2-китап indd


“латын жазуына өтуге қарсы емеспін”



Pdf көрінісі
бет62/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   196
латын жазуына өтуге қарсы емеспін”
деген президентіміз, үш-төрт мемлекетті алдына жіберіп, халықаралық 
жағдайды, жұртшылықтың пікірін пайымдап алып, араға 15 жыл салып, осы 
мәселеге қайта оралып, өз шешімін айтып отыр. Ол 
“Қазақ әліпбиін латынға 
көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге 
қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте 
басымдыққа ие. Және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік 
елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты 
жылдың ішінде мәселені зерделеп, нақты ұсыныстарымен шығуы тиіс”
– деп ол созылып келе жатқан бұл мәселеге нүкте қойып отыр.
Жоғарыда аталған себептердің баршасы, пайымдап қарасақ, осы 15 
жыл барысында орынсыз байбалам салып жатқан пікірлерді білмегендіктен 
емес, латын жазуының көптеген елдерде атқарып отырған коммуникациялық 
қызметіне және оның қолданыс шеңберінің барған сайын кеңейе түсуіне 
байланысты айтылғандығын көреміз.
Енді міне, өкімет өз шешімін білдіріп отыр. Оның тұжырымына қарсы 
болуға ешкімнің қақы жоқ сияқты. Ендігі жерде “латын жазуына өтеміз бе?” 
деген мәселе күн тәртібінде жоқ. Күн тәртібінде “қалай өтеміз?” деген мәселе 
тұруы міндетті. Бүгіндері латын әліпбесінің бойынан “кемшілікті” көбірек 


127
тауып, құбыжық етіп көрсетуге тырысып, жиналыс шақырып, дөңгелек 
стол ұйымдастырып, газет-журналдарға жазып, байбалам салып жүрген 
кейбір азаматтардың әрекеттеріне таңғалмасқа болмайды. “Латынға 
қарсы боламыз ба, не көне орхон-енисей руна жазуына, араб жазуына 
көшуді, кирилл жазуында қалуды қалаймыз ба?” деген қияли әңгімені 
қайта қозғап, әлі де қарсыласып бағайық деп, біржақты ойлайтын 
азаматтардың қай жағынан болса да, латын жазуының басқа жазулардан 
артықтығын білгені жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет