2-китап indd



Pdf көрінісі
бет82/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   196
Бұл тек Өзбекстанда ғана сақталып отырған мәселе емес қой?
– Иә, байқап отырсаңыз бұл шетелдегі барлық қазақтарға тән мәселе. 
Ең үлкен қиыншылық та міне, осы арадан басталады. Іс жүзінде қазақтар 
бара-бара өз ана тілінде мамандық ала алмай, алған күнде де біздің 
жазумен сауат аша алмай, басқа бір хатта оқып білім алса, айдалада 
қалғалы отыр. Бұл әрине, ащы шындық. Бұл мәселе Қытай елінде де 
сақталып отыр. Қытайдағы қазақтар 1960 жылдан бұрын төте жазуды 
қолданса, ал 1960 жылдан 1982 жылға дейін жиырма жылдай латын 
жазуын пайдаланған. Сосын қайталай төте жазуға көшті. Оны көріп 
отырмыз. Алайда төте жазуды (араб жазуын) бұл жақтағы қазақтар 
танымайды. Ал кириллицаны олар танымайды. Оның үстіне термин 
мәселесі тағы бар дегендей. Міне, осылайша әр елдегі қазақтардың тіл-
жазуындағы алшақтық барған сайын ұлғайып барады. Егер бұл жағдай 
осылай жалғаса берсе ұлтымыздың тұтастығына үлкен қауіп болары 
анық.
– 
Олай болса бұл туралы нақтылы қандай шаралар қолдану керек, 
не істеу керек деп ойлайсыз? Сізше қай жазуды қолдану тиімді? Өзіңіз 
латын жазуына көшуді әуелден-ақ қолдап келесіз ғой!
– Өз басым Қазақстанда латын жазуын қолдануды қуаттап келе 
жатқан адаммын. Жалғыз мен ғана емес, бұл жағын баспасөз бетінде 
де, іс жүзінде де қолдайтындар көп. Соған сай қарсы шығушылар да 
жоқ емес. Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында талай сөз 
болған. Ал осыған қарсы пікір айтушылардың дәлелі де бізге бірден 
белгілі. Олар надан болып қаламыз, мәдениетімізден айырылып 
қаламыз дегенді айтады. Меніңше мұнда тұрған дәнеңе жоқ. Ешқандай 
мәдениетімізден де айырылмаймыз, надан да болмаймыз. Қайта біздің 
жазуымыз дыбыстық жазу. Ол тұрмақ мағыналық иероглифтерді 
транскрипциялауда қытайлар да латын жазуын қолданып отыр. Латын 
жазуы – дүниежүзі бойынша қолданылып отырған халықаралық 
маңызы бар транскрипциялық дыбыстық дәл жазу. Яғни, бұл әрбір 
дыбыстың ерекшеліктерін түгел анық көрсететін фонемалық жазу. 
Сондықтан, біз латын жазуына көшсек, қазақ тілінде қазір дау болып 


179
жүрген кейбір мәселелер дұрыс шешімін табады. Мысалы, «тау» деген 
сөзді алатын болсақ үш дыбыстан тұрады. Ал «жу» деген сөздегі «у» 
сөзін бір-ақ дыбыспен жазамыз «у» зәре мағынасында. Ал шын мәнінде 
ол «у» айқын көрініп тұрған екі дыбыстан тұрады. Оның барлығына 
орыс тілінің ыңғайына байланысты үйреніп кеттік.
– 
«Я», «ю» деген таңбалар да осылай ғой?
– Иә, солай. Біз бұл дыбыстардың ерекшеліктерін нақтылы дұрыс 
бейнелеп бере алмай отырмыз. Мысалы: «Момпи, тымпи, жымпи» деген 
сияқты. Сөздердің барлығына бір ғана «и» жазамыз. Міне, осындай 
жағдайлар біздің жазуымызда өте көп. Біз қазір 42 әріп таңбасын 
қолданып отырмыз. Бұның қажеті шамалы. Бізге 28 әріпті латын жазуы 
да жетіп жатыр.
– 
Ал орыс ғалымдарының болашақта орыстар да латын жазуына 
көшу керек деген пікірі туралы не айтасыз?
– Қытайдың тіл-жазу жағдайын өзің жақсы білесің. Қытай 
халқының жазу дәстүрі сонау ертеде қалыптасқан. Иероглиф деген 
ол – кез-келген ұлттың бәрінде бола бермейді. Қытай жазуы өзіндік 
ерекшелігі мол жазу бола тұрса да осыны латын жазуына өзгертейік деп 
реформа жасады. Бірақ қытай жазуы мағыналық жазу болғандықтан 
оны тек халықаралық транскрипция ретінде ғана қалдырды да бұрынғы 
жазуында қалды. Орыс тілінде де латын жазуына көшу-көшпеу туралы 
талай пікірталастар болып келеді. Айтар болсақ, қазір орыс, украин, 
белорус үшеуінен басқа славян халықтарының барлығы дерлік латын 
жазуын пайдаланады. Орыстар осыны ескере отырып «біз негізіміз 
бір ескі славяндармыз, тіліміз де ортақ славян тілінің негізінде 
қалыптасқан. Сондықтан, тілдік ортақтығымызды сақтау үшін біз де 
сол латын жазуына көшуіміз керек» деген мәселені қойып жүргендері 
бар. Мүмкін күндердің күнінде орыс халқы да латын жазуына көшуі 
ықтимал. Меніңше өзгермейтін ештеңе жоқ. Араб жазуы да, кирилл 
жазуы да, орхон-енисей жазуы бәрі де уақыттық жазу, оның бәрін 
кезінде пайдаландық. Ал енді латын жазуы болса бүгінде бүкіл 
жер жүзіне тараған, компьютер тілінде қолданылып отырған, өте 
икемді де, қолайлы жазу екені анық. Сол үшінде ертерек көшкеніміз 
абзал. Заманның үрдісі соны талап етеді. Бұл туралы анау Түркия 
қазақтарының сауалына жауап ретінде Президентіміздің өзінің айтқан 
сөзі де бар. Егер латын жазуын «Халық қалап жатса, қажеттілігін 
ғалымдар дәлелдеп бересе неге көшпеске» деген болатын. Сондықтан, 
біз де Президенттің сөзін қайталаймыз.


180
– 
Биылғы Құрылтайға әр елден жастар жағы көбірек келіпті. 
Олар да өздерінің әртүрлі тілектерін білдіріп жатты. Әрине, 
шетелдегі бес миллион қандастарымыздан уәкіл ретінде 300 дей 
адам ғана жиналысымызға қатынаса алды. Өйткені, алыстағы 
ағайындарымыздың барлығының Қазақстанға келуі де мүмкін емес. Осы 
әңгіме орайында шетелдегі қандастарымызға қандай тілек айтасыз?
– Дүниенің қай бұрышында жүрмейік, қазақ тілінің бүгінгі тағдыры 
мен болашағы, қадір-қасиеті бәрімізді толғандыруы тиіс. «Ана тіліміз 
– бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген қанатты 
сөзді бәріміз жадымызда сақтауымыз керек. Әр отбасы кішкентай бір 
ел. Ал «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген. Халқымызда «Не ексең, 
соны орасың» деген мақал бар. Біздің болашағымыз жастар, олардың қай 
тілде тәрбие алғаны ұлт үшін өте маңызды. Қай жерде жүрсе де қазақты 
қазақ қылып танытатын, сақтайтын оның тілі ғана екенін ұмытпайық.
– 
Әңгімеңізге рахмет!
«Алтын Бесік», 2005. №6.16-18 б. 
(Сұхбаттасқан Қ. Ғабитханұлы)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет