2-китап indd



Pdf көрінісі
бет61/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   196
“Әйтсе де, латын 
қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие”
деген пікірі 
осы шындықтан туындап тұр.
Латын жазуына ауысуды қаламайтындардың уәжі әр алуан. 
Кейбіреулері өзінің қарсы пікірін білдірумен ғана тынса, енді біреулері 
ол алфавиттің кемістігін тауып, жамандауға тырысады. Ол ол ма, енді 
кейбір сыншылар жазудың өзін емес, сол жазуға көшуге ұсыныс жасап 
отырған басқа азаматтардың өз басын жамандауға, уытты тілін жұмсап, 
жанын жаралауға дейін барып жүргені белгілі. Осындай бір азамат:
“Жаңа әліпбидің атасы болуға соншалықты жанын салып жүрген 
академик Әбдуәли Қайдар” деп те қалғаны бар. Бұл не деген сөз? (Туған 
тіл, №2 (02), 2005, 78 б.).
Қош, сонда “менің бұл мәселені көтеруіме қандай себеп болды?”. 
Оны сынаушы мырза білмеуі де, не біле тұра ескергісі келмеуі 
де мүмкін. Қысқасы, менің хат жазуымның себебі мынау: 1991 жылы 
Түркия мемлекетінің сыртқы істер министрлігінің инициативасымен 
Анкара қаласында егемендік алып, тәуелсіз ел болған ТМД елдерінен - 
Әзербайжан, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан және Қазақстаннан 


126
арнайы шақырылған бір топ ғалымдардың (Қазақстаннан барғандар: мен, 
бүгінгі ҚР Тіл Комитетінің төрағасы – Ерден Қажыбеков, бұрынғы шетел 
министрлігінің қызметкері Сайлаубек Батырша) жиналысы өткізіліп, онда 
латын жазуына өту мәселесі және осыған орай негізгі халықтардың тілінің 
өзіндік ерекшеліктеріне сай латын жазуының таңбаларынан қажеттілерін 
таңдап алу мәселесі қарастырылған болатын. Қазақ тілі үшін 34 таңба 
жеткілікті деп сонда белгіленген еді.
Міне, осыдан 2 жылдан соң Түркия мемлекеті 1994 жылы Анталия 
қаласында жер жүзілік түркітану құрылтайын шақырды. Қазақстаннан оған 
50 адам делегация мүшесі қатынасты. Түркі халықтарының жержүзілік осы 
құрылтайында латын жазуына көшу арнайы сөз болып, “латынға өтеміз” деп 
Түркияның көне әдеті бойынша 
“іс бірлігі, тіл бірлігі, дін бірлігі…” 
деген 
девизбен темір төстің үстіне қойылған қыздырған ат тағасын балғамен әр 
халықтың өкілі атынан бір-бір адам балғамен тағаны үш рет соғып 
“берген 
сертке берік болу”
әдетін орындап тарасқан едік.
Міне, осы берген сертке берік болудың жолы деп мен Алматыға 
келгеннен соң елбасының атына ашық хат жазып, осы идеяны қолдап, оны 
газетте жарияладым. Уытты тілін сұғып, елдің жанын жаралайтын сөздің 
айтылуының бір себебі осы. 
Міне, сол жылдың өзінде-ақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет