2. Мәдениет ұғымы және оның мәні



Pdf көрінісі
бет56/82
Дата15.12.2023
өлшемі2,11 Mb.
#138005
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Дәрістің мақсаты:
 Студенттерге христиандық
мәдениетінің қалыптасу ерекшелігі мен оның әлемдік 
мәдениеттегі орны мен ролін анықтау дағдысын 
қалыптастыру. 
Дәрісті өткізу формасы
: мәселелік 
Терминдер:
схоластика, готика, романдық стиль, 
куртуаздық, 
инквизиция, 
ваганттар, 
трубадурлар, 
университет, символизм. 
 
1.
476 ж. Рим империясы құлады және осы жылдан 
антикалық дәуiр аяқталып, «орта ғасырлар» деген атаумен 
тарихқа ендi, бұл атауды қайта өрлеу гуманистерi берген едi. 
Орта ғасырлар ұғымын көпке дейiн Маркстiк iлiмде «құл 
иеленушiлiк құрылысы ыдырап, капиталистiк қатынастарға 
дейiнгi аралықта феодалдық қарым-қатынас орнаған кезең» 
деп түсiндiрдi. Орта ғасырларды бiз, өте күрделi тарихи-
мәдени жүйе ретiнде қарастырамыз,
«Орта ғасыр» қазiргi мәдениеттану iлiмiнде ғалымдар 
арасында қайшылықты пiкiрлер туындатып отыр.
2.
Арабтардың Пиреней түбегiн, Солтүстiк Африканы 
жаулап алуы, европалық мәдениеттiң қалыптасуына өз 
ықпалын тигiздi. Бұл сыртқы әсер болса, iшкi әсер Рим және 


123 
варварлық тайпалар (кельттер, герман, славьян, т.с.), 
христиан дiнi ықпал еттi.
Орта ғасырдағы мәдениетке екi жақты көзқарас пайда 
болды: қайта өрлеу гуманистерi бұл кезеңді дiннiң ақылға 
үстемдiгi, «қараңғы, түнек жылдар» деп атаса, ХIХ ғасыр
романтизм бағыты өкілдері - ортағасырлар – рыцарлық 
мәдениеттiң гүлдену кезеңi деп көрсеттi. 
Қазiргi ғылымда орта ғасырлар туралы көзқарас: 
1. ерте ортағасырлық кезең, Vғ. – Рим империясы 
территориясында жаңа мемлекеттiң пайда болуы, гот, 
француз, тайпаларының демократиялық басқару жүйесi 
жетiлген мемлекеттердiң құрылуы, егiншiлiк, қолөнер, 
металлургияның дамуы және билеушiлер өздерiн герцог деп 
жариялады, ұлы Карл ағарту iсiн жанғыртуға тырысты. 
Мектептерде риторика, поэзия, диалектика, астрономия т.б. 
оқытылды. 
2. гүлденген ортағасырлық кезең, ХІғ. – феодалдық iрi 
мемлекеттер қалыптасты, қала көркейдi, экономика дамыды. 
Европаның саяси-мәдени өмiрi өзгердi, христиан дiнi I 
ғасырда, Палестинада пайда болып, бүкiл Европаға тарады, 
христиандық шiркеудiң ролi артты.
Рим өркениетiнен мұра болып қалған Романдық стиль Х 
ғасырда, Готикалық стиль XII ғасырда қалыптасты. Театр, 
өнер, музыка, әдебиет, сәулет өнерi, кескiндеме, мүсiн өнерi 
жаңа түрлер пайда болып, француздың «Роланд туралы жыр» 
/ХIIғ./ рыцарлардың ерлiктерiн мадақтап жырлады.
3. 
кейінгі ортағасырлық кезең, ХVІ-ХVІІғ.ғ. – 
феодализмнің ыдырауы ортағасырлық мәдениеттің жаңа 
сатыға 
көтерілуіне 
алғышарттар 
жасады. 
Ұлттық 
мемлекеттердің нығайып, буржуазиялық революциялар, 
ағартушылық идеялар жүзеге аса бастады. 
2. Сакральдық - орта ғасырлар мәдениетінің басты ойлау 
тәсілі және оның иеархайлылығы. 
Әр мәдениетте өзінің тарихи және мәдени тұрғыдан 
қоршаған ортаға деген өзіндік дүниені көру, түсіну картинасы


124 
қалыптасады. Мұнда уақыт пен кеңістік, табиғат, адамдар 
арсындағы қарым-қатынас және т.б. – әлем картинасын 
құрайды. 
Батыс ортағасырлық адамының ойлау тәсілі христиан 
дінімен тығыз байланысты.
Христиан дінінің католиктік бағыты батыс адамының 
дүниетанымының қалыптасуына ықпал етті.
Христиан діні – құтқарушы ролінде адамның өмір бойы
шіркеуде өз күнәсін кешіруді өтінуші тұлғаға айналдырды.
Адам өз күнәсін түсіне отырып, жаратушыға қайта 
оралады. Бұл қайта оралуды басқаратын құдайдың 
таңдауымен Авраам ұрпақтары жүзеге асырып, құдаймен
«келісімге» (завет) келеді, заң, мінез-құлық ережесін алады.
Ескі өсиеттті уағыздаушы пайғамбарлар тізбегі Құдайға
апаратын баспалдаққа (иеархайлылығы) айналады.
Ортағасырлық адамның адамгершілік әрекетін реттеуші
қызметті шіркеу атқарды (сурет 1).
Алайда, шіркеудің адамның санасын рухани
тазартудағы қызметінен гөрі жеке билік, мемлекеттік 
басқаруды өз қолына бағындырған реакциялық қызметі
басым түсті. 
Инквизиция – шіркеу соты бойынша еркін ойлы 
ғалымдар, ағартушылар жазалынып отырды (Коперник, 
Д.Бруно).


125 
Ортағасырлық әлеуметтік – мәдени
құндылықтардың приоритеті
Ғылым
Құқық
Саясат
Өнер
Мораль
Дін
Құдай - әлем кіндігі
Сурет 1 
3.Орта ғасырлық философияда – Схоластика (мектептік 
білім) пайда болды. Бiлiм, өнер, мәдениет дамыды. 1038 
жылы - Болония университетi ашылды /Италия/. Онда рим 
заңы /құқық/ оқытылды. 1167 жылы - Оксфорд, 1209 жылы - 
Кембридж университеттерi ашылды, 1160 жылы - Париж 
университетi ашылды.
Универсиеттерде дін, медицина, құқық, жалпы бiлiм 
беру факультететерi болды. Сабақ латын тiлінде жүргiзiлдi. 
Ғылым дамыды: алхимия, магия. 
Алхимия – (адам өмiрiн ұзарту) химияның қалыптасуына 
ықпал етті. Орта ғасырларда мәдениеттiң басты элементi – 
әдебиет болды. Батырлық эпостар дамыды ағылшындық - 
Боэвульф дастаны ең ұзақ, 700 жолдан тұрды. Рыцарлық 
поэзия дамыды, Куртуаздық (сарайлық) поэзия, Францияда 
трубадур (махаббат жырлары) лирикалық дастандары әдебиет 
жетiстiктерiнiң бiрi болып табылды.
Трубадурлар таза махаббатты, өз сүйiктiсiне жан-тәнiмен 
берiлген рыцар ерлiктерiн жырға қосты. ХII-ХIII ғасырларда 


126 
француз поэзиясының тамаша үлгiсi «ваганттар поэзиясы» 
болды.
Вагант (латынша «кезбелер») католик шiркеуінің
дiнбасыларының озбырлықтарын сынады. ХIII ғасыр
ағылшын әдебиетiнде Робин Гуд туралы балладада ерлік,
халықтың мұңы жырланды. 
Бұл кезеңде қала мәдениетi пайда болып, алаңдарда 
актерлер, акробаттар, аң үйретушiлер, музыканттар, өнер 
көрсеттi.
ХII ғасырда шiркеуден тәуелсiз мектептер ашылды, онда 
Петр Абелярдың қызметi ерекше орын алды. Орта ғасырда 
Византия мәдениетi ерекше орын алды. Христиан дiнi тек 
философия емес, құқық, саяси доктрина, мораль негiзi болып 
табылды (сурет 2).
Византияның рухани негіздері
Христиан діні –
Иисус Христосқа және Құдайға сенім
Інжіл
Теология
Икона
Византиялық
храм
стилі
Биліктік империялық формасы
Заңдарды жүйеге келтіру


127 
Сурет 2 
Шығыс Европа Византияның мол мәдени мұраларын 
арланбай, пайдалана алды. 988 жылы Русь христиан дiнiн 
қабылдады. Шығыс мәдениетi ортағасырлық Батыс Еуропа 
мәдениетiне өзiнiң ықпалын тигiзгендiгiн мойындата алды. 
Ортағасырларда өнер саласында сәулет және мүсiн өнерi 
ерекше дамуды.
«Роман» стилi рим мәдениетiнен мирасқорлық деген 
мағынаны бередi, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет