2. Мәдениет ұғымы және оның мәні


.  Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы



Pdf көрінісі
бет8/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
4

Мәдениет – адамзат әлемінің айнасы.
Адам дүниесі 
мәдениет ретінде алдына өзін анықтау 

өмірдегі өз жолын, 
мақсатын анықтау, өзін көрсете алу немесе іс-әрекетін жүзеге 
асыра алу – адам өзінің ішкі ойын, идеяларын іске асырудағы 
іс-әрекеті деп түсінуге болады. Адамгершілік мәдениет – 
қоршаған әлемді моральдық ұстанымдарға, принциптерге
(әдептілік, абырой, міндет, намыс, жауапкершілік) сүйене 
отырып меңгеру.
Адам мәдениетінің субьектісі ретінде адамгершілік 
мәдениеттің элементтері: 
- этикалық ойлау «жақсы деген не?, жаман деген не?»; 
- сезім мәдениеті, мінез-құлық; 
- Этикет. 
Этикет – қоғамдағы қабылданған жалпыға ортақ 
ережелер жиынтығы, этикет арқылы адам өзінің тәрбиелілік 
деңгейін көрсете алады.
Ұстамды адам

эмоционалды ұстамды, өзін өзге 
адамның орнына қоя алады, өзінің артықшылығын 
көрсетпейді, қоршаған ортада өз орнын біледі. 
Әр адамның өмірінде кәсіби этика өте маңызды болып 
табылады. Кәсіби қызметкер келесі қасиеттерді меңгеруі 
қажетті: әріптестері арасындағы қарым-қатынаста әділдік 


25 
таныту, өзгенің еңбегін өзіне телімеу, даулы ситуацияларда 
сабырлылық таныту, сөзіне тиянақты болу, екіжүзді болмау, 
әдептілік сақтау, ар-намысының болуы. Адамның әлемге 
қатынасының сан – салалығы күнделікті осы сапалардан, іс-
әрекетінен байқалады. Тарихи-әлеуметтік және мәдени 
байланыстар жүйесіндегі адам. Мәдениет – адамның 
шығармашылық мүмкіндіктерін іске асыру әдісі. Мәдениет 

адамдар арасындағы тұрақты байланыстар жүйесі және 
оларды реттеу тәсілі.
Қазіргі кездегі әлемдегі мәдениеттің түрлері: 
-
Шығыстық; 
-
Батыстық; 
-
Бұқаралық; 
-
Элитарлық; 
-
Субмәдениет; 
-
Контрмәдениет. 
Шығыстық өркениеттің сипаттық белгілеріне дәстүрлік, 
табиғатпен гармониялық, адамгершілік ұстаным әлемді 
өзгертуге емес, өзінің бойындағы кемшіліктерді жоюға 
бағытталуы, ал Батыстық өркениеттің сипаттық белгілеріне 
динамизм, даралық, рационалдық ойлау, техногендік және 
т.б. құбылыстарды жатқызуға болады.
Бұқаралық мәдениет 

қазіргі әлем халықтарының 
тұтынынысындағы мәдениет. Ол өзін БАҚ арқылы көрсетеді.
Бұқаралық мәдениеттің артықшылығы – адамдар ақпарат 
аламаса алады, сол арқылы өзін өзгелерге таныта алады, өзін 
жеке тұлға ретінде көрсте алады. 
Кемшілігі – біркелкілігі, шаблондық сипат алуы, 
«конвейерлік 
өндіріс», 
коммерциялық 
пайда 
табуға 
бағытталған. Бұл мәдениет бос уақытта адамдардың 
шұғылдампаздығын арттырудың орнына, оларды зомбиге 
айналдырады.
Элитарлық мәдениет 

бұқаралық мәдениетке қарсы
ұғым. Элита – дарын иелері, аса қабілетті адамдар тобының 
жасаған 
іс-әрекеттерінің 
жемісі. 
Мұндай 
адамдарды 


26 
харизмалық тұлғалар деп те атайды. Табиғат дарытқан, Құдай 
берген дарын иелері, феномен. Элитарлық мәдениет – жоғары 
сапа, жарқын эмоционалды, дарын иелері жасаған өнер 
туындылары арқылы адамдар ерекше, асқақ сезімге бөленеді. 
Субмәдениет 
– 
жекелеген халықтардың, адамдар 
топтарының, мәдениеттегі нақты құбылыстың көрінісі 
(мысалы, орта ғасырлардағы карнавалдық мәдениет, ойын-
сауықтық мәдениет).
Субмәдениеттің стильдері (ерекшеліктері):

образ – киім, шаш үлгісі, әшекей бұйымдары; 

мимика (бет-әлпеттің көрінісі); 

сленг – жаргон, арнайы сөздіктер. 
Контрмәдениет – ХХ ғасырдың 70-жылдарында пайда 
болды. Бұл мәдениеттің өкілдері битниктер(жазушылар), 
панкілер, хиппилер, рокерлер, реперлер, байкерлер, бардтар, 
тинэйджерлер. Олардың мақсаты қоғамдағы кемшіліктерге
қарсылық таныту, өз іс-әрекеттері арқылы қоғамды жақсарту, 
олардың басты ұраны барлық іс-әрекетте бостандық, еркіндік 
болды. Бұл мәдениеттің көрнекті өкілдері материалдық және 
рухани мәдениетке қатысты өнер туындыларын жасауда. 
Мәдениет 

белгілер мен мән-мағыналар әлемі. Тіл-
мәдениетті тарату және қарым-қатынастар құралы. Тіл – 
мәдениеттің мәйегі. ХХ ғасырды тілді философиялық 
тұрғыдан зерттеу кең өріс алды: 

Тіл 

ойдың негізгі құралы; 

Тіл – ойдан тысқары, трансцендентальды әлем; 

Тіл – ойдан бұрын болған құрылым. 
Тіл – тарихи тұрғыдан қалыптасқан белгілік-таңбалық 
жүйе. Белгі, таңба деп әлдененің орнында тұрған заттардың 
барлығын айтады. Белгі-таңба 

әрбір жаңа ұрпаққа сол ұрпақ 
тиесілі мәдениеттің мәдени ақпаратын сақтап, жеткізу үшін 
қажет. Барлық таңбалар жүйесі біріге келіп, белгілі бір 
соцумның белгілі бір кезеңдегі мәдениетін құрастырады. 
Белгілер – адамзат мәдениетінің тірішілік ету формасы, болу 


27 
түрі. Белгілер: табиғи, иконалық, конвенционалды, вербалды 
және т.б. болып бөлінеді. Табиғи белгілер күнделікті өмірде 
мысалы, дененің қызуы науқастануды, бұлттың қоюлануы 
нөсердің болатынынан белгі береді. Ал, иконалық – жасанды, 
белгілі нәрсеге таңба беру, мысалы жол ережесінің 
таңбалары, бағыт-бағдар беретін таңбалар және т.б. Белгі мен 
таңба арасында айырмашылық бар, белгі санада бейнеленсе, 
таңба заттарда бейнеленеді. Тіл-белгілер жүйесіне енеді, 
себебі тіл адам санасында бейнеленеді. Тіл – болмысты 
таңбалайтын белгі болып табылады. Конвенционалды
белгілер: мектептегі қоңырау үні, дабыл, сигнал және т.б. 
вербалды белгілер: сусымалы шындық, табиғи белгілер. 
Таңбалар әлемін зерттейтін ғылым саласы – семиология. 
Семиология терминін Ф.Де Соссюр енгізген. Мәтін ұғымына 
Ю.М.Лотман анықтаманы төмендегідей анықтаған: 

нақты бірбелгілерде бекітілген, көрініс тапқан; 

өз құрамына енбейтіннің барлығына қарсы қойылған; 

құрылымды, өзін құрастырушы элементтер арасында 
қарым-қатынас жүйесі бар. 
Мәтін үш түрлі қызмет атқарады: 
-
креативті қызмет – мәтін өзінің жаратушысы және 
жасаушысы бар; 
-
референтті қызмет – шындыққа сілтейді; 
-
рецептивті 
қызмет 
– 
міндетті 
түрде 
біреуге 
бағытталады. 
Қорытынды жасайтын болсақ, мәдениет ұғымының мәні
туралы ерте дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейін мәдени 
антропологиялық, 
аксиологиялық, 
символистік, 
семиотикалық, діни, психологиялық, шығармашылықтық 
тұрғдан қарастырудың ғылыми тәсілі қалыптасқандығын 
анықтадық. Мәдениеттану пәнінің әлемдік және ұлттық 
мәдениеттің қалыптасуының тарихи шындық тұрғысынан 
түсінік беретін ғылым саласы екендігіне көз жеткіздік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет