2-китап indd


Олай  дейтінім, қаншама уақыт бойы, санамызды ұйықтатып, көндіріп қойған  халқымызға бүгінде қайта келгендейміз.  –



Pdf көрінісі
бет65/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   196
 
Олай 
дейтінім, қаншама уақыт бойы, санамызды ұйықтатып, көндіріп қойған 
халқымызға бүгінде қайта келгендейміз. 
– 
Неге олай дедіңіз?
– 
Оның себебі, менің есебім бойынша бүгінде халқымыздың 
15 пайызы өз тілін білмейтіндер де, 25 пайызы шала білетіндер.
Кезінде осыны біреулер дұрыс түсінбей, халықтың 40 пайзы өз тілін 
мүлде білмейтіндер деп жансақтық жасады. Бұл олай емес. Халықтың 
15 пайызы ана тілімізде мүлде сөйлей алмайтындар да, 25 пайызы 
шалашарпы сөйлейтіндер.
– 
Онда жоғарыдағы лауазымдылардың көпшілігі солардың 
қатарына қосылатын болды ғой?
– 
Иә. Өкінішке орай, Тәуелсіздік алғаннан кейін,Үкіметке 
келген жастардың көпшілігі сол жаңағы 25 пайызды құрайтындардың, 
яғни өз тілін шала білетіндердің қатарына қосылады. Араларында 
мүлде білмейтіндер де бар. Міне, солардың өз ана тілін іс басқару 
құралы ретінде пайдалануға құлықтары жоқ. Бұл бір жағынан жалпы 
біздің ұлтымызға тән енжарлық. Одан соң, ең бастысы, сол үкіметте 
отырғандардың көпшілігінің сыртқа білдірмесе де іштей қазақ тіліне 
деген көзқарастары дұрыс емес. Солардың кесірінен мемлекеттік тіл 
мәртебесі әлі күнге төмен деңгейде. 
Былайша айтқанда, қазақ тілінің пәрмені өз дәрежесінде 
қолданылмай жатыр.
– 
Сіз жоғарыда сана оянды, бетбұрыс болды дедіңіз... Онда 
мұндай дәрменсіздіктің себебі неде?
– 
Бұл халық дегеніміздің өзі, классикалық анықтама 
бойынша қалай қайырсаң солай бұрылатын тобыр дегенге келеді. 
Орыс тілінде сөйлеп үйренген адамдардың одан қол үзгісі келмейді. 
Балаларын да солай тәрбиелейді. Кейде балаларын қазақ мектебіне 
берген ата-аналар болса, «қазақша дұрыс білім бере алмайды» деп 
қайтадан орыс мектебіне береді. Бұған байланысты Үкімет не істей 
алады? Енді обалы қане, біршама жұмыстар атқарылды да. 
Конституцияда мемлекеттік тіл белгіленді. Тілдер туралы 
Заң қабылданды, екі рет тіл дамыту бағдарламалары дайындалды. 
Президентіміз Қазақстанның болашағы – қазақ тілі деген сөзді де айтты. 
Амал нешік, бірақ іс жүзінде баяу жылжудамыз. Ілгерілеу бар, әрине... 
Дегенмен де жүз қазақтың арасындағы бір орыс үшін бүкіл мәжілісті 


132
орыс тілінде өткізу әдетінен әлі де арылғанымыз жоқ. Осыны айтып та, 
жазып та жатырмыз. Бірақ нәтиже аз.
Мысалға жуырда маған Парламенттен Мәжіліс депутаты Бәкір 
Әбжәлел Деген азамат ресми хат жіберіпті. Онда ол тілдің жағдайы онша 
болмай жатыр ғой, осы мәселеге байланысты тағы ақылдасайық дегенді 
айтыпты. Қазір мен осы хатқа жауап ретінде өзімнің ойымды жинақтап, 
жауап әзірлеудемін. Депутаттардың арасында да қазақ тіліне жаны ашитын 
азаматтардың көп болғандығы қуантады. Бірақ, халық пен оны басқарып 
отырған Үкіметтің өзі жуық арада тіл мәселесіне шұғыл бет бұрмаса 
болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет