тең:
Р каб Р каб
Н тур = pg Н өзг = ρg
Ұңғысағасына өзгермелі деңгейге дейін көтеру биіктігі
h° = H – Н дин = Н · P туп/ρg
Көтергіш құбырының түп қысымы:
Р' = (L – h 0) ρg = hρg
Мұндағы: L- көтергіш құбыр ұзындығы, һ - өзгеру деңгейінен төменгі құбырдың бату тереңдігі.
1.3 ГАЗ АУА КӨТЕРГІШІНІҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ
Ұңғыға түсірілген құбыр соңына жұмысшы агентімен газ мұнай қоспасының бағытына байланысты көтергіштер бір қатарлы және екі қатарлы болып бөлінеді.Ал жұмысшы агентінің бағытына байланысты сақиналы және орталы жүйелі болып бөлінеді. Көтергіштің сақиналы жүйесінде ауа тізбегі сатылы болады. Төменгі жағында кіші диаметрлі, жоғары жағында үлкен диаметрлі. Оның негізгі ерекшелігі: бірінші қатардағы құбырдың ауырлық күшін азайтады және шыңырау түбінен құмды оңай алып шығуына мүмкіндік береді. Ал сақиналы көтергіштің кемшілігі көтергіш құбырдың ұзарту мүмкін еместігі. Тереңдікті ұзарту үшін барлық тізбекті көтеру керек болады.
2-сурет. Газлифті көтергіштер конструкциясының сызбасы: а-екі қатарлы көтергіш; б - бір жарым қатарлы көтергіш; в-бір қатарлы көтергіш;
г-жұмыс саңылауы бар бір қатарлы көтергіш
Бір қатарлы көтергіштерде бір тізбек түсіріледі, жұмысшы агентінің берілуіне байланысты. Ол немесе ауа газ көтергіш тізбегі болады. Сақиналы бір қатарлы газ ауа көтергішінде жұмысшы агенті сақиналы кеңестігіне яғни шегендеу құбыр тізбегімен көтергіш құбыр аралығына айдалады. Бір қатарлы көтергіш орталық жүйесінде жұмысшы агенті СКҚ тізбегіне айдалады. Ал газ мұнай қоспасы құбыр аралық кеңістікпен көтеріледі. Бір қатар бұл жүйенің кемшілігі мол құмды ұңғыны пайдалану кезінде құбырларды қосып тұрған муфта шешіліп құбырлар ұңғыға құлауы мүмкін. Өндірісте көбіне көтергіш сақиналы жүйесі пайдаланылады.
Бір қатарлы және екі қатарлы көтергіштер қызметі бір-біріне ұқсас болады. Екі қатарлының ерекшелігі сол бір қатарлы көтергіштің жүйесінің сақиналы жүйесіне қарағанда, сақиналы ауа кеңістігінің көлемі аз болғандықтан жұмысшы агентімен сұйық аз бүлкілдеуімен жұмыс жасайды.
Сонымен қатар құбыраралық кеңістіктегі сұйық бағанасы екі қатарлы көтергішінің жаттық жұмыс жасауына әсерін тигізеді.
Бір қатарлы көтергіш жұмысында болған бүлкілдеу құбылысы қабаттың бұзылуына және ұңғының түбінде немесе көтергіш құбырында құм тығынының пайда болуына әкеліп соғады.
Бір қатарлы көтергіште егер көтергіш құбыры сүзгішке дейін түсірілмеген болса, онда құмды шығару шарты нашарлайды. Ұңғыларды бір қатарлы ұңғыны жабдықтауға 48-89 мм-ге дейінгі және өте сирек жағдайда 144 мм СКҚ пайдаланады.
Екі қатарлы көтергіште сыртқы тізбекке диаметрі 114, 112, 89, 73 мм, ал ішкі қатардағы тізбекке 73, 60, 48 мм диаметрлі құбыр пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |