2-китап indd


«Аспанда Күн жалғыз, Жерде Хұн жалғыз»



Pdf көрінісі
бет85/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   196
 
«Аспанда Күн жалғыз, Жерде Хұн жалғыз» 
деуіне қарағанда, қазақ 
атам Хұн бабаларын да білген; бұдан 24 ғасыр бұрын алтынға орап, 
арулап жерленген сақ ұланының мәйіті де Алатау алқабынан табылып 
отыр; түркілердің әлемге әйгілі қос қағанаты да, Қаңлы мен Үйсін, 
Қараханиттер мемлекеттері де қазақ жерінде салтанат құрған; Әбу-Нәсір 
әл-Фараби, Жүсіп Баласағуни, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхаммет Хайдар 
Дулати, Қайырғали Жалайыри тәрізді шығыстың ұлы перзенттері де – 
қазақ топырағынан шыққандар. 
Ал қазақтың өзіне етене жақын тілі де, діні де, рухани мұрасы да 
ортақ түркі ұлыстарын іздеген адамға көне тарих небір ғажайып сыр 


183
шертеді. Сонау VIII ғасырда қазақ жерінен құлақ кесті құл болып, мысыр 
саудагерлеріне сатылған, кейін Мәмлүк (құлдар) мемлекетін құрған 
әйгілі қолбасшы Байбарыс та қыпшақ ұрпағынан еді. Сүрия жеріндегі 
көне Пальмира жақын биік төбенің үстінде аңдағайлап алыстан 
көрінетін «Қыпшақ» қорғаны сол елді моңғол шапқыншыларынан 
қорғап қалған кыпшақ әулеттерінің қолымен тұрғызылған қамалы 
болатын. Еуразиядағы Мажарстан, Румыния, Польша, Түркия (Осман 
империясы), Бұлғар, Қырым, Алтын Орда мемлекеттердің құзырында 
болған қыпшақ ру-тайпалары да біздің бабаларымыз және олар бұл 
елдердің мәдени тарихында елеулі рөл атқарғаны мәлім. 
Ал енді қазақ қазақ болғаннан бергі жағдай өз алдында бір дүние. 
Ең бастысы: олардың «мың өліп мың тірілсе де» өздерімен өзектес ру-
тайпаларынан мұра болып қалған ұлан-ғайыр атамекенін тұс-тұстан 
анталап, аранын ашқан қызыл көзді жауларынан ақ білектің күшімен, 
көк найзаның ұшымен ғасырлар бойы аман сақтап қалуы. Ендігі жерде, 
міне, сол дәстүрді жалғастыру, іргені берік ұстау, елдің шырқын бұзбау, 
тілін, дінін, салт-дәстүрін сақтау қарапайым халыққа да, ел басқарған 
ерлерге де сын болып отыр. Кешегі «ақ табан шұбырынды» заманынан 
кейін үсті-үстіне төнген нәубеттің бәріне төтеп берген халқымыздың 
әсіресе кейінгі жүз жыл беделіндегі тартқан азабы мен көрген құқайы да 
аз болған жоқ. Осы жылдар ішінде зобалаңнан, аштықтан, геноцидтен, 
соғыстан, атом тажалынан халқымыздың жартысы қырылып, қалың 
елдің қатары сиреді, қабырғасы күйреп, ұлтымыздың береке-құты 
қашып, тұтастығы бұзылды, ана тіліміздің қолдану өрісі тарылып
ауадай қажет тілдік орта ойран болды. Кеңестік империяның бұғауында 
келген Қазақстанда кешегі отаршылдық саясаттың орыстандыру 
«бағдарламасы» небір айла-тәсілдермен іске асып жатты. Міне, енді 
ғайыптан келген жаңа заманның дүмпуімен жойылып кетуге шақ 
қалған ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, аспаннан іздегеніміз 
жерден табылып отыр. Бірақ ана тіліміздің қазіргі халі – «шықпа жаным, 
шықпа!».
Оның көптеген себебі де бар. Соның бірі – қазақтардың өз жерінде, 
өз елінде отырып басқа ұлттардан саны аз болып қалуы. Мәселе тіпті, 
онда да емес: «көп қорқытады, терең батырады» дегендей, орыс тілді 
жерлестеріміздің кейде осы аздығымызды бетке салық етіп, «біз көппіз!» 
деп құқай көрсетуінде, ұлттың намысына тиіп, оның талпынысына, 
санасы оянып, кайта түлеуіне жол бергісі келмеуінде болып отыр. 
Осыны көріп, ашынасың, ашынғандықтан да, «ау, он миллион болған 


184
ағайын-тумалар-ау, қайда жүрсіңдер?!» деп, жан ұшыра айғайлағың 
келеді. Бұл жалғыздық көргендіктен емес, – құдайға шүкіршілік, қара 
шаңырақ астында жеті миллиондай қазақ отыр ғой, – тәуелсіздігіміздің 
туын қолдан жібермей, мықты ұстау үшін, ойран болған тілдік ортаны 
толтыру үшін, беделі түсіп, қадірі кеткен тіліміздің мерейін үстем ету 
үшін қажет сол тілде сөйлетін іргелі елдің ұлттық намысын ояту үшін 
айтылар сөз. 
Қазақ атам «Арқада аяз болмаса, арқар ауып несі бар» дейді ғой. 
Сол айтқандай қазақтын өз жұртынан ауа көшіп, алыстап жүруі бекер 
емес, оған бірде тарихи жағдай, бірде тағдырдың тәлкегі себеп болғаны 
аян. «Өткен іске салауат» десек, ендігі мәселе алыстағы ағайынның 
аңсарын аңғару, еншісі бөлінбейтін асыл мұрасы тіліне деген 
құштарлығын байқау. Осыған орай дүние жүзі қазақтарының алғашқы 
бас қосуында сөз болуға тиіс мәселенің бірі – «шетел қазақтарының» 
қолданысындағы қазақ тілінің әр жердегі әртүрлі күйі, жағдайы, 
болашағы. Оны анықтаудың бірден-бір дұрыс жолы – «жақын шетел», 
«жырақ шетелдегі» қандастарымыздың таралу өрісін, мемлекеттер 
құзырында шоғырлана, топтаса, не бытырай, жеке-дара өмір сүруін 
қарастыруға байланысты. 
Осы талапқа сай біз Қазақстаннан тыс жердегі бауырларымызды 
шартты түрде болса да төмендегідей 7 топқа бөліп қараймыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет