2-китап indd


«қазақ тілін апаттан алып қалу»



Pdf көрінісі
бет87/196
Дата17.10.2023
өлшемі2,63 Mb.
#117240
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   196
«қазақ тілін апаттан алып қалу» 
деген 
проблема күн тәртібінен түскен. Ендігі мәселе – оны қалпына келтіру, жан-
жақты дамыту, қолданыс аясын кеңейту, өмір сүру қажеттігіне айналдыру. 
Осы орайда қазақ халқына іштен де, сырттан да тосалғы болып 
отырған әрекеттер аз емес. Жүз жылдар бойы бел алып қалған орыс тілінің 
өктемдігі әлі күнге дейін бәсеңдер емес. Бұл өктемдік күні кешеге барлық 
республикаларда жүз беріп келсе де, бүгін ол ТМД елдерінің ішінде тек 
Қазақстанда ғана сіресіп тұр. Бұған бір-ақ себеп бар – ол демографиялық 
жағдай. Ресей жеріндегі жарты миллионан астам бауырларымыздың тіл 
жағдайы шетелдік туыстарымыздың біразынан мүшкілдеу. Бұл да сол 
орыс тілінің өктемдігі. 


189
Міне, қара шанырақтың халі әзірше осылай. Бірақ болашақтан үміт 
зор. Үлкен бетбұрс, жаңа үрдіс, ояну, сергу басталған сияқты. Жержүзі 
қазақтарының құрылтайы осы бір үрдіске шабыт, күш-қуат бергей деп 
тілейміз. 
«Қазақ – өз жерінде ғана қазақ» деген сөз бар екен. Өз басым бұл пікірге 
толық қосыла алмаймын. Өйткені қазақ баласы қара шаңырақтан алыста 
жүріп-ақ ана тілін ұмытпаса, салт-дәстүрін сақтаса, рухани байлығынан 
сусындаса, неге ол қазақ болмасын ? Ал өз елінде жүріп, өз үйінде отырып-
ақ ана тілінен мақұрым болғандарды қасиетті қазақ тілі «өз перзентім» деп 
қорғай алмай отырғанына не шара?
Ұлы ақынымыз Мағжан Жұмабаев: 
«Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!» 
– деп, ата-бабамыздан 
асыл мұра болып қалған қазақ тілін марапаттай келіп, бүгін де жер жүзіне 
тарап кеткен ұрпақтарын тек рухани ұйытқы болар ана тіліміздің құдіретті 
күшімен ғана басын қосып, тұтастығын сақтауға болады:
«Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен – тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет