2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет4/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82
мәдениет теориясы
мен 
мәдениет 
тарихы
бөлімін қамтиды. Сонымен,
белгілі бір аймақтағы, 
сол немесе басқа елдегі қоғамдық этностың кез-келген 
тарихи сатысындағы рухани өмірінің экономикалық, 
әлеуметтік және басқа да қызметінде адамдардың бір-
бірімен қатынасы немесе тәуелділігі құбылыстарына 
талдау жасау мәдениеттану пәнінің нысаны болып 
табылады.
Мәдениеттану өзге ғылым салаларымен тығыз 
байланысты ( сурет 2).
Мәдениеттану ғылым саласы ретінде көптеген ғылымдар 
секілді философиядан бөлініп шыққан. Мұны жеке ғылым 
саласы ретінде неміс ғалымдары ХVIIIғ. соңында ғылыми 
әдебиеттерге 
енгізе 
бастады. 
Көп 
қырлы 
мәдени 
құбылыстарды зерттеуге қатысты мәдениеттану да салаларға 
бөлініп бүгінгі күні бірнеше түрлерге ие болып отыр.


13 
Сурет 2 
Мәдениеттанудың түрлерінің ішінде мәдениеттің жалпы 
теориялық негізін қарастыратын мәдениет философиясы ең 
бастысы болып есептеледі. Мәдениет философиясы өзінің 
алдына мәдениетті оның жалпы және өзіндік маңызды 
ерекшеліктері арқылы тереңдей түсінуді, байыптап ұғынуды 
және түсіндіруді міндет етіп қояды. Ол мәдениеттің мәніне, 
оның табиғаттан (натурадан) айырмашылығына, өркениет пен 
т.б. құбылыстарға қатыстылығы жайлы анықтамалар мен 
түсініктемелер береді. Оның зерттеу затына мәдениеттің 
құрылымы, қызметі, адам мен қоғам өміріндегі алатын орнын 
қарастыру жатады. Ол мәдениеттің дамуындағы негізгі 
ағымдарды анықтай отырып, оның гүлдену мен құлдырау 
және т.с.с. құбылыстарының себептерін ашып көрсетуге 
ұмтылады. 
Мадениеттанудың өзге ғылымдармен байланысы 
Мәдениеттанудың өзге ғылымдармен байланысы
Мәдениеттану
Рухани
Материалдық
философия
антропология
тарих
этнография
этика
эстетика
социология
психология
Құқық
этнопсихология
демография
семиотика
фрейдизм


14 
Мәдениеттанудың екінші түріне мәдениет тарихы 
жатады. Ол белгілі-бір дәрежеде философиялық-теориялқы 
мәселелерді қарастырғанымен, оның негізгі міндеті – қандай
да бір мәдениеттің тарихы жайлы нақты білім беру. Оның 
зерттеу затына әлемдік, ұлттық немесе аймақтық мәдениеттер 
немесе белгілі-бір тарихи кезеңнің (сақтар, ортағасырлар, 
Ағартушылық кезең т.с.с.) мәдениеттері жатады. Ол сол 
кезеңдегі мәдениеттің жасалуына емес, ондағы мәдени 
оқиғаларға, халықтың тұтастай рухани өміріндегі болған 
жетістіктер мен құлдырауларға, тарихи маңызы бар 
ескерткіштерге, оларды жасаушылар мен қиратушыларға 
қатысты фактілерді шежірелейді. 
Мәдениеттанудың үшінші бір түрі – әлеуметтанымдық 
мәдениеттану. Ол мәдениеттің тұтастай немесе ондағы 
субмәдениеттердің – бұқаралық пен элитарлық, қалалық пен 
ауылдық, жастар мен әйелдер мәдениеттерінің нақты өмір 
сүруін зерттейді. Оның негізгі мұраты мәдениеттегі алға 
жылжулар мен өзгерістерді, оның даму серпінділігін, оған 
қоғам тарапынан байқалған әсерді анықтау. Мәдениеттің бұл 
түрімен мәдениет психологиясы да тығыз байланыста жанаса 
дамуда. Оның зерттеу затына белгілі-бір мәдениет 
аумағындағы 
адамдардың 
рухани 
мінез-құлығындағы 
ерекшеліктері, 
олардың 
мәдениетке 
деген 
өзіндік 
көзқарастары жатады. Әлеуметтік-психологиялық зерттеулер 
негізінде, ол жеке тұлғаның осы қоғамға тән мәдени-тарихи 
типтерін айқындайды. 
Батыс елдерінде кейінгі кездері ежелгі дәуірлік адамдар 
мен жекелеген халықтардың дүниенің жаратылуы жайлы 
аңыз-әпсаналарын, сондай-ақ олардың наным-сенімдерін, 
салт-дәстүрлері 
мен 
әдет-ғұрыптарын 
қарастыратын 
мәдениеттанудың этнологиялық мәдениеттану (мәдени 
антропология) деп аталатын түрі кең тарай бастады.
ХХғ. мәдениеттану ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан 
тағы бір ғылым саласы – семиотика. Ол таңбалар мен белгілер 
жүйесін зерттейді. Семиотикалық тәсіл лингвистика, кино, 


15 
театр, әдебиет т.б. ғылым салаларында кең қолданылады.
Соңғы жылдары жаңа лингвистикалық және басқадай 
әдістерге сүйенетін мәдениеттің құрылымдық - таңбалық 
концепциясы өте кең таралуда. 
 
2. «Мәдениет» (культура) терминi латынның «cultura» 
сөзiнен келiп шыққан, топырақты өңдеу, культивация жасау 
деген ұғымды бiлдiредi. Гректер культура ұғымын «пайдея» – 
бала жетектеуші, білім беруші, ал римдіктер тәрбиеші, ұстаз 
мағынасында қолданған, араб тілінде «маданият» – қала деген 
мағынаны білдірді. Мәдениет ұғымы және оның мәні туралы 
ерте дәуірден бастап-ақ философтардың еңбектерінде 
көзқарастар қалыптасқан. Б.з.д. 45 жылы рим философы 
М.Цицерон «Тускулан әңгімелері» шығармасында мәдениет 
дегеніміз адам жанын рухани жетілдіру деп түсіндірген. 
«Мәдениет» түсінігінде адам өмірінің шығармашылық 
қызметі мен оның биологиялық формасының арасындағы 
айырмашылық жатады.
Мәдениет жайлы түсініктердің тарихи қалыптасып 
дамуына, оларды ғылым саласы ретінде жүйелеп саралауға 
неміс оқымыстылары көп еңбек сіңірді. Алайда, олардың 
мәдениеттануды жеке ғылым саласы етіп жасауға 
ұмтылғандарымен, алғашқыда оның зерттеу саласы тек қана 
дін болып қалды. Ал мәдениеттану өзінің дербес зерттеу 
объектісі бар бүгінгі кейпінде ХХғ ғана пайда болды.
Мәдениеттану ғылымының қалыптасуына американдық 
ғалым Л.Уайт (1900-1975) өзінің «Мәдениет жайлы ғылым» 
(1949) атты кітабы арқылы көп еңбек сіңірді. Оның еңбегі 
мәдениеттің зерттеу пәнін анықтауда өте зор. Ол өзінің осы 
танымал еңбегінде мәдениеттанудың зерттеу объектілерін 
топтастыра келіп, үш жүйені бөліп көрсетеді. Олар: 
технологиялық, әлеуметтік және идеологиялық жүйелер. 
Оның біріншісі өндіріс құралдарын қамтып, адам мен 
табиғаттың өзара қатысын реттеуге бағытталған. Екіншісі 
адамдар арасындағы – экономикалық, адамгершіліктік, саяси 
қатынастарды құрайды. Үшінші жүйенің мазмұны идеялар, 
5
5


16 
наным-сенімдер, аңыз-әпсаналар және білімдерден тұрады. 
Бұл жүйелердің ішіндегі бастысы ретінде алғашқы жүйені 
атап өтеді.
Қазақ тіліне «мәдениет» сөзі араб тілінен енген, ол 
«маданият» – «қалалықтар», «қалалықтар өмірі» деген 
мағынада, ортағасырларда араб-мұсылмандық мәдениеттің 
барынша кемелденіп дамыған кезеңінде, сондай-ақ Қазақстан 
жерінде ортағасырлық қалалардың кемелденіп өркендеген 
уақыттарында енген. Бұл термин сол дәуірлерде өмір сүрген 
ұлы ойшыл Әл-Фарабидің (870-950ж.ж.) еңбектерінде 
кездеседі.
Сонымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет