2-китап indd



Pdf көрінісі
бет59/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   196
“Үйде де, аулада да, 
мәжілісте де, сарайда да тек түрік тілінде сөйлейтін болайық…”
деген жарлығын жариялап, орындамағандарды жазалаған екен. Соның 
нәтижесінде түрік мемлекеттік тілі таза сақталып, осының құрметіне бұл 
елде жыл сайын “Тіл бәирамы” өткізіліп тұрады.
Біз дәл осы тәсілді болмаса да, өз қалпына келе алмай жатқан қазақ 
тілі үшін де өкімет тарапынан қатал талап қойылуы қажет емес пе екен? 
деген пікірді айтқан едік. Бұл пікірдің қалың жұрт алдында ашық айтылып, 
себеп-салдарының сараланғаны қуанышты-ақ. Өйткені мемлекеттік 
тілдің қолдануы мемлекет құзырындағы көп ұлт өкілдерінің ара-жігін 
ажыратуға емес, олардың басын қосып, татулығын арттыруға бірлестіре 
түсуге қызмет ететіні президент сөзінде дәл айтылған. Бұл көптен бері 
айтылуын қалап, сабырлы саясаттың салиқалы шешімін күтіп жүрген, 


124
он ойланып, мың толғанып айтылған үлкен тұжырымның нәтижесі еді. 
Ол көптің көкейінде жүрген мына мәселелерден тұрады:
- “Қазақ тілі білім беру стандартына жарамайтын, ауыл арасындағы 
малшы-жалшылардың қатынас құралына ғана жарайтын тіл, мемлекетті 
басқарып, өркениетті дамытуға лайық емес” деп, күстаналағанындай 
емес, оны халықаралық олимпиада түрлерінің 64 пайызы қазақ 
мектептері оқушыларының еншісіне тиюі жоққа шығарады.
- “Әлемде көпұлтты елдер аз емес. АҚШ-ты, Ұлыбританияны, 
Францияны, Германияны, Ресейді алып қарайық. Олар көпұлтты бола 
тұрса да, бұл мемлекеттерде мемлекеттік тілді білмей өмір сүруге және 
жұмыс істеуге бола ма? Әрине, жоқ” – деп, оны бұлтартпайтын уәжбен 
дәлелдейді.
- Елбасы “Бүгінде біздің қоғамда мемлекеттік тілді білудің 
маңыздылығы мен қажеттілігін түсінушілік бар” деп, бұл түсінік 
қоғамда саясат принципі бойынша мәселені асықпай, саспай шешудің 
нәтижесінде қалыптасып отыр дегенді аңғартады. Қазақ емес 
ұлттардың өз балаларын қазақ балабақшалары мен мектептеріне беру 
фактісі осыны білдіреді. Бұл әрекетті назардан тыс қалдырмау керек 
деп ескертіп отыр. 
- Елбасы ендігі жерде: “… 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет