177
«Совет үкіметі 1927 ж. СССР-дағы бүкіл түркі халықтары қолданып
келген араб алфавитін латын алфавитіне ауыстырды. Бірақ Түркияда да
1928 жылы латын алфавиті түрік алфавиті болып қабылданғандықтан
Совет басшылары Анатолия түріктері мен Совет одағындағы түркі тілдес
халықтардың мәдени байланысының арта түсуінен қауіптеніп, 1939-1940
жылдардан кейін оларға міндетті түрде кирилл алфавитінің бір-бірінен
парқы бар алты түрін қабылдатқызды» - дейді. Міне, Түркі халықтарына
араб, латын алфавиттерін жедел ауыстырып, оның орнын жаппай славян
алфавитін қабылдатудың бір себебі осында деуге болады.
«Ортақ жазу» идеясы да түркі халықтарының рухани,
мәдени
ортақтығын сақтап қалудың бір шарты саналады. 1993 ж. Анкарада 6 түркі
мемлекеттің – Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан,
Түрікменстан елдерінің бас қосқан жиынында ортақ ұлттық жазуды
қалыптастырудың негізі ретінде 34 әріптен тұратын латын әліппесінің
жобасы ұсынылған болатын. 1994 жылы Анталия қаласында өткізілген
жер жүзі түркі халықтарының құрылтайында бұл жоба мақұлданып, латын
жазуына көшу туралы жиынға қатысқандардың бәрі бір ауыздан шешім
қабылдаған болатын. Міне, содан бері 11 жылдай уақыт өтті. Қазақтар
мен қырғыздардан басқа Өзбектер, Әзербайжандар, Гагауыздар, Қырым
татарлары, Түркімендер түгелдей латын жазуына көшкен. Татарлардың
да ойы жоқ емес. Ал қырғыздар біздің аужайымызды бағып отыр. «Егер
қазақтар латын жазуына көшсе, біз де латын жазуына көшеміз» дейді.
Мінеки, осы ұлттардың барлығы латын жазуына көшіп жатса біз қалай
қол қусырып қарап тұра аламыз? Латынға көшу алынбайтын қамал емес.
Мысалға көршіміз Өзбекстанды алайық. Өзбектер де түркі
халықтарының бірі. 1994 жылы Анкарада өткен жиналысқа өзбектерден
де үш-төрт адам қатынасты. Қазақтардан Қазақстаннан да үш адам
бардық (Ерден, мен, Сайлаубек) сонда латын жазуына көшу мәселесіне
үшеуіміздің біреуіміз қарсы болдық. Қазірге дейін бұл мәселеде
ауызбірлік жоқ. Ал өзбектер бәрі бір ауыздан қосылуы 1995 жылы
бірден латын жазуына көшті. Сол 1995
жылы мектеп табалдырығын
аттаған балалар міне, биыл 10 сыныпты латын жазуымен бітірді.
Мұндағы басты әңгіме өзбектердің латынға көшуіне ғана байланысты
емес, онда тұрып жатқан қандастарымыздың білім алу, жұмысқа тұру т.б.
әлеуметтік жағдайларына да тікелей қатысты. Яғни, бір жарым миллион
қазақ Өзбекстан территориясында тұрады. Олардың 600-дей мектебі
бар. Ондағы балалардың барлығы кириллицамен оқып жатыр. Өзбектер
өз еліндегі қазақтарға «Егер біз латын жазуына ертеңгі күні түгел
178
ауысқанда қолдарыңда латын жазуында дипломдарың болмаса жұмыс
бере алмаймыз, маман деп есептемейміз» дегенді ескерткен. Демек, бір
жарым миллион халықтың балалары ертеңгі күні маман да, сауатты
да болмай аспанға қарап қалса не болғаны. Бұл мәселені Қазақстан
мемлекеті ойламаса, кім ойлайды? Бұл туралы осы жолғы Құрылтайда
Өзбекстаннан келген қазақ қоғамының төрағасы да өз пікірін айтты.
–
Достарыңызбен бөлісу: